Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » Ашық есік күні: жасампаздық пен ілгерілеу кезеңі

Ашық есік күні: жасампаздық пен ілгерілеу кезеңі

29 қаңтар 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Білім
Ашық есік күні: жасампаздық пен ілгерілеу кезеңі
Назарбаев Зияткерлік мектебі десе қолына кітап ұстаған, көзіне көзілдірік таққан жеткіншектер бірден ойға келетіні анық. Шынында «Осылар кітаптан басқа затты қолына ұстайды ма?» деген сауал көптің көңіліне күдік ұялататыны тағы бар. Зияткерлік мектептің оқушылары  «оқымысты» деген лақап атты да сырттай алып үлгерген. 
Жауабы жұмбақ құпияның бүгін сыры ашылды. 
Шымкент қаласы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен  «Көрме орталығында» жәрмеңке өтті. Ауқымды шара аясында  зияткер оқушылар бас алмай кітап оқып қана қоймай, ғылыми жобалар жасайтынын, өнерде де икемді, үйірме жұмыстарын да жетік меңгергенін көпшілікке паш етті. Сондай-ақ, ұлттық ойын (қазақша күрес, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, асық ату) түрлері бойынша шеберлік сағаттар ұйымдастырылды.  
Жәрмеңкеге бас-аяғы 500-ден астам оқушы мен мұғалім, ата-ана қатысты. 
Келушілердің назарына Робототехника, Ақпарат, Цифрлы аймақ, STEAM, Қазақстандағы жасыл аймақ, Құрылыс және архитектура, Шектеусіз шығармашылық, Тәрбие жұмысы секциялары бойынша 140-тан астам ғылыми-шығармашылық жобалары ұсынды. Ауқымды шарада жоба авторлары  өз жұмыстарын таныстырып, өзінен кейінгі замандастарын мектепке оқуға шақырды. 
Сонымен қатар, мектеп мұғалімдері 7-сыныпқа оқуға түсуге, конкурсқа қатысуға, оқу бағдарламасымен танысуға қатысты сауалдарға жауап береді. Айта кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектептері қаңтардың 31-не дейін құжат қабылдайды.
690
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Настоящий Закон определяет статус педагога, устанавливает права, социальные гарантии и ограничения, обязанности и ответственность педагога.
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
Үкіметтің кезекті отырысында Білім және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Президент Қ. Тоқаев бүгінде қолданысқа енген қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиінің кемшіліктері бар екенін айтып, тиісті мекемелерге оны қайта қарауды тапсырды.
Критериалды бағалау жүйесі қалады, бірақ өзгереді
Критериалды бағалау жүйесі қалады, бірақ өзгереді
Мұғалімдер критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы дұрыс екенін түсінеді және ол дамыған елдердің бағалау жүйесінің талаптарымен салыстырылатын бағалаудың жаңа стандарттары мен механизмдерін қамтамасыз етті.
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
Вышел приказ министра образования и науки, отменяющий ряд школьных экзаменов. Некоторые испытания, ранее сдававшиеся в устной форме, станут письменными.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Пікірлер (0)