Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, құтты әліппем!

04 мам 2014, Жексенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Қош бол, құтты әліппем!
Ертеңгіліктің жүру барысы.
Кіріспе: Құрметті ата - аналар, ұстаздар және шәкірттер. Сіздер бүгінгі «Қош бол, құтты әліппем» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Бүгін ата - ана, ұстаз, шәкірттерімізде үлкен қуаныш, өйткені балғын балаларымыздың білім шыңына алғаш сара жол салатын «Әліппені» оқып, бітіргелі отыр. Бүгінгі ертеңгілігіміздің кеше ғана осыдан 4 - ай бұрын мектеп табалдырығын имене аттаған бүлдіршіндеріміз не бітірді, не үйренді, не білді, міне осыны көрсету.
Олай болса ортаға шәкірттерімізді шақырайық. Таныстыру.
1. Мәулен біздің сабырлы
Сабақты үздік оқиды.
Айтқанда лезде тым шапшаң
Орындайды тоқиды.
2. Мағжан біздің ынталы
Жігерлі бала болады.
Озат бала үнемі
Әнде айтып береді.
3. Жарбол деген ынталы
Мінезі тұйық болса да.
Сабақты үздік оқиды.
Түсініп алып зер сала.
4. Әріпте бар Р - деген діріл дыбыс
Мұның бәрін білген дұрыс.
Есімі Р - әрпінен басталатын
Рауанға алла жар бол, қонар ырыс.
5. Ақерке – біздің зеректі
Мәнерлеп оқыр өлеңді.
Суреттеп көп деректі
Әңгімелеуге шеберді.
6. Рүстем - жайлы, сабырлы
Үндемей бәрін жеңеді.
Сөз таласпай, ешкіммен
Орындалар кейде дегені
7. Ата - анасының еркесі
Ұқыпты, таза жүреді.
Қуаныш біздің ортада
Кенжеміз боп жүреді.
8. Дастан - біздің үлгілі
Сүйеді оқуды, өнерді.
Достарымен жүреді
Тәртіппен бола біледі.
9. Алғырлық ынта болса да
Ерболсын біздің ортада.
Бой бермей әлі келеді
Жалқаулық басым болса да.
10. Қай жерде болсын Нұрбек
Жақсыға жақын жүреді.
Жанашыр, үздік сыныпта
Бәрінде сыйлай біледі.
11. Ортамызға шығады
Ынталы қыз Айдай.
Мектепте үздік оқушы
Жолы болсын әркез – ай.
12. Ерекше қыз Нұрбану
Айтқанды тез ұғатын.
Тапсырманы барынша
Орындап алға шығатын.
13. Әсел - біздің әдемі
Жайдарлы оның мінезі.
Қамқоршы боп анаға
Ақылды болмақ өзі.
14. Жайдарлы ашық қабағы,
Аружан біздің саналы.
Сабақты үздік оқиды,
Қуантады талабы.
15. Әдемі қыз томпиған
Сыныбы үшін жан қиған.
Жансая озат үлгілі
Алайық одан үлгіні.
ІІ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны.
Жеміске құты тола ма
Бір - бірлеп теріп алмасаң?
Әп - сәтте шыға қояма!
Еккен дәнін ойласаң.
Білімде сондай қарағам,
Біртіндеп сіңер бойыңа
Ұғып ал білім боларын
Шам шырағың жолында
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзің көріп пе ең?
Том - том қалың кітаптың
Басы болар - «Әліппең».
- деп ақын Мұзафар ағамыз жырлағандай бұл білімнің, ғылымның, омар асуларының алғашқы сара жолы ғана.
Ақерке: А - ны айтқанда дауысымыз дірілдейді
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп
Сөз оқимын, айырып буынды енді.
Мұғалім: Ендеше, балалар, сүйікті әліппемізге, бүгінгі қонақтарымызға оқу сауатымызды көрсетейік.
1. Мәулен 5. Айдай
2. Нұрбану 6. Аружан
3. Мағжан 7. Жарбол
4. Нұрбек
Мұғалім: Оқушылар, біз көп еңбек еттік. Қырық екі әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, санауды, жазуды үйрендік. Әліппемен қоштасу тек біздің мектепте ғана емес, бүгін еліміздің мыңдаған балалары «Әліппе» кітабын бітіргендерін мерекелеуде.
Айдай 1. Білім деген бар жүгім
«Беске» толды қоржыным.
Осылай мен өткіздім
Он жылымның 4 айын.
Алфавит сыры:
Алфавиттің
Мәулен: А тұрады басында
Әрқашан да
Әсел: Ә тұрады қасында
Байқадың ба?
