Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызықты грамматика (оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған)

24 ақпан 2018, Сенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Үлгерімі нашар оқушыларға арналған грамматикалық тапсырмалар.
«Қызықты грамматика»
(оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған)
3 сынып
ТҮСІНІК ХАТ
«Қызықты грамматика» таңдау курсының бағдарламасы - оқу қабілеті төмен балалар үшін түзету жұмыстарына арналып жазылған. Бағдарлама құру барысында даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ерекшеліктерін (танымдық, психикалық және тұлғалық) ескере отырып құрылды. Сонымен бірге оқушылар «Қазақ тілінен» алған білімдерін жетілдіре түседі. Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіруге бағытталады.
Қоғамның қазіргі кезеңінен туындап отырған сұранысқа орай анықталған мақсаттар мен міндеттер таңдау курсының «Қызықты грамматика» бағдарламасында басшылыққа алынды. Бағдарламаның қысқаша курсында грамматикада тіл құрылысын үйрету, екпін, көмекші сөздер, сөздердің орнын дұрыс қолдануға машықтандыру жұмыстарын орындау міндеттелген. Аталған жұмыстарды орындау барысында тиісті нәтижелерге жету үшін оқытудың бірнеше формалары ( жеке, жұптық, топтық) мен тиімді әдіс - тәсілдері (дидактикалық ойын, көрнекілік, сөйлеу, түсіндіру, сюжеттік - рөлдік ойын, иллюстративтік) ұсынылады.

Өзектілігі:
- оқушылар қоршаған ортаны тануы;
- естігенін жадына бекітуге, көре білуге үйренуі;
- оқушының оқу мен жазу дағдыларын жетілдіру, пікірі мен өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға тәрбиелеу.

Мақсаты: оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету тапсырмаларын орындату, оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, ой - өрісін жетілдіріп, олардың жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Бағдарламада ұсынылған түзету жұмыстарына арналған тапсырмалар оқушылардың сана - сезімін тәрбиелеп, оның білімге деген құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталады.

Міндеттері:
- оқушының танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру;
- сөйлеу туралы түсініктерін кеңейте отырып, өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету;
- грамматикалық білім, білік дағдыларын игерту, көркем, сауатты жазуын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:
- Ауызша және жазбаша тілін дамытып, ой - өрісін жетілдіру;
- Сауатты, көркем жазуын қалыптастыру;
- Өз ана тілінің қыр - сырын меңгерту, ақыл - ойы, сөйлеу дағдысын дамыту.

Бағдарламаның қысқаша курсында грамматикада тіл құрылысын үйрету, екпін, көмекші сөздер, сөздердің орнын дұрыс қолдануға машықтандыру жұмыстарын орындау міндеттелген. Аталған жұмыстарды орындау барысында тиісті нәтижелерге жету үшін оқытудың бірнеше формалары ( жеке, жұптық, топтық) мен тиімді әдіс - тәсілдері (дидактикалық ойын, көрнекілік, сөйлеу, түсіндіру, сюжеттік - рөлдік ойын, иллюстративтік) ұсынылады.
Ұсынылып отырған таңдау курсының бағдарламасы 3 - сыныпқа лайықталып жасалғын. Аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат.

БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

I бөлім. Дыбыс пен әріп - 3 сағат.
Орфографиялық дағдылар қалыптастыру, пунктуациялық ережелерді практикалық тұрғыда меңгерту. Көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

II бөлім. Сөз таптары - 3 сағат.
Ауызша және жазбаша сауаттылықтарын қалыптастыру, заттың түр - түсі, сипатын, санын, қимыл іс - әрекетін білдіретін сөздерді сауатты түрде практикада қолдана білу. Сауатты жаза білу.

III бөлім. Дауысты, дауыссыз дыбыстар - 8 сағат.
Дыбыстардың түрлерін айыра білу. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды сөздерге дұрыс қолдану, дыбыс әріптерін сауатты түрде практикада қолдану. Дауыссыз дыбыс түрлерін ажырата отырып, әріп таңбаларын сауатты қолдану.

IV бөлім. Сөз. Сөз құрамы – 8 сағат.
Сөз және оның құрамын түсіну, түбір мен қосымшаларды ажырату, жазылуындағы ерекшеліктерін ескере білу. Сауатты, көркем жазу машықтарын дамыту.

V бөлім. Тіл дамыту - 12 сағат.
Өз ойларын еркін айта алатын тұлғаны қалыптастыру. Ойларын еркін дәлелді түрде ауызша және жазбаша да сауатты түрде жеткізе білуін жетілдіру. Тілдік жаттығулар, түсініктілік дидактикалық ойындар қолдану арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.

№36 жалпы білім беретін орта мектеп
Құрастырған: Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы,
бастауыш сынып мұғалімі.

Қызықты грамматика (оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған). жүктеу
3 404
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкасы
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкасы
Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгерту.
Қызықты математика курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Қызықты математика курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
6 - 7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі - дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.
«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.
Оқушылардың қызықты грамматика үйірмесінде сатылай кешенді талдауының ғылыми мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрлысын сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу.
Қызықты грамматика
Қызықты грамматика
Қазақ тілінде оқытылатын орта мектептердің 3 - сыныбына арналған факультативтік курсқа жылдық жоспар мен сабақ жоспарлары
Қызықты грамматика
Қызықты грамматика
Катонқарағай аудандық оқу бөлімі КММ «Үлкен Нарын ауылдық лицейі» Автор: Касанова С. К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×