Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халықтық педагогика – ұрпақ тәрбиесінің құралы

24 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Халықтық педагогика – ұрпақ тәрбиесінің құралы

Халық педагогикасы дегеніміз тәрбие жөніндегі халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан педагогикалық білім тәрбие тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасындағы ақыл – ой, идеясы қай халықтың болсын тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрлерімен тығыз байланыста туып, өсіп өркендеп, дамып және ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып жетіп отырған. Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамның қолы жететін тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып, тәрбиелеуге мақсат еткен. Бірде – бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буының ақыл – ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Қазіргі заман талабына сай мен де оқушыларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы басты бағдар ретінде ұстап келемін. Халықтық педагогика бала тәрбиесін жетілуі, ана тіліміздің өрісін кеңейту, білім беру саласынан кеткен кемшіліктеріміздің орнын толтыру, ұлттық идеологиямызды нығайту құралының бірі болып табылады. Қазақ халқының сан ғасырлық тарихи мәдени жетістіктерінің жемісін, рухани байлығын, жанына біткен еңбексүйгіштігін, отаншылдық, имандылық, бауырмалдық, қонақжайлық қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәрбиесі мол. Онда кешегі өткен данагөй қариялар, ғұлама ойшылдар, шешендер және ақын – жырлардың пәлсапалық баталарының психологиялық пайымдаушылары мен педагогикалық тұжырымдамалардың өшпес ізі жатыр. Халқымыздың тәлімгерлік мұрасы ұшан – теңіз болса да, оның ауқымы шексіз. Сондықтан да оларды оқу тәрбие ісіне ендіргенде ғылыми тұрғыдан жүйелеуді, бағыт – бағдар сілтеуді қажет етеді. Қазақ этнопедагогикасын ғылыми жүйе ретінде қарастырсақ, мынадай схема болып шығады.

1. Халық педагогикасының мақсаты мен міндеттері: сегіз қырлы, бір сырлы; жан – жақты жетілген азамат тәрбиелеу.
2. Мазмұны: Ұлттық салт – дәстүрлер арқылы балаға ақыл – ой, адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерін беру, мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру.
3. Әдістер: Әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, кеңес беру, үйрету, көрсету, өтіну, бұйыру, жаттықтыру, бата беру, мадақтау, алғыс айту, сөгу, айыптау, жазалау.
4. Түрлері: Ойындар, тойлар, еңбек мерекелері, ойын – сауықтар.
5. Құралдары: Санамақ, жаңылтпаш, өлең – жыр, тақпақ, жұмбақтар, айтыстар, мақал – мәтелдер, шешендік сөздер, салттар, ырымдар, әңгіме, кештер.
6. Нәтижесі: Сегіз қырлы, бір сырлы жаны таза, тәні сау адам.
7. Тәрбиеге себепші күштер: Табиғат, еңбек, тұрмыс, салт – дәстүр, дін, ана тілі, ұлттық ойындар.
8. Тәрбие ортасы: Отбасы, ауыл – аймақтар, ру, қауым, тайпа, ұлт, мектеп, медресе.
9. Тәрбие объектісі: Бала.
10. Халық тәрбиешілері: Әке – шешесі, атасы мен әжесі, апа, ағалары, ауыл үлкендері, өнер иелері.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 889
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Оқушыларды халықтық педагогика тұрғысынан тәрбие беру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, халықтық болмыс бітімі тілінде екенін түсіндіру, ым – ишараттан ұғу.
Адамгершілік – ата мұра
Адамгершілік – ата мұра
Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде арнайы пәндер оқытушысы Турагулова Балжума Темирбековна
Халықтың мұрасы - физика сабағында
Халықтың мұрасы - физика сабағында
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы Балжан Бөлтірікова атындағы № 4 орта мектептің физика пәні мұғалімі: Керімбаева Ләзат Амангелдіқызы
Бала тәрбиесіндегі мақал мәтелдердің орны
Бала тәрбиесіндегі мақал мәтелдердің орны
Қазақ халқының өте әрідегі ата – бабаларының өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі – халықтық педагогика. Халықтық педагогика – тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білім тәжірибесі.
Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында пайдалану
Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында пайдалану
Керекбаева Жұмагүл математика пәнінің мұғалімі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп
Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №26 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×