Аружан: Б тұрады үшінші
Ақерке: Ал осының сыры неде? Түсінші?
Мәулен: А деген ол - аналар ғой ардақты
Әсел: Ә деген ол - әкелер ғой салмақты
Аружан: Б деген ол - балалар ғой әдемі
Хор: Біздің елде үшеуі де кәделі.
Ақерке: Алшақ кетпей
Сондықтан расында,
Тұрады олар
Алфавиттің басында
Мұғалім: Әріптер тойында
Әркім құмар ойынға
Құрметті, Әліппе!
Байқайсыз ба! Бүгін А - дан Я - ға дейінгі әріптердің салтанатты шеруін қабыл алыңыздар!
«А» Алма, алмұрт егеміз
Мәулен: Айға сапар шегеміз.
Алақай - ау, алақай
«А» Дыбысын білеміз
«Ә» Әжем, әкем әніміз
Әсел: Әрқашанда сәніміз
Енді білдік әдемі
Ә - әрпінің мәнін біз
«Б» Бостан босқа ойнама
Аружан: Бидай толтыр қоймаңа
Бақа, бала, ботақан
Тағы сөз тап ойлана.
«Т» Тайға мініп шабамыз
Дастан Тау мен тасты табамыз
Тарақ, тауық, тайлақтан
Т - дыбысын табамыз.
«П» Бала отыр партада
Ақерке: Оқы үйрен шаршама
П - дыбысы дауыссыз
Мәлім болды баршаңа.
«Ы» Ыдыстарды жуамыз
Жансая: Жалқаулықты қуамыз.
Өте жақсы оқуға
Белімізді буамыз.
«Н» Нан – әлемнің азығы
Нұрбек: Дастарқанның қазығы.
Нар - түйенің асылы
Өрісі ел жазығы.
«Р» Ризамыз оқуға
Рауан: Ретімен тоқуға.
Р - ды айту қиын - ақ
Кейбіреулер қорқуда.
«Ш» Шеңбер жасап тұрайық
Айдай: Басымызды бұрайық.
Ш дыбысын білеміз
Сөзден сөйлем құрайық.
«О» Он саусағым ойнасын
Рүстем: Бояп - бояп қоймасын.
Отан, орман сөздерімен
О әрпімен ойлайсың.
«Қ» Қауын қарбыз жинаймыз,
Қуаныш: Қағазды бос қимаймыз.
Қ дыбысын қиып ап
Қонақтарға сыйлаймыз.
«І» Іл - іл ілмешек,
Жарбол: Ірі шарды үрлесек.
Ренжиді інілер
І дыбысын білмесек.
«Г» Гүлдер, гүлдер, көк гүлдер
Нұрбану: Өте берсін күндер.
Г дыбысын үйреніп
Гүлге қарап өсіңдер.
«К» Күндей күліп өсеміз
Мағжан: Көңілді кең көшеміз.
К дыбысы көп екен
Кітабымды көрсеңіз.
«Я» Даурықпаңдар әріптер
Ерболсын: Я - ны жұрт дәріптер.
Мен я - мын соңғы әріп
Менен әрі барып көр.
Мұғалім: Шынында балалар я - дан әрі бара алмаймыз.
Неге?
Себебі: я соңғы әріп екен.
1. Әсел Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.
Оқушылар сендер тек әріптермен танысып қоя қоймай, қызықты ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, тыйым сөздер үйрендіңдер.
Кәне, ата - аналар жұмбақ жасырайық.
Ойын жұмбақ, мақал немесе жаңылтпаш айту.
Мәулен: Балалар, Әліппе бізге талай ертегілер оқытты, соны көрсетсек қалай болады?
Ертегі: Байлық пен ақыл
Көрініс: Бауырсақ ертегісі. Автор - Ерболсын, кемпір - Жансая, шал - Нұрбек, бауырсақ - Ақерке, қасқыр - Рауан, қоян - Жарбол, аю - Дастан, түлкі - Мағжан.
Тақтаға сөздер жазу.
Әліппе сөзі: Я балалар сендер әріптерді жақсы меңгерген екенсіңдер, ал есеп сабағы қалай екен?
Санамақ
Бір дегенім - бесік,
Шықтың содан өсіп.
Екі дегенім - елім,
Далам, тауым, көгім.
Үш дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім - бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Би: Әке толғауы: Әсел
Ойын:
1. Онның құрамы Дастан, Мағжан
2. 9 - дың құрамы: Рүстем, Жарбол
3. 8 - дің құрамы: Ақерке, Жарбол
4. Тура, кері сана
5. 5 - тің көршілері
6. Кесінді дегеніміз не, түзу дегеніміз не? Сәуле дегеніміз не?
