Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік құрылымдық ерекшеліктері. Өмірбаян, өтініш, арыз

21 қыркүйек 2018, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Сабақтың тақырыбы: Жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік құрылымдық ерекшеліктері. Өмірбаян, өтініш, арыз.
Сабақтың мақсаты: білімділік: Оқушыларға ресми ісқағаздар стилі, оның ішінде жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік, құрылымдық ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, өмірбаян мен өтініш, арыз құрылымдары туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру;
дамытушылық: Оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой – өрісін дамыту, жаңа сөздік қорды игерту, ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіру;
тәрбиелік: құжат үлгілерін толтыруда ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу, оқушыларды сыйластыққа, бір – бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Б. Блум жүйесі бойынша, түсіндіру, репродуктивтік, ішінара іздену, проблемалық сұрақтарды шешу
Сабақтың көрнекілігі: құжат үлгілері, үлестірмелі қағаздар
Тех. құрал - жабдық: мультимедиялық проектор
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, ағылшын

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
V. Жаңа сабақты бекіту
VI. Жаңа сабақты қорытындылау
VIІ. Үйге тапсырма беру
VIІІ. Оқушылардың білімін бағалау
I. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Терминдер және сөз мәдениеті тақырыбы.
44 – жаттығу. Тест тапсырмасы
«Не артық?» ойыны
ІҮ. Жаңа сабақ

1. Білу
Жеке адамның өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік
құрылымдық ерекшеліктері
Ісқағаздар, оның түрлері.

2. Түсіну
Мультимедиялық проектордан слайдтар арқылы жаңа материалды түсіндіру.
Жеке адамның өміріне қатысты іс қағаздарының түрлері, оның тілдік құрылымдық ерекшеліктері. Ресми ісқағаздарының негізгі міндеттері
Өмірбаян, оның ерекшелігі, стильдік белгісі, түрлері. (Қ. Жұбановтың саяси - қоғамдық өмірбаяны, М. Әуезовтің автобиографиялық өмірбаяны, жай өмірбаян үлгісі)
Өтініш, жазылу стилі.
– Құжат адресациясы;
– Құжаттың аты;
– Мәтін;
– өтініш жазылған күні, айы, жылы.
– Өтініш иесінің қолы, аты - жөні. (үлгі көрсетіледі)
Арыз, оның түрлері, арыз құрылымы туралы.
Арыз құрылымы:
1) Құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны);
2) Құжат аты;
3) Негізгі мәтін;
4) Қосымша болса оған сілтеме;
5) Жазылу мерзімі;
6) Қолы;
7) арыз мазмұнымен келісушілер қолы.
V. Жаңа сабақты бекіту

3. Қолдану.
Дидактикалық материалдар
117 - тапсырма
а) Үш күн сабақтан босатуын сұрап, мектеп директорына өтініш жазыңдар.
б) Бір мекеме басшысына өзіңді жұмысқа алуын сұрап өтініш жазыңдар.
в) Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қосымша сабақ беруін сұрап, сол пәнді жүргізетін мұғалімге өтініш жазу. Оның себептерін ашып жазыңдар.
Оқулық бойынша тапсырмалар:
1. Мектепішілік ғылыми - практикалық конференциясына қатысуға өтініш жазу.
2. Спорт секциясына, үйірмелерге қатысуға сұралатын өтініш жазу.
3. Өтініш сөзімен түбірлес сөздерді жазыңдар.
Өтініш сөзінің синонимдік қатарын қатарын тауып жазыңдар.

4. Талдау.
І. Оқулықтағы домалақ арыз туралы пікірлерің қандай деген сауалға орай екі арызды оқыта отырып, оқушылардың пікірлерін білу.
1. Бас дәрігер А. Айдынованың үстінен жазылған арыз (« А. Айынованың сүрінуін көксеп жүргендер кімдер?» мақаласы негізге алынады. « Қазақ» газеті, 2010 жылы 10 қазан)
2. 1930 жылы Ақмола өңіріне қарасты( кезінде Социалистік деп аталған) аудан тұрғынының И. Сталин атына жазылған домалақ арызы. («Олақтар социализмді қалай орнатып жатқаны туралы айту» мақаласы негізге алынады. Арыз ҚР Президентінің Мұрағатынан алынған. 719 - қ. 1 - т. 125 іс, 132 – 134 - п. Көшірме. Орыс тілінде. Машинамен басылған. Материалды өңдеп, баспаға дайындаған Сейсенбаева Айнаш, ҚРПМ бас сарапшысы)
ІІ. «Полиглот» ойыны.
VI. Жаңа сабақты қорытындылау
5. Жинақтау«Ашық сабақта»
Тірек сөздер (өмірбаян, саяси - қоғамдық өмірбаян, мәлімет, өтініш, арыз) арқылы қорыту
6. Салыстырмалы қолдану
Саяси - қоғамдық өмірбаяның жай өмірбаяннан айырмашылығы.
Арыз бен өтініштің ерекшелігі.
VIІ. Үйге тапсырма беру
1. Өз өмірбаяныңды жаз.
2. М. Дулатовтың саяси - қоғамдық өмірбаянын жазу.
VIІІ. Оқушылардың білімін бағалау
Өмірбаян - жеке СА өмір жолы хронологиялық тәртіппен жазылған ресми құжат.

Байқоныр қаласы,
Қ. Қ. Тоқмұхамедов атындағы жалпы
білім беретін №14 орта мектеп
Бекпанова Бағила
Жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік құрылымдық ерекшеліктері. Өмірбаян, өтініш, арыз. жүктеу
6 134
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мекеме ұйымдарына қатысты іс - қағаздар
Мекеме ұйымдарына қатысты іс - қағаздар
Іс - қағаздардың түрлері мен тілдік құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту, өзіне тән стильдік, лексикалық ерекшеліктері, қолдану аясы, атқаратын қызметі жөнінде толық мәлімет беру.
Іс қағаздарының құрылымдық – тілдік ерекшеліктері
Іс қағаздарының құрылымдық – тілдік ерекшеліктері
Мекеме, ұйым жұмыстарына қатысты іс қағаздарының түрлері мен тілдік - құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты келісімшарттың, бұйрықтың, хаттаманың, анықтаманың, жарнаманың, хабарландырудың жазылуы болып табылады.
Еңбек қатынастарын құжаттау. Қазақ әдеби тілінің стильдері.
Еңбек қатынастарын құжаттау. Қазақ әдеби тілінің стильдері.
Оқушыларға ресми ісқағаздар стилі мен оның ішінде еңбек қатынастары жөніндегі құжаттар туралы түсінік беру; жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту.
Ресми іс қағаздар стилі
Ресми іс қағаздар стилі
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
Қатынас қағаздар
Қатынас қағаздар
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сағыбаева Айтолқын Жақашқызы
Өмірбаян, өтініш түрлері.
Өмірбаян, өтініш түрлері.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп лицейдің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Утеулиева Сағыныш Мұхитқызы Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмірбаян мен өтініш түрлері туралы түсінік беру. Сабақтың міндеттері: 1)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×