Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектеп өміріндегі ұлттық дәстүр

02 ақпан 2020, Жексенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Мектеп өміріндегі ұлттық дәстүр
Жаңа дәуір жаңа талапқа байланысты заман талабы да өзгеріп, жаңарып отырады. Осы орайда қалыптасқан, дәстүрге сіңген құбылыстар мен жаңа заман ілегіне сай өзгерістерді адамзат баласы да бастан кешірері ақиқат. Дәстүр мен жаңашылдық деген екеуі екі бөлек дүние емес, қайта өне бойы бірегей байқалатын құбылыс, бірінен бірі туып өнетін диалектикалық бірлікпен танитын категория.

Дәстүр мен жаңалықты адам өміріне байланыстыра келгенде оның әрқилы мәселелерді қамтитыны анықталған. Мәселен, оның формасы дәстүр мен жаңалықты уақыт өлшеміне қарай ғана ажыратуға болады, өйткені, бір енген жаңалық, мейлі форма жағынан болсын, мейлі мағына жағынан болсын уақыт өткен сайын, дәстүрге айналып кетуі де мүмкін. Сонымен, дәстүр, жаңалық көбіне бірін - бірі толықтырып, бірінің бірі жалғасы болып отырмақ.

Алайда, дәстүр деген ұғым мазмұн, формамен пара - пар емес. Мысалы, «Ұлттық дәстүр» мен «Ұлттық форма» бір дүние емес, бір - бірінің синонимі болып табылмайды. Формаға қарағанда дәстүр кеңірек мағынаны білдіреді. Оның мезгілдік, мекендік айырымы үлкен. Ұлттық дәстүр белгілі бір дәуір барысында өзгермейді. Ұлттық дәстүр, әдет, салт, үрдіс, тіпті дағды, ғұрып деген сөздер кең мағынада адам мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтар. Демек, ұлттық дәстүр тез өзгеріп немесе жоғалып кете қоймайтын құбылыс.

Бұл салт - дәстүрлерді елдің табиғатына қарай тігілген киім-кешектерден көруге болады, түбірлі халықтың нанымында, сенімінде және жалпы ұғымында жататын отбасындағы көне қоғамдағы өмірінің түрлі формаларынан көруге болады. Салт - дәстүрлер көнелігімен берік, уақыт елегінен өткен сайын нығая бермек, әрі рудан руға, буыннан буынға, атадан балаға мирас ретінде жалғаса өтіп отырады.

Мұнда дәстүр мен мазмұнды да, сыртқы форманы да қамтиды. Дәстүрлердің тез өзгеріп, не жойылып қоймауының басты себебі мазмұндық функциясының мол болуынан сияқты.
Қазақтың әдет - ғұрып, салт, дәстүрлерін арнайы зерттеген философ Н. Сәрсенбаев мына шындыққа дұрыс назар аударған: «Әр ұлттың психикалық түзілісі ұлттық сияқты сезім, ұлттық салт, дәстүр және ұлттық мінез - құлық сияқты бір - біріне сүйенген компоненттерді қамтиды. Бұған қарап салт, дәстүрлердің, біріншіден, ұлттық психикаға байланысты біраз тұрақты немесе тұрақтанған нәрсе екенін аңғарсақ, екіншіден, ұлттық мінез - құлқын, қоғамдық кейпін байқататын құрал екенін, сол мінез - құлықтың көріну амалдарының бірі екенін көреміз. Бұл жайтта оның сыртқы факторлары, яғни бейнелі, бедерлі, формалық қасиеттер мол сезіледі.

Еліміздің экономикалық, саяси – мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты, азаматын дәстүрлі, жаңаша тәрбиелеу - ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті деп білемін.
Ендеше ұлттық салт - дәстүрімізді ұрпақ жанына сіңірте отырып, тәрбие беру - бүгінгі білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірегейі болып табылады. Сондықтан осыған орай, мектебімізде бүгінгі таңда атқарылып жатқан іс - әрекеттер, жаңа ізденістер, жаңа істер, әдіс - тәсілдер қоғамымыздың қажеттілігіне сай өз үйлесімін табуда. Мектебіміздің негізгі мақсаты – ой – өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүниетанымы жоғары, жан - жақты қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

Елбасымыз Н. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуміз керек» - деп, асқаралы міндеттер жүктеді.
Сөз жоқ, бұл міндеттер мектеп пен оның мұғалімдерінің алдына жаңаша еңбек етуді талап етеді. Елдегі түбірлі жаңарулар, реформалар білім беру ісіне де ерекше ықпалын тигізіп отыр. Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан ең алдымен білім, ғылымы, рухани байлығымен дараланып тұруы керек.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - қазақ халқы. Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерін жазып шығу үлкен еңбек, қыруар жұмыс. Оның бәрін қамти алмасақ та, сол жұмыстың бір тамшысы ретінде ұлттың тәрбие ісіндегі сәбилік кезден – ес біліп, ер жеткенге дейінгі салт, дәстүр, әдет - ғұрып үлгілері мен өнегелері баланың өсу жолымен беріліп отырады. Халықтық ұлттық тәлім - тәрбие дегеніміз, адамның жан - дүниесін ұлттық рухта тәрбиелейтін ілім. Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаз қауымының арасында тығыз байланыстылық қажет.