Ән: Есеп сабағы: Аружан
Балалар сендер аз уақыт ішінде көп нәрсе үйрендіңдер, осының бәрін кім үйреті?
Әліппе, ата - ана, ұстаз
1. Жансая Дүниенің жарық күні - анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз.
Алдыменен тыңдаңыздар ағайын
Аналарға арнап ән саламыз.
Ән: Ана» Әсел, Жансая, Аружан
2. Мәулен Нағыз әке, ақылшы дос асқақ жан
Барлық ұрпақ әкелерден жасалған.
Ал, әкелер өздеріне арналмақ
Біз айтатын келесі бір асқақ ән.
Ән: «Елтаңбасы елімнің» Жарбол, Мағжан, Дастан, Мәулен, Ерболсын, Нұрбек.
3. Мағжан Әліппе даңғылы жол ашты
Жанадан пәндер жалғасты.
«Әліппе»сырын ұқтырған
Хормен: Рахмет ұстаз алғашқы.
Ән: Мұғалім – ол біздің: Ақерке, Рүстем, Нұрбану, Айдай, Қуаныш, Рауан
Мұғалім: Міне, балалар осыншама білім беріп, тақылдатып сөйлеткен әліппемен қоштасатын уақыт болды.
1. Нұрбек Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға кітап аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты болып шықты балаңыз.
Әліппе Мәулен білім, тәрбие
Әліппе: Рахмет, балалар, мен сендерге риза болдым. Алда да осындай табыстарға жете беріңдер. Сау тұрыңдар!
Қош бол, құтты әліппем!(Әліппе кетеді)
Мұғалім: Балалар біз оқуды әрі қарай жалғастырамыз. Ол үшін жаңа пәндер көмекке келеді. Кәнеки, қарсы алайық!
Армысың Ана тілі!
Ана тілі. Балалар мені оқысаңдар сендерге мен көптеген қызықты әңгімелер, өлең - жырлар, тақпақтар, ертегілер үйретемін.
Оқушылар: Оқимыз, ана тілі, оқимыз.
Ана тілі: Туған елдің тілімін
Ақылы мол данамын
Түсіндірер бәрін
Ана тілі - пәнімін
Ана тілі - ұраным
Ана тілі болмаса
Мықты болмас тұрағың
Ана тілім - елдігім
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кемдігім
Қазақ тілі: Ал балалар мені оқысаңдар. Мен сендерді сауатты әдемі жазуға үйретемін.
Оқушылар: Оқимыз, қазақ тілі, оқимыз
Қазақ тілі өз тілім - анам тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашаққа байлаған дана тілім
Мен қазақ тілімін халықтың
Біз енді біргеміз жолында білімнің
Жақсы рахмет. Ана тілі, қазақ тілі төрден орын алыңыздар
Ән: Ән сабағы Әсел, Ақерке
Құрметті ата - аналар енді балаларыңыз өз бетінше оқи алады. Сондықтан да ертеңшілімізге кітапханашы Маржан апай келіп отыр. Сөз берсек.
Абай атамыз қандай өсиет қалдырды?
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Ыбырай атамыз қандай өсиет қалдырды?
Кел, балалар, оқылық.
Мұғалім: Балалар сендерге Әліппені жақсы меңгеруге, сауатты оқуларыңа ата - аналарымыз үлкен үлес қосты. Кәне бәріміз ата - аналарымызға рақмет айтайық.
Ата - анаға рақмет!
Енді шәкірттерімізге жылы лебіздеріңізді, тілектеріңізді білдіріңіздер.
(Үлкен ата - анадан бата сұрау)
1. Марат ағай
Жүздеріңнен көрем шаттық арайым
Болсын солай, әрбір күнің әр айың
Тойларыңыз құтты болсын ата - ана
Тойларыңыз құтты болсын ағайын.
- дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз
Хор: Менің Отаным
2 914
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әліппемен қоштасу кеші
Әліппемен қоштасу кеші
Оқушылардың өнерін тамашалау, еркін сөйлеуін, есте сақтау қабілетін дамыту, ата – анамен байланысты нығайту. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата – аналарын құрметтеп, эстетикалық талғамдарын кеңейтіп, оқу, білім алуға тәрбиелеу;
Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппем!
Тақырыбы: Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатының, әліппенің кең дүниеге есік ашатының сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру; сүйікті оқулықтары - Әліппемен қоштасу кешінде оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Новомарковка ауылы бастауыш сынып мұғалімі Қайырбекқызы Динара
Қош бол, құтты Әліппем!
Қош бол, құтты Әліппем!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салтенова Нұргүл Сақтағанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×