Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбек етсең ерінбей

23 желтоқсан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Еңбек етсең ерінбей...

- Балалар біздің болашағымыз.
Әр баланың шығармашылық қызығушылығын дамытуға және де жан - жақты жетілуіне жағдай жасау - әрбір ұстаздың міндеті.
«Адам ұстаздан үйреніп, шәкіртпен өседі» - дейді халық даналығы, ал ұстаз сол шәкірттің білім сапасын көтеру үшін, білім берудің сапалық деңгейін көтеруі керек.
Қазіргі уақыттағы баланың білімі жоғары деңгейде болу міндетті, ал сол жоғары деңгейге жету үшін, жас ұстаздар көп еңбек ету керек. Ол еңбек сабақта жаңа технологиялардың элементтерін т. б. тиімді пайдаланудан басталады.

«Ашыққанға балық берме, қармақ бер» деп ұстаз шәкірттеріне білім берумен қатар, олардың білімді өз бетімен ізденуіне ықпал етуі тиіс. Өйткені қазіргі уақытта баланың бәрі бірдей жүйрік, білгір бола бермейді, солардың ішінен жүзден – жүйрігі, мыңнан – тұлпары шығады. Халық ақыны Кенен Әзірбаевтың мынадай бейнелі қанатты сөзі арқылы да жеткізуге болады. «Бір ағашта қанша бұтақ, Біреу – ақ қамшыға сап» дегендей.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында еңбекке көп көңіл бөлгенін айтуға болады. Мақалада берілген 20 тапсырма еліміздегі әлеуметтік жаңғырту процесін тереңдете түсуге арналған. «Кім көп еңбектенсе, сол көп табысқа жетіп, өсіп - өркендейді» делінген. Мәселен Ш. Құдайбердиевтің «Міндеу мен күндеу» деген өлеңінде жастарға былайша ой тастайды. «Ерінбесең еңбекке дәулет дайын, Жаратқан жоқ жатсын деп бір құдайың. Ойласын деп ой берді, көруге – көз, Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын» Ақын жастарға «Өмірдегі бақыт пен байлық еңбекпен келеді, еңбектенсең, талаптансаң ғана ол сенің қолыңа өзі келіп қонады» делінген.

Ақын Абай атамыз айтқандай «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» - деп, ұстаз кезінде алған білімін, бойға дарыған өнерін еңбек етумен үнемі жаңғыртып отыру керек. Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында заман талабына сай қазіргі уақытта ұстаз компьютермен және интерактивті тақтамен жұмыс жасауымен, интернетке шығуымен т. б. жұмыс жасап білімін толықтыруы тиіс.
3 990
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Эссе: Менің қызығушылықтарым
Эссе: Менің қызығушылықтарым
қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы алдымен мұғалімге байланысты
Еңбек бәрін де жеңбек (Отбасындағы еңбек тәрбиесі туралы)
Еңбек бәрін де жеңбек (Отбасындағы еңбек тәрбиесі туралы)
Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Білім саласына еңбегі сіңген Гүлжамила апайдың есімін, өзгелерге таныстыру
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Құрметті ұстаздар! Сіздерді бүгінгі мұғалімдер күні мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ұстаз деген ұлағатты қызметтеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз. Жанұяларыңызды бақытқа бөлеп, шәкірттеріңізді білімнің биік шыңдарына жетелей беріңіздер!
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бакибаева Жансая
Еңбек пен бақыт егіз
Еңбек пен бақыт егіз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №216 орта мектептің еңбек пәні мұғалімі Медеубаева Орманкүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×