Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақша балаларының ағылшын тілін оқытудағы басты ерекшеліктері

23 қазан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Балалар мен жұмыс жасау - үлкен бақыт. Балалар еліміздің болашағы. Өмірде баланың балдай тәтті күлкісінен, қуаныш шаттығынан асқан бақыт жоқ. Соған орай қазіргі таңда халықаралық қатынастардың күшеюіне байланысты қоғам тарапынан ағылшын тілін ерте жастан оқытуға деген қызығушылық арта түсті. Мектепке дейінгі жас ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді. Олар берілген шағын материалды лезде меңгеріп алып, оны тез жақсы кері айтып бере алады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында ойын арқылы олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз. Сондай - ақ ойын арқылы балалар оңай қарым - қатынасқа түсіп, ойларын айта алады. Оқыту әдісінің тағы бір басты ерекшелігіне сұрақ - жауап әдісі қолданылады, себебі диалог балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, тыңдай отырып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуге үйретеді. Балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және т. б қолданылады. Ерте кезден тілді меңгерту болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Балабақшадағы балаларға ағылшын тілінде жаңа сөздерді үйреткен кезде ашық, түрлі - түсті көрнекілік таптырмас көмекші болады. Бала бір суретті қайталап көре беруден жалығады, сондықтан көрнекіліктерді тез ауыстырып тұрудың да маңызы зор. «№29 Балдәурен» бөбекжай балабақшасында бүлдіршіндеріміз үш тілді меңгеруде. Балалар әлеміне көз жүгіртсек, ешқашан мамандығымды өзгерткім келмейді. Себебі бала пәк, бала тап - таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілеті мен дарының ашу әр ұстаздың алдына қойылған ең басты міндеті деп түсінемін.

Сатбаев қаласы
№29 «Балдәурен» бөбекжай балабақшасы КМҚК
Ағылшын пән мұғалімі Утепбаева Гулдана Омиргалиевна
1 850
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Ересек тобында ағылшын тілінен үйірме жұмысының перспективалық жоспар және Бағдарлама
Ересек тобында ағылшын тілінен үйірме жұмысының перспективалық жоспар және Бағдарлама
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.
Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі
Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой - өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім - дағдыларға үйрету.
We dance and play and sing and say
We dance and play and sing and say
Мектепке дейінгі жас – ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады.
We dance and play and sing and say
We dance and play and sing and say
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік, көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру
Ағылшын тілін ерте жастан оқыту
Ағылшын тілін ерте жастан оқыту
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,Тайпақ ауылы Қ.Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Бисенова Асылғаным Латипқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×