Білім берумен қатар, тағылымды ұлттық тәлім - тәрбие берудің өзінде маңыздылық бар деп есептеймін. Оқушыларға ұлттық тәлім - тәрбие болмысының нәтижесінде тамырын тереңге жаймаған, құнарсыз жерде өскен өсімдік сияқты өзгенің болмысын бойына дарыта алмаған, ал өзінікін бағалап білмеген жас ұрпақтың өсуіне үлкен септігі тиеді. Мұның өзі ұлт болмысынан көрініс табады. «Бала тәлімі - құрсақтан» деген халық даналығын ескерсек, өнегелі ісі бар, даналық сөзімен салт - дәстүрін меңгерген шәкірт бойына дарыту.

Ата - бабамыздан жеткен рухани қазынамызды ұрпақ тәрбиесіне жеткізу менің басты мақсатым.
Осы орайда, өзімнің қол жеткен табыстарымды мақтанышпен айта аламын. Мысалы: 5 «а» сыныбына өткізген « Соғым той» тәрбие жұмысының мақсаты оқушыға қыста қазақ халқының мал союы, ірі қара сойған малдың етіне ағайын - туыс, дос - жаран, көрші - көлем т. б. шақырып бастың, қай сүйектің кімге, қандай жоралғы жасайтындығын оқушы көзбен көре отырып, дастархан басында үлкен қарттарымыздың тәрбиелік ұлағатты сөздерін есту. Бұл жұмыста оқушылармен бірге ата - аналарымен қатыстырылды. Жұмыс үстінде оқушылардың қызғушылығы артып, білмеген нәрселерін көріп, біліп, естіп біраз нәрсені зерделеріне алды деп есептеймін.

Екінші бір өткізген жұмысым: Тәуелсіздікке арналған «Даналар сөзі - бабалар көзі» айдарымен ұйымдастырылған Төлебидің дана келіні «Данагүл» әңгімесі. Бұл жұмыстың мақсаты: бата - тілек, ата - ене, келін, күйеу деген ұлттық ұғымдарды меңгерту. Бұрынғы ата - бабаларымыздың шаңырағы, үй - тұрмыс құралдарын, ұлттық киім - кешек киюдегі ізденістері өте жақсы әсер қалдырды. Сахналық қойылымның тағы бір ерекшелігі Абай атамыз айтқандай, « Болмасаң да ұқсап бақ...» дегендей оқушы ортада, көрермен алдында өзін - өзі қалай ұстайды, оның жүріс - тұрысы, сөйлеу мәнері, өнер адамдарына еліктеуінің өзінде де тағылымдық тәрбие жатыр емес пе?
11 «а» сыныбына өткізілген Ж. Аймауытовтың « Ақбілек» романындағы Ақбілектің тағдыры, «Тәуелсіздік атқан таңын, бақ күнің» жұмыстарым шәкірт бойына ұлттық үрдіс қалыптастырған шара болды.

Қорыта айтарым, «Бүгінгі жас ұрпақ - ертеңгі болашақ». Оны іс жүзінде ұлттық тәрбие бере отырып, халқымыздың өшкенін жағып, ескісін жаңарту арқылы егеменді елдігіміздің ертеңін ойлайтын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Олай болса, мектеп қабырғасынан бастап оқушының бойына ұлт мәдениетінің нәрімен сусындауына, адамгершілік асыл қасиеттер үлгісін саналарына сіңіруде аянбай еңбек етуге жұмыстануымыз барша әріптестерімнің міндеті деп білемін.

Атырау қаласы, №3 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Базрбаева Айжамал Сағынғалиқызы
6 327
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол
Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол
Рухани жаңғыру — ішкі жан дүниеміздің жаңа өзгерістерді қабылдап, көнеден қалыптасқан салт – дәстүр, мәдениетіміз бен тарихымыздың жаңару жолына түсуі.
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
Ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрдің бірі - «Ерулік»
Ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрдің бірі - «Ерулік»
Балқаш қаласы, Абай атындағы №2 лицейдің 2 сынып оқушысы Николаева Назерке Жетекшісі: Алибек Гүлмира Егінәліқызы
Халықтық педагогика – ұрпақ тәрбиесінің құралы
Халықтық педагогика – ұрпақ тәрбиесінің құралы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №13 орта мектеп гимназиясы ММ Дуйсенбекова Сулушаш Талпаққызы
Ұлттық тағылымды ұмытпайық
Ұлттық тағылымды ұмытпайық
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жолдыбаева Зәуре
Халықтық әдеп-ғұрыптар
Халықтық әдеп-ғұрыптар
Қызылорда қаласы, № 178 орта мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі А. Керейбаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×