Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салауатты тамақтану

03 қараша 2015, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
ОҚО, Шымкент қаласы,
Көзі нашар көретін Үміт мектеп-интернатында тәрбиеші
Алимбекова Қарлығаш Каримбековна

Тақырыбы: «Салауатты тамақтану»
Мақсаты:
Білімділік – оқушыларға дұрыс тамақтану мәдениеті мен тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор екенін түсіндіру.
Дамытушылық - тамақтануды дұрыс ұйымдастыру мен тамақтану гигиенасы жайында білімдерін арттыру.
Тәрбиелік – салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Салауатты тамақтану - халық денсаулығын, балалардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін, физикалық және ақыл – ойдың дұрыс дамуын, жұмысқа қабілеттілікті нығайтатын, алиментарлық аурулардың алдын алу, әлеуметтік – экономикалық дамуды, ұлттық қауіпсіздігін анықтайтын бірден - бір және басты факторлары болып табылады.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (белок, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлементтер);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.

Біздің ағзамызға тағаммен бірге көп мөлшерде мынадай заттектер түсіп отыру қажет: белок, май, көмірсу, дәрумендер, микроэлементтер, минералды заттектер. Ол өз кезегінде ағзамыздағы тіндер мен жасушалардың үнемі жаңарып, дамуын қамтамасыз етеді және де энергия көзі болып табылады. Адамның тұтынатын тамағы, яғни ішетін асы оның жұмсайтын энергиясымен сәйкесу керек.
Дұрыс тамақтанудың негізгі ұсыныстары
1. Бір ғана азық - түлік ағзаның қажеттілігін өтей алмайды, сондықтан да тағамның әртүрлілігі өте маңызды. Тамақ әр түрлі болуы үшін азық - түліктің түрін көбейтіп қана қоймай, сондай - ақ олардан түрліше тағамдар дайындау қажет;
2. Бір рет қабылдаған ас мөлшері 300 - 500 гр жеткілікті, ал бір күндік тағамның калориясы 1600 - 1800 ккал - ны құрауы керек ( ал ауыр жұмыс істейтіндер үшін 2400 - 2800 ккал);
3. Міндетті түрде тағам рационынан тез дайындалатын тағамдарды (фаст - фуд), қойытылған сүт (сгущенка), қант, шұжық, және т. б әртүрлі қытырлақтарды алып тастау керек;
4. Көкөністер мен жемістерді тәулігіне бірнеше рет тұтыну керек (400 гр - нан көп). Көкөністер мен жемістер – антиоксиданттардың, фолий қышқылының, темір, дәрумен және минералды заттектердің көзі және де жоғарғы қан қысымының, атеросклероз және т. б жүрек - қан тамыр ауруларының даму қауіпін төмендетеді;
5. Орта есеппен күнделікті 1, 5 - 2 литр таза, фильтрлеген, газдалмаған су ішу ұсынылады. Судың жеткіліксіздігінен қан тамырларында өзгерістер болады, олар тарылады да артериялық қысымның жоғарылауына әкеледі. Ал егер су жеткілікті мөлшерде түссе, онда қан тамырлары кеңейіп, қысым орнына келеді және де ағзаны жасартады. Суды қабылдау арқылы, ми қызметінің, ақыл - ой мен есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер етеді. Сондықтан, судың тапшылығы бас миының белсенділігін төмендетеді.
6. Майлылығы аз сүт өнімдерін күнделікті қолдану керек (кефир, ірімшік, сүзбе, йогурт және т. б). Сүт өнімдері сүйектер мен тістерді нығайту үшін кальцийдің негізгі көзі болып табылады;
7. Майлы еттерді майсыз еттерге алмастыру. Балықты аптасына 2 рет қолдану керек. Балық құрамында жүрек - қан тамыр жүйесіне пайдалы қанықпаған май қышқылдары және дәрумендер бар. Сондай - ақ белоктың көзі ретінде ас бұршақтарын қолдану;
8. Нан, консервіленген және басқа да азық - түліктер құрамындағы тұзды қоса есептегенде тәулігіне тұздың мөлшері 6 гр-нан аспауы керек. Консервілер, тұзды, тұзға кептірілген азық - түліктерді күн сайын қолдануға болмайды. Тағамдарды аз тұздау керек және йодталған тұзды қолдану қажет;

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 809
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ас – адамның арқауы
Ас – адамның арқауы
Мақсаты: 1. Адамның өміріндегі астың маңызды рөлін түсіндіру, дұрыс тамақтану Тамақтанудың денсаулық үшін пайдасын түсіндіру.
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Қарағанды қаласы, №68 МИББ кешенінің физика пәні мұғалімі Біләл Дина Төлеуханқызы
Денсаулық
Денсаулық
Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, «Бауман орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Хаджиева Ж. Қ.
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бектұрғанова Бақытгүл Қабделқызы
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурсагиева Акбота Байдилдаевна
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш калсс мұғалімі Сембі Кенжегүл Бақытқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×