Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілік - тәрбие бастауы

14 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тәрбие сағаты
“Әдептілік - тәрбие бастауы”

Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
2. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
3. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Адамгершілікке байланысты мақал - мәтелдер.
Суреттер.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе.
Ата - ананың тілегі сенің жақсы адам, азамат болуың, сенің еңбексүйгіштігің, оқудағы табыстарың ата - анаң үшін шексіз бақыт. Өзіңнен үлкен адамның ақыл - кеңесін тыңда. Кішіге мейірімді, досыңа қайырымды бол.
Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді. Сол бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады. Бірақ көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады. Бұл жол - әдептілік жолы. Балалар,«әдептілік» сөзін естігенде ойларыңа не түседі?

Әдептілікке адамның ізеттілігі, сыпайылығы сияқты мінездері мен өнегелігі, қарапайымдылығы, тәрбиелігі, инабаттылығы жатады.

Әдепті болу - адамды басқалармен жақсы қарым - қатынас жасауға, олардың сөзін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа қол жеткізуге және үлкендерге құрмет, кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады.

Әдепті кісі өз абыройына кір келтіретін әрекеттерден аулақ жүреді.

Адамға қойылатын басты талап - асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұлағатты азамат болып шығу.
Өйткені адам - өзінің адамгершілігімен қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттілігімен ардақты.

Адамгершілік - адамның рухани арқауы.
1. Рух - адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі.
2. Жаратылыстың барлығы екі қарама - қарсы нәрседен тұрады. Ақ - қара, күн - түн, ыстық - суық, жақсы - жаман.
3. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды.
4. Рухтың мекені адамның жүрегі, жүрек жылуы, ар - ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамгершілік осы жүректен туындайды.
5. Рухани бай адам - ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамгершілік мол болады.

Әдептілік адамгершілік отбасынан бастау алып, мектеп қабырғасынан кеңірек жан - жақты үйретіледі.
Оқушылардың пікірін тыңдау.
Біреуге жақсылық тілеудің өзі әдептілікке жатады.
Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының жүріс - тұрысының ережесі.
Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуы керек.

1. Ата - ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адалдықтың тірегі,
Адал болып өскенің

2. Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре сарсаң әлегің.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 687
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік - әдемілік белгісі
Әдептілік - әдемілік белгісі
Балалардың әдептілік туралы білімдерін кеңейту. Көрініс арқылы адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. Көрнекі суреттер арқылы зейін, логикалық ойлауын дамыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исолдаева Мирамкүл
Әдептілік әлемінде
Әдептілік әлемінде
Мақсаты: Адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға, имандылыққа тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып,
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі. Мысалы: уәде беріп оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «Әдепсіз екен» дейді.
Әдептілік - адамгершілік бастауы
Әдептілік - адамгершілік бастауы
Өзін - өзі тану пәні мұғалімі: Жолдасова Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×