Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » Оқушылар телеарналардан сабақ оқуы мүмкін

Оқушылар телеарналардан сабақ оқуы мүмкін

25 наурыз 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Білім
Оқушылардың көктемгі каникулы 5 сәуірде аяқталады. Одан кейін олар сабақты қалай оқиды? Бұл сұраққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді.
– ЮНЕСКО - ның ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда 107 мемлекетте орта білім беретін мектептер толық жабылған. Бұл – 861 миллион оқушы білім алуын тоқтатты деген сөз. Бұған қоса 12 елдің кейбір қалаларында орта білім беру ошақтары жұмыс істемейді. Осыған байланысты бірқатар мемлекеттің алдында аталған үдеріс салдарын азайту және үздіксіз білім беруді қамтамсыз ету үшін мүмкіндік жасау міндеті тұр. Отандық білім беру жүйесі үшін де қашықтан оқыту форматына көшу – үлкен сынақ, – деді министр өзінің фейсбуктегі ресми парақшасында.
Ведомство басшысы қазіргі таңда білім берудің әр деңгейі үшін түрлі оқыту жүйелері ұсынылып жатқанын жеткізді. Бәріміз бағамдайтындай, соның ішінде ең маңызысы – мектептер жайы. Себебі орта білім беру жүйесі кәсіптік - техникалық немесе жоғары білім беру саласындай емес, күрделірек. Яғни орта білім ошақтары ғана емес, қазір үйде жұмыс істеп отырған мұғалімдер түгел интернетке қолжетімді емес. Оның үстіне ата - аналар да балаларын тегіс техникамен қамтамасыз етіп отыр дей алмаймыз.
Осы аталған мәселені шешу мақсатында министрлікте арнайы жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына қашықтан білім беру саласында жұмыс істейтін «Bilimland», «Daryn. online», «Күнделік», «Univer», «Platonus», «EduPage», БИЛ, «BTS education», «U - study» и «AGS» сынды ұйымдардың өкілдері және педагогтер, әдіскерлер, мектеп директорлары, директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және ЖОО проректорлары енді. Аталған топ тапсырмалар беруді, олардың орындалуын тексеруді, бағалауды және кері байланысты, сондай - ақ қажет болған жағдайда педагогтердің өз сыныбымен онлайн - талқылау, бағалау бойынша немесе бейне - стриминг сервистерін пайдалана алуын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер енгізу міндетін қолға алған.
Ал интернетке, құрылғыға қолжетімділігі жоқ оқушыларды оқыту мәселесін министр спутниктік телеарналар арқылы шешу жұмыстарының әзірленіп жатқанын жазды.
– Телеарналар арқылы сабақ өткізуге дайындалып жатырмыз. Онда бейне - сабақтар сабақ кестесіне сай көрсетіледі. Бұл тетік – әсіресе интернет қуаты әлсіз және қажетті құрал - жабдықтарға қатысты қиындықтары бар ауылдық білім беру ұйымдары үшін өзекті.
Біз үшін барлық сабақ орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша, сабақ кестесіне сай, цифрлық білім беру ресурстары бойынша әдістемелік қолдаумен және мультимедиалық материалдармен қамтамасыз етіліп, ұстаздар үшін алдын ала әзірленген жоспар бойынша жүргізілгені маңызды. Бастысы, балалардың білім алуы сапаға әсер етпеуі қажет, – деді А. Аймағамбетов.
155
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Әлеуметтік жобалар: идеядан жүзеге асыруға дейін
Әлеуметтік жобалар: идеядан жүзеге асыруға дейін
Жуырда Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектепте 8 сынып оқушыларының әлеуметтік жобалар конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға 22 оқушыдан құрылған 8 топ пен 8 супервайзер қатысты, - деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Настоящий Закон определяет статус педагога, устанавливает права, социальные гарантии и ограничения, обязанности и ответственность педагога.
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
Үкіметтің кезекті отырысында Білім және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Президент Қ. Тоқаев бүгінде қолданысқа енген қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиінің кемшіліктері бар екенін айтып, тиісті мекемелерге оны қайта қарауды тапсырды.
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
Вышел приказ министра образования и науки, отменяющий ряд школьных экзаменов. Некоторые испытания, ранее сдававшиеся в устной форме, станут письменными.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Пікірлер (0)