Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дарынды балалармен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жүргізу

31 мам 2018, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тамыз кеңесі
Тақырыбы: Дарынды балалармен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жүргізу
Секция: жаратылыстану пәндер бірлестігі

... Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол – аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарлан боз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.” (Н. Ә. Назарбаев)

Жоспар
І. Кіріспе
Дарынды балалар – бақытты ғасыр кепілі
ІІ. Негізгі бөлім
1. Дарынды оқушымен жұмыстың қисындары
2. Дарынды оқушымен жұмысты жүргізу тәжірибемнен
ІІІ. Қорытынды
Тұлғаның жеке дарынын дамытудың маңызы
Мақсаты: Жан жақты білімді іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау барынша қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері:
- Оқушылардың ақыл ой қабілеттерін жетілдіру;
- Шығармашылық жеке дарындылығын арртыру;
- Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, қоршаған ортаға өзін - өзі жарнамалауына көмек көрсету;

І. Кіріспе
Дарынды балалар – бақытты ғасыр кепілі.
Дарындылық – белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс - тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой - пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Мысалы, Әл - Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс - тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай «жетінші қара сөзінде» баланың ақыл - ойы, қабілеттілігі туралы мынадай пікір айтады: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт - жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай - керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл не?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені». Баланың білсем екен, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой - өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын мұғалім - ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары. Шәкәрім Құдайбердиев те «Насихат» атты өлеңінде өмірдің тұтқасы өнер мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым таусылмас кен, оны жас күніңде үйрен деп насихаттайды.

Сондықтан қай уақытта да дарынды тұлғаны дамыту өзекті мәселе болып келеді. Бұл тақырыпты зерттеудегі өзекті мәселе: шығармашыл, даралық қасиеті бар тұлғаны дамыту. Тума және жүре қалыптасатын дарындардың қабілетін ашу. Лидерлік, тұлғалық, даралық қабілеті бар оқушылардың шығармашылық потенциалының кең ашылуына жағдай жасау. «Бұлақтың дер кезінде көзін ашу». Дарынды оқушылармен жұмысты жүйелі ұйымдастыруды жолға қою мақсатында негіздемелер жасау.

Зерттеу нысаны мен орны: Ашутасты ауылы, А. С. Макаренко атындағы орта мектебінің қабілетті және дарынды, шығармашылық жағынан бейімділігіне қарай оқушыларымен жұмыс.
Зерттеудегі мақсат: Дарынды оқушымен жұмыстың тиімді әдіс - тәсілдерін анықтау, әдістемелік бағыт - бағдар дайындау. Дарынды оқушылармен жұмысты насихаттау.

Зерттеу міндеттері: Дарынды оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын ашып көрсету. Теориялық және практикалық жасалған тұжырымдарды іске асыру. Дарынды оқушылармен жұмысты әдістемелік, ұйымдастырушылық, тәжірибелік тұрғыда баяндау.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу тақырыбына байланысты педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысу. Зерттеу мәселесі бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибелі ұстаздардың іс - тәжірибелерін тәжірибеде пайдаланып сынақтан өткізу. Дарындылығы анықталған оқушылармен жұмыс жүргізіп нәтижелеріне талдау жасау, жұмысты саралау, бақылау, диагностикалау, сараптау.

Зерттеу болжамы: егер зерттеу тақырыбына байланысты дарынды оқушылармен жұмыс жүрсе оқушыда еркін, тұлғалық бейне қалыптасады. Ой еркіндігі артып, даралық қабілеті өседі. Оқушы шығармашылық ізденіске түсіп, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады. Қоғамдық жұмысқа белсенділігі артып лидерлік қабілеттері еселенеді. Жауапкершілік жоғарылап оқушының қабілет - қарымы күшейеді. Дарынды оқушының өзі бейім нәрсесіне қарай бет - бейнесі айқындалып тұлғалығы артады.

Баяндаманың ғылыми - практикалық мәні бар. Мұнда дарынды оқушылармен жұмысқа зерттеулер жасалып, іс жүзінде шаралар атқарылып, атқарылған жұмыстар жеткен жетістіктерімен берілді.

Экспериментті жүргізу жолдары іс жүзінде тақырыпқа орай тәжірибеде айтылды.
Тәрбие мазмұнын жаңарту мақсатында оқушыларға дүниежүзілік дамыған педагогикалық – инновациялық жетістіктер мен ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беру аса маңызды. Бұл мәселені жүзеге асыру үшін негізгі мақсаттардың бірі: тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы салауатты өмір салтын сақтайтын, ұлтжанды, қоғам талабына сай, шығармашылық қабілеті мол жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Жылдан жылға тәрбие нәтижелерін көріп отырған тәрбие сапасын бағалай білетін ата - аналар өз балаларын тәрбиелік дәстүрлері мол қалыптасқан мектептерге беруге асығады. «Білікті педагог - білім мен тәрбие кепілі». Тек білікті педагог қана дарынды оқушылардың шығармашылығын дамыта алады. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – тәрбие мен білім алу. Тәрбие арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды тәжірибесін береді. Әсіресе дарындылық қабілеті жоғары оқушылар мұны көбірек қажетсініп, үнемі жаңғырып, ізденіп отырады. Тума дарындар, қабілеттілігі жоғары оқушылар үнемі өз ойын шығармашылығында көрсеткісі келеді. Сондықтан орта білім беру орындарында оқушы дарыны мен шығармашылығын арттыратын үйірмелердің, оқушылар бірлестіктері мен ұйымдарының, клубтарының мол болғаны дұрыс. Оқушыларға сапалы да саналы ұйымдастырылған сыныптан тыс шаралар мен мәдени және көпшілік шаралар игі әсер етеді. Дарынды оқушылармен жұмыста оқушылардың қоғамдық ұйымдарының жұмысын жандандыру көп нәтиже береді.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Дарынды оқушымен жұмыстың қисындары.
Фриман (1998) тексеру парақтары мұғалімдерді шатастырып, дарынды, талантты балаларды анықтау барысында қате бағыт беретіні жайында зерттеулерден мысал келтіреді. Бірақ тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады, олар төменде көрсетілген (Montgomery, 1996; Freeman, 1991):
• есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;
• өз білімін жетілдіру: олар оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады.
• ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жос - пардың жүзеге асуына тез жетеді;
• мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;
• икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, де - генмен олар оқуда және пробламаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;
• күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;
• шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері
бар;
• ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды (Freeman,
1998).
Осы белгілерді анықтау оқу үдерісінің барысында оқушыларды мұқият бақылауға алуды талап етеді және олар жоғарыда айтылған зерттеулердің мысалдарымен тығыз байланысты.

«Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ
А. С. Макаренко атындағы орта мектебі география пәнінің мұғалімі
Байтұрсынов Нұрымжан Бақытжанұлы

Дарынды балалармен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жүргізу. жүктеу
5 375
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері (негіздеме).
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды балалармен жұмыс
“Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы балалардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Сондықтан садигіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан - жақты дамытудың алғы
Дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспары (физика пәні бойынша)
Дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспары (физика пәні бойынша)
Сонымен, дарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/ кездесетін қасиетті айтамыз.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердешова Гүлсім Орынбасарқызы
Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары
Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Алтынсарин орта мектебінің педагог - ұйымдастырушысы Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы
Дарынды және талантты балалардың көшбасшылығын анықтау және бағалау (Коучинг сессия жоспары)
Дарынды және талантты балалардың көшбасшылығын анықтау және бағалау (Коучинг сессия жоспары)
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Архабаева Жұпар Көпбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×