Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсылық нұры, адамгершілік нәрі

12 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Психологиялық тренинг: Жақсылық нұры, адамгершілік нәрі.

Мақсаты: Ата - ана мен бала және педагогтар арасында адами қатынастарды орнату, балаларға екі жақты үйлесімді тәрбие беру, балалармен дұрыс жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, әрқайсысының бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Жақсылық жасауға ұмтылдыру.
Қатысушылар: ата - аналар, педагогтар

1. Танысу - Есімдер
Мен допты лақтырамын, допты қағып алған адам өз есімін айтып қайтадан маған лақтырады. Осылайша барлығымен танысқанша жалғаса береді.

Психолог: Бүгінгі біздің тренинг тақырыбы өздеріңіз байқағандай адамның бойындағы асыл қасиеттер - адамгершілік пен жақсылық туралы болмақ. Ендеше ата - аналар мен педагогтар болып екіге бөлініп отыралық.
1 - топ: ана - аналар
2 - топ: педагогтар

Алдарыңызда екі қағаз бар, онда екі түрлі сөз жазылған. Әр топ өздеріне берілген пікірдің мән - мағынасын ашып беру керек.

1. Адамның адамгершілігі - ақыл - ғылым, жақсы ата - ана, ұлағатты ұстаздан болады. (А.Құнанбаев)
2. Адамда жақсы қасиет болмаса, оқан бақ та, бақыт та қонбайды. (Ж. Баласағұни)

Екі жақтың пікірі тыңдалып, қорытындысы шығарылады.

Ойын: Орындарыңмен алмас.
Мен адам бойында кездесетін кез - келген қасиеттерді айтамын, егер сол қасиеттер кімнің бойында болса сол адамдар бір - бірімен орындарымен ауысуы қажет.

Ол адал, әділ, үнемі жақсылық істейді; қызғаншақ, ұрысқақ, өтірік айтады; мейірімді, қарапайым; менменшіл, мазасыз. (Ойын қорытындысында әр адам өз бойындағы жақсы қасиеттері ғана емес жаман қасиеттері бар екенін де мойындап, пікір алысады.)

Релаксация: Ақыл жолы

2 - тапсырма:
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Ақылың мен еңбегің екі жақтап.(А. Құнанбаев)

Өмір теңіз - онда жүзем демеңіз,
Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз.

Қатынасушылар өз пікірлерін білдіреді. Қорытынды жасалады.

3 - тапсырма: Адамгершілік, жақсылық туралы мақал - мәтелдер айту

Психолог: Адамгершілік - асыл қасиет, адам аз ғана өмірде бір - бірімен сыйластықта, жақсылықта өмір сүруге талпынса өміріміз де нұрлана түседі. Біреудің кемшілігін қана емес жақсылығын да көре білу керек. Біреуге қарап сұқ саусағыңды көрсетсең қалған үш саусағымыздың өзімізге қарайтынын көбіміз байқамаймыз. Ендеше Хорес Ратледждің әдемі сөзіне назар аударайық:

Егер өмірге тар көзбен қарасаң, ол соншалықты тар. Оған жиіркенішпен қарасаң, соншалықты жиіркенішті. Оған жарқын, кең, дос көңілмен қарасаң, қаншама тамаша адамды табасың.

Ендеше бүгінгі кездесуімізден Жақсылық нұры мен Адамгершілік нәрін бойымызға сіңірдік деп ойлаймын.
Қатынасушылар бір - бір әдемі тілектерін Тілек ағашына орналастырсын. (тақтада тілек ағашы орналасады)
Қатынасқандарыңызға көп рахмет!
10 000
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндама Адамгершілік – асыл қасиет
Баяндама Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Бұл тренинг педагогтардың, тәрбиешілердің педагогикалық ұжымдастықты қалыптастыру. Педагогтардың бір - біріне деген қарым-қатынасты жақсарту, коммуникативтік дағдылану, эмоционалды тұрақтылық, өз-өзіне деген сенімділікті нығайту.
Сыпайылық – адамгершілік айнасы
Сыпайылық – адамгершілік айнасы
Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар - ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамның бойындағы ұнамды - ұнамсыз қасиеттерді айта отырып балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге адамдармен қарым - қатынас дағдыларын жасауға баулу.
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Алма Төленқызы
Жақсы сөз жарым ырыс
Жақсы сөз жарым ырыс
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×