Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жомарт күз!

10 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық (дәстүрден тыс ұйымдастырылған кіріккен оқу іс - әрекеті)
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Құрастыру, Ән - күй
Тақырыбы: «Жомарт күз!»
Мақсаты:
а) Балаларға қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге үйрету. Сахнада өздерін еркін ұстауға, көркем әдеби тілмен сөйлеуге тәрбиелеу.
ә) Балалардың әртістік қабілетін дамыту, инабатты, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.
б) Ұқыптылыққа, шымыр, шапшаң ой жүйріктігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Сахнада күз көріністері, шарлар, тақта.
Қайырлы күн! Қайырлы күн! Қайырлы күн! Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді. Күз айы сіздерге бақ – береке әкелсін, дендеріңізге саулық, өмірлеріңізге сән – салтанат әкелсін! Олай болса, бүгінгі «Жас ұлан» тобының «Жомарт күз» атты үлгілі оқу іс - әрекетін тамашалауға шақырамын!

Балалар музыкамен кіреді
Балалар шатқа толсын көңілдерің,
Таусылмасын ән мен жыр өнерлерің
«Ырғақ» биін билейді күлім қағып,
«Жас ұланның» сүйкімді бөбектері

Шаттық шеңбері
Баулып апа, ағамыз,
Құстай қанат қағамыз.
Жақсы болып өсуге,
Біз тырысып бағамыз.
Елге сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:
«Сәлем - сөздің анасы».

Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
- Күз мезгілінде неше ай бар?
Үш ай бар: қыркүйек, қазан, қараша
Қараңдаршы! Күз мезгілінде жан - жақтың бәрі алтын сары алтынға боялады. Ал, балалар, олай болса осы күз мезгіліне арналған тақпақтарымызды айтайық.
Арслан, Інкар, Аяулым
Жаңа тақырып:
Балаларды екі топка бөліп, оқу іс – әрекетін сайыс түрінде өткіземіз.
Алдымен балаларға күз мезгілінің суретін құрастыруға арналған қиындылар береміз. Ол қиындыларды геометриялық пішіндерден жасаймыз (Дьенеш технологиясына сүйенеміз. Үшбұрыш, сопақша, төртбұрыш). Пішіндерден ағаштың діңін жасайды, содан соң жапырақтардың астына бояу жағып, оны ағашқа қою арқылы ағашты жапырақтармен безендіреді. Аспандағы бұлттарды саусаққа көк түсті жағу арқылы, ішін бояумен толтырып шығады(Ойын технологиясына сүйенеміз). Саусақ моторикасымен жұмыс жасау дағдысын дамытамыз. Тақтамен жұмыс жасаймыз. Ағаштың, бұлттардың, жапырақтардың, суреттерін құрастыру арқылы күздің пейзажын жасап шығарады.

Сергіту сәті.
Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша би билейді ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды
Балалар шатқа толсын көңілдерің,
Таусылмасын ән мен жыр өнерлерің
«Ырғақ» биін билейді күлім қағып
«Жас ұлан» тобының бишілері
« Ырғақ» биін тамашалайық

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін қорытындылаймыз
Алтын күз бәрімізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын!
Балалардың жасаған жұмыстарын бағалаймыз, мадақтаймыз.
Балабақша еліміздің қаны - жаны,
Осыдан басталады бәрі - бәрі.
Бүгінгі «Алтын күздей» мерекеде
Шырқалсын «Алтын күздің» әні тағы

«Алтын күз!» әнін барлығымыз орындап, үлгілі оқу іс - әрекетін аяқтаймыз!
Осымен бүгінгі «Жас ұлан» тобының ұйымдастырылған үлгілі оқу іс – әрекеті аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
5 362
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Шырша бейнесі
Шырша бейнесі
Балалардың мүсіндеуге деген іскерлігін арттыру. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)
Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін
Туған өлкем
Туған өлкем
Табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу. ТМ: Әнді сезіне арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу
Әтешті құрастырамыз
Әтешті құрастырамыз
Әтешпен таныстыру, ұжымдаса әрекет ете отырып, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. балалардың сөздік қорларын дамыту.
Әлем бала көзімен
Әлем бала көзімен
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, «Ақбота» балабақшасының информатигі: Рахымбергенова Гулназ Ғалымжанқызы
Өлеңдер (оқушы шығармашылығынан)
Өлеңдер (оқушы шығармашылығынан)
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің 3 сынып оқушысы: Бахтиярова Жансая
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×