Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бояулар патшалығына саяхат

25 ақпан 2013, Дүйсенбі
«Бояулар патшалығына саяхат»
Білім беру салалары: «Шығармашылық», «Әлеуметтік», «Айналамен танысу».
Бөлімдері: «Бейнелеу өнері»
Мақсаты: Балаларды бейнелеу материалдары: жай және түрлі - түсті қарындаштар балауыз борлар, живопись, фломастермен жұмыс жүргізу техникасын бекіту.
Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру, бейнелеу материалымен ойын ойнауға ынталандыру; балаларға қуаныш сыйлау, шығармашылық шабыт ахуалын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Қылқалам, бояу, қарындаш, губка, трафарет, май шам, түрлі - түсті қағаз, сүлгі, тұғырын, өшіргіш және бейнелеу өнеріне қатысы жоқ заттар, «Қажетті затты көшір» ойыны, жылы және суық түсті карточкалар, «Геометриялық фигуралардан бейне құрастыр», «Затқа өрнек сал», «Элемент қандай жанрдан?», Портрет құрастыр» дидактикалық ойындары.
Сөздік жұмыс: Пейзаж, портрет, натюрморт.
Іс - әрекеттер бөлімі
Тәрбиешінің әрекеті
Баланың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ән - күй ойнап тұрады, балалар қарындаш киімдерін, маскаларын киіп бояулар патшалығына қонаққа барады.
Қарындаштар:
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн келді!
Қайырлы таң!
Сәлеметсіз бе, бояу ханшайымы!

Бояу ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, қарындаштар! Келгендеріңе қуанамын. Қараңдаршы менің патшалығым өте үлкен. Оның тұрғындары сурет салады, мүсін жасайды, қағазбен жұмыс істейді. Сендерде осындай жұмысты ұнатасыңдар ма?
- Иә, ұнатамыз!
- Қарындаштар, менің киімімде бояудың әр - түрлі түстері бар. Ал сендер түстер туралы не білесіңдер?
- Негізгі бояулар қандай?
- Қызыл, сары, көк.
- Балалар кемпірқосақты білеміз бе?
- Ол қандай болады?
- Кемпірқосақта қанша бояу түрі бар? - Қандай?
- Кемпірқосақта жеті бояу түрі бар. (қызыл, қызғылт сары, сары, жаыл, көгілдір, көк, көк сия)
- Сендер бояуларды араластыра аласыңдар ма?
- Иә.
Қызыл + сары - қызғылт сары.
Сары + көк – жасыл
Көк + қызыл – сия көк

Ақ + көк – көгілдір
(Балалар бояуларды араластырып бояп көрсетеді)
Бояу ханшайымы: Жарайсыңдар.
(Ән - күй ойнайды, фломастер кіреді)
Фломастер: О, ханшайым мына пішіндерді салып, қиып енді не істеуді білмей тұрмын?
Бояу ханшайымы: Ренжіме фломастер. Қарындаштар көмектесеміз бе?
- Иә.
Мына геометриялық пішіндерден бейне құрастырайық.
Дидактикалық ойын: «геометриялық фигуралардан бейне құрастыр».
(Балалар түрлі - түсті пішіндерден үй, көлік, адам, гүл жасайды)
Фломастер: Рахмет қарындаштар, сау болыңдар.
Бояу ханшайымы: Қарындаштар сендер қандай ертегі кейіпкерлерін бейнелеуді жақсы көресіңдер?
Балалардың жауабы.
Біздің патшалығымыздың тұрғындары ертегідегі кейіпкерлерді бейнеледі, қараңдаршы