Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Саптық тұрыс. «Саптал», «Түзел», «Тіктел», «Еркін тұр», «Жинақтал» пәрмендерін орындау

10 наурыз 2013, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Саптық тұрыс. «Саптал», «Түзел», «Тіктел», «Еркін тұр», «Жинақтал» пәрмендерін орындау.

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды саптық тұрысты қабылдау пәрмендерін үйрету.
Уақыты: 45 минут
Өткізілетін орны: 10 сынып, саптық алаң
Көрнекілік құралдар: Саптық жарғы, АӘД оқулығы
Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 минут
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу тарихын қысқаша айтып беріңдер.
- Егемен Қазақстанның даму бағдары қандай?

б) Негізгі бөлім - 25 минут
Саптық тұрыс. «Саптал», «Түзел», «Тіктел», «Еркін тұр», «Жинақтал» пәрмендерін орындау.
Саптық тұрыс «Саптал» немесе «Тіктел» пәрмендері бойынша қабылданады. Осы пәрмен бойынша тығыздалмай, тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшептің сызығы бойынша, оларды табанның еніне қойып түзеу керек; иықтарды жазып, ішті тартып, кеудені тік ұстап, денені біршама алға ұмсыну керек; саусақтарды жартылай бүгіп жамбасқа тигізіп төмен жіберу керек; басты жоғары және тік ұстап иекті алға шығармай ұстау керек.

«Еркін тұр!» пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап, орнынан кетпей, сөйлеспей еркін тұру керек.
«Жинақтал!» пәрмені бойынша саптағы өз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдерін, жабдықтарын түзеу керек, жинақталу бас киімнен басталады.
«Жинақтал!» пәрменінің алдына «Еркін тұр!» пәрмені беріледі.
Бас киімдерді шешу үшін «Бас киімді шеш», «Бас киімді ки» пәрмендері беріледі. Шешілген бас киім күнқағарымен алға ұсталып, еркін түсірілген сол қолға ұсталады.
Қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң, ал қарумен «бауға», «кеудеге», «аяққа» күйінде сол қолмен шешіледі.
Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде, карабин алдын ала аяққа түсіріледі.
Бөлімшелердің сапқа тұруы алдымен сапқа тұру тәртібі көрсетіліп, «Саптал» пәрмені бойынша жүргізіледі.
Мысалы: «Бөлімше, бір қатарға - саптал».
Бұл пәрмен бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына белгіленген аралықты және арақашықтықты сақтап, саптық тұрысты қабылдайды.

в) Қорытынды бөлім - 10 минут.
- саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?
- саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?
35 378
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
АӘД пәнінен кіріктірілген ашық сабақ
АӘД пәнінен кіріктірілген ашық сабақ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға саптық тұрысты қабылдау, дене қыздыру, жүгіру жаттығуларын әдіс тәсіл пәрмендерін насихаттап және үйрету. Дамытушылық: есту, көру, қозғалу шапшаңдық жылдамдықтарын дамыту.
Сап және оларды басқару
Сап және оларды басқару
Оқушыларға сап және оның элементтерін, сапқа тұру алдындағы және саптағы әскери қызметшінің міндеттерімен таныстыру. Әскери қызметшілердің сап алдындағы міндеттеріне жататын алғашқы баспалдақтарын оқушылар бойына дамыту. Әскери сымбаттылыққа, әскери
Саптық жаттығулар
Саптық жаттығулар
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абишева Дамеш Арыстанбековна
Сап түрлері және олардың элементтері
Сап түрлері және олардың элементтері
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тана мырза орта мектебі Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы: Байназаров Айдын Айтқалиұлы
Тепе - теңдік сақтау жаттығулары
Тепе - теңдік сақтау жаттығулары
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, №2 орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Жапакова Гүлзат Санаққызы
Допты қабылдау
Допты қабылдау
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы №2 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Жапакова Гүлзат Санаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×