Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елін қорғау - ерге серт

15 сәуір 2024, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: Елін қорғау - ерге серт
Мақсаты: Білімділік: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру:
Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өлеңді мәнерлеп оқу мәнерін, өнерлерін көрсете білуге, сахнада өздерін көрсете білу арқылы эстетикалық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды туған елін, жерін Отанын, тілін, мәдениетін құрметтеп, тарихты терең бағалай отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты
Көрнекіліктер: «7 мамыр Отан қорғаушылар күні», слайд шоу, гүлдер, шарлар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Қазақстан Республикасының гимні орындалады.
I Жүргізуші: Армысыздар қымбатты ұстаздар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып келген, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймыз.

II Жүргізуші: Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,
Ғажайып келешектің төккен гүлін.
Ардақты әкелерге, ағаларға, ұлдарымызға шын көңілден,
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін 3 - ші «в» сынып оқушыларының «Елін қорғау - ерге серт» атты мерекелік ашық тәрбие сағатын тамашалаңыздар.

І Жүргізуші: Отан қорғаушы күні – 2024 жылы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне 32жыл толады. Бұл күн – қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды.

II Жүргізуші: Қазақстан – кең байтақ, 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекен етіп жатқан мемлекет. Еліміздің әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулықтың берік туын желбіретіп, сүйікті байтақ даламызға деген махаббатын ісімен дәлелдесе, оны неге отансүйгіштік демеске. Тіпті, Елбасымыз өзінің «Тарих толқынында» деп аталатын кітабында «Ұлттық бірліксіз патриотизм жансыз» деген ойды айтқан. Жалпы, жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден - бір жолы – жастайынан патриоттық сезімін дамыту. Адам бойындағы бұл байлық бір зерттеушілердің ойынша туа біт¬кен қасиетке жатпайды екен, ол әлеуметтік, тарихи сатыларда қалыптасқан, сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден ғана көрінеді.
- Кәне, кім Отан туралы не біледі? Ортаға шығып айтуға болады.(Отан туралы әдеби монтаж)

І Жүргізуші: Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін,
Әнге толсын, күйге толсын кештерің, Дәулеткерейдің күйі «Қосалқа». Орындайтын Дүйсенбайқызы Сабина

II Жүргізуші: Ел - халқына шат - шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан - теңіз. Әскеріміздің айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Ұлдарымызға амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын! Арайланып ақ таң шын Ашық болсын! Мейрамдарың бүгінгі Құтты болсын ұлдар!
«Сарбаздар» әні. Орындайтындар: Тасқынбай Нұрилла және ұлдар тобы. Көрініс: «Әскерге шақыру». Шалғай ауылда өмір сүріп жатқан отбасы. Ержетіп қалған Азаматты әскерге шақыру қағазы келді. Пошта қызметкері Мұса үйге кіріп келеді.
Мұса: -«Ассалаумағалеикум».
Касым атай: (Асет) -«Уағаликум салам» балам, төрге шық. Қандай шаруамен жүрсін.
Муса:( - Ақсақал, Азаматқа әскерге шақыру қағазын әкелдім дейді.
Дария әжей: (Сабина) - Жалғыз баламды әскерге қалай жіберемін. Қазір неше түрлі жағдайлар болып жатыр. Біздің күніміз не болады? Жоқ, мен жібере алмаймын.
Касым атай: (Асет) - Жібере алмаймының не? Азаматтық борышы, өз пікірін тындайық.

Атырау қаласы,
Жалпы білім беретін №37 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі:
Рысқалиева Сабила Мұратқалиқызы

Елін қорғау - ерге серт. жүктеу
20 556
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!
Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Ұранды ердің - ұрпағы қайсар
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Ұранды ердің - ұрпағы қайсар
Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Жас ұландар - мақтанышы елімнің!
Жас ұландар - мақтанышы елімнің!
Оқушыларға сарбаздар, Отан қорғаушылар жайында әңгімелеп беру. Дүниетанымдарын кеңейту. Ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыстануға баулу
Әскер әліміз, армия абыройымыз
Әскер әліміз, армия абыройымыз
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін Ғажайып келешектің төккен үнін Ардақты ағаларға шын көңілден Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×