Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі

24 мам 2014, Сенбі
1. Сабақтың тақырыбы: Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды атыс жүйесімен және атыспен маневр жасауға үйрету.
Дамытушылық: шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамыту, өз іс - әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, мергендікке баулу.
Тәрбиелік: сабырлыққа, жауапкершілікке дағдыландыру, сыни көзқарас қалыптастыру, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
3. Уақыты: 45 минут.
4. Өткізілетін орны: АӘД кабинеті
5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.
- жаяу әскердің ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын атаңдар.
- жаяу әскердің ұрыс машинасының арналуы және жабдықталуы туралы айтыңдар.
- мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы
жайлы айтыңдар.

б) Негізгі бөлім – 20 минут.
Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.
Қарудың барлық түрлерінің ішінде ату ұрыста қарсыласты жоюдың негізгі құралы болып табылады.
Мотоатқыш бөлімшелері қарсыласты жекелеген атыс құралдарынан ату арқылы немесе шоғырланған атыс арқылы жоя алады. Шоғырланған атыс – бірнеше атыс құралдарынан қарсыластың бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің шектеулі аймағындағы нысаналар тобын ату.
Атыс бағытына байланысты ату жаппай, қапталдан және айқастыра ату болып бөлінеді.
Жаппай ату нысананың маңдай шебіне перпендикуляр жүргізіледі. Ол терең эшелонданған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде тиімді.

Қапталдан ату – нысана қапталынан ату. Ол көбінесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне автоматтан, пулеметтен ату арқылы жүргізіледі.
Айқастыра ату бір нысанаға екі немесе одан да көп бағыттан жүргізіледі, ол өте тиімді және қарсыласты үлкен шығынға ұшыратады.
Бойлата ату бір нақты бағытта жақын қашықтықтан, кенеттен, пулеметтен және автоматтан жүргізілген атыс.

Бөлімшенің атыс құралдарын, командир жоспарымен, жергілікті жердің сипаты мен мүмкіншілігін ескере отырып пайдаланады. Бұның барлығы атыс жүйесін құрайды, ол бөлімшенің маңдай шебі алдында, қапталдарда және көршілермен аралықта атудың барлық түрлерін жүргізуді, сондай - ақ айнала қорғаныс жүргізу мүмкіндігін қамтиды.
Бөлімшенің атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде бөлімшеге атыс жолағы, атқылаудың (оңға және солға) қосымша секторы, ал взводқа бұдан басқа шоғырланған атыс аймағы тағайындалады.

Атыс құралдарына негізгі және қосымша секторы көрсетіледі. Гранататқыштық атыс бөлімшесінің атыс жолағы да дайындалады. Көрші бөлімшелердің атқылау және атыс құралдарының секторлары мен атыс жолақтары өзара бір - бірін жабуы тиіс.
Атыс жүйесінің дайындығы бекіністе атыс құралдарының орналасуымен, атыс үшін қажетті мәліметтерді дайындаумен, оқ - дәрінің болуымен анықталады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 152
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы, арналуы
Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы, арналуы
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің атыс қарулары жөніндегі мағлұматтарын кеңейту, білдіру, меңгерту. Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтауды үйрету және оған қабілеттерін арттыру. Елін, жерін сүюге саналы түрде Отанын қорғауға дайын
Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Жалпы әскерлік қорғаныш толымы
Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Жалпы әскерлік қорғаныш толымы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, Қ. Байсықов атындағы ОЖББМ - нің алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы - ұйымдастырушысы Иманғалиев Махат Серікұлы
Инженерлік бөгеттер
Инженерлік бөгеттер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жарылмайтын және жарылатын инженерлік бөгеттермен таныстыру
Драгунов мергендік винтовкасыныңы ұрысты қасиеті және материалдық бөлігі
Драгунов мергендік винтовкасыныңы ұрысты қасиеті және материалдық бөлігі
ШҚО, Аягөз ауданы, Қарағаш ауылы, Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Маткаримов Серік Сейілханұлы
Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау
Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мекетебінің АӘД пәні мұғалімі Тұралы Мереке Елеусізұлы
Саптық тұрыс. «Саптал», «Түзел», «Тіктел», «Еркін тұр», «Жинақтал» пәрмендерін орындау
Саптық тұрыс. «Саптал», «Түзел», «Тіктел», «Еркін тұр», «Жинақтал» пәрмендерін орындау
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп КММ» АӘД пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы Досымханов Бекжан Сақажанұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×