Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем келді

12 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Атырау қаласы,
№8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай - балабақшасы.
МАД тобының тәрбиешісі - Дюсемалиева Гүлсім Жексенқызы

Білім саласы: Таным. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Экология негіздері. Қоршаған орта.

Мақсаты:
Білімділік: Балалардың көктемнің негізгі белгілері туралы алған білімдерін жүйелеп бекіту; Жансыз табиғат құбылыстарымен өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі және маусымдық еңбек түрлері арасындағы байланысты түсіндіру.
Дамытушылық: Табиғат құбылыстарын зерттей білу қасиеттерін дамыту, танымдық белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеп, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі:
1. Табиғат құбылыстарының, жыл мезгілдері және жануарлар бейнеленген суреттер;
2. Көктем мезгілінің видеотаспасы;
3. П. И. Чайковский «Жыл мезгілдері» шығармасы.
Әдіс – тәсілі: Көрсету, баяндау, сұрақ – жауап.

Мотивациялық – қозғаушы
Тыныштық сәт і (әуенмен) « Ағаштар»
Мақсаты: Балаларға экологиялық тәрбие беру.
Жүрісі: Баяу музыка әуені естіліп тұрады. Педагог: -- Балалар, мен сендерді табиғатқа саяхатқа шақырғым келіп тұр..... Бәрің көздеріңді жұмып, өздеріңді кез - келген бір өсіп тұрған ағашпын деп елестетіп көріңіздерші. Ойланыңдар: ол үлкен бе, әлде кішкентай ма, ауа – райы қандай – ашық па, әлде бұлыңғыр ма? Сенің ағашың өзін қалай сезініп тұр? Енді өздеріңнің елестетіп тұрған ағашты денелеріңмен бізге көрсетіңдерші... Жаймен көзімізді ашып, өздеріңді қоршап тұрған табиғат анамызды қалайша қорғау керектігін ойланып көріңдерші! Музыка әуені тоқтап, балалар өздерінің ойларын айтады.

Іздену ұйымдастырушы
Педагог балаларға төмендегі өлең жолдарын оқып береді:
Көктем күні күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Бәйшешектер дүркіреп,
Шыға келді қыр түлеп.
Көктем күні шуақты,
Көктем күні қуатты
Мал жағалап суатты,
Сай - саламен су ақты.

Педагог:
- Балалар, бұл өлең қандай — көңілді ме, көңілсіз бе, әлде салтанатты ма?
- Неліктен біздер бәріміз көтеріңкі көңіл – күймен жүрміз?
Балалардың жауабы.
- Себебі күн жоғарылап, аспанда сәуле шашып жарқырап тұр. Шатырдан су тамшылап тұр, күннің көзі жерді күштірек қыздырып, жерге түскен тамшылардан жылғалар пайда бола бастайды. Әр жерден қары еріген қара жерлер көрінеді. Ағаштар мен бұталардың бүршіктері пайда болып, көктемнің алғашқы гүлдері де ашыла бастайды.
- Балалар, сендер қандай жыл мезгілдерін білесіңдер? Балаларға тапсырмалар беріледі:
а) жылдың қыс мезгілі бейнеленген карточкаларды көрсету;
ә) жылдың көктем мезгілі;
б) жылдың жаз мезгілі;
в) жылдың күз мезгілі бейнеленген карточкаларды көрсету.
- Бір жылда неше ай бар? (12)
Педагог: - Әр жыл сайын жыл айлары әрқайсысы бірінен кейін бірі өз мезгілдерінде бізге келеді. Қазір бізге көктем мезгілі келіп жетті.
- Балалар енді көктем мезгілінің айларын атаңдаршы. (Наурыз, сәуір, тамыз)
Балалардың жауаптары.
Балалар интерактивті тақтадан көктем мезгілінің көріністерін видеотаспа арқылы тамашалайды.
Педагог:-- Балалар наурыз айының көктемнің алғашқы айы екендігін білесіңдер.
Қазақ халқы көктемнің алғашқы айларында қардың күрт еріп, айналаның лайсаңға айналуын «Аласапыран» деп атаған.
- Ерте көктемнің қандай белгілері болады?
- Күннің шуағы көбейіп, қар борпылдақ қоңырқай түске енеді.. Шатырдағы мұз сүңгілерінен аққан су жылға болады.
- Наурыз айын тағы да қалай атайды?
-«Көктем таңы», «жыл таңы» деп те атайды.
- Неліктен?
- Өйткені күн ұзарып, жәндіктер оянып, жануарлар мен құстардың тіршілігі жандана бастайды.
- Балалар, наурызда халықтың «сәскеде жаз, кешке қыс» деген теңеулерін қалай түсінесіңдер?
- Өйткені наурыз айында ауа – райы аумалы – төкпелі болып, әлі де болса қыстың соңғы борандары ұйтқып, түнде күн суық болады. Қарлы желдердің әсерінен ағаштар қыстағыдай аппақ болып тұрады. Күндіз кей - кейде жылы желдер соғып тұрады.
- Наурыз айында орман жануарларының тіршілігінде қандай өзгерістер пайда болады?
Балалардың жауабы. Слайд. «Орман жануарлары.»
- Аю әлі де болса ұйқыда жатады. Түлкі мен қасқыр орманды жортып өздеріне азық іздейді. Бүл кезде борсық та інінен шыға қоймайды. Ал қоян болса бұта түбінде ықтап отырады.
- Көктем құстардың тіршілігіне қандай өзгерістер енгізеді?
Балалардың жауабы. Торғайлар күні бойы тыным таппастан шықылықтап, ұя жасайтын жер іздеп жүреді. Ал қарғалар болса бұл кезде ұя жасап, балапан баса бастайды.
Сергіту сәті: Балалар дөңгеленіп тұрып, тәрбиешінің сұрағына хормен жауап беріп, қимылмен көрсетеді.
- Күн сен неге күркірейсің?
- Көктем келді, көктем келді.
- Жаңбыр неге сіркірейсің?
- Көктем келді, көктем келді.
- Бұлақ неге сылдырайсың?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 371
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Адам, табиғат және денсаулық
Адам, табиғат және денсаулық
Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету.
Табиғат ерекшеліктері (жыл мезгілдері)
Табиғат ерекшеліктері (жыл мезгілдері)
Жыл мезгілдері туралы түсінік беру, оларды ажырата алуды үйрету Ойлау, есте сақатау қабілеттерін дамыту
Көктем келді
Көктем келді
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Құмқұдық ауылы, «Ақбота» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі Орынбекова Жания Куанышбековна
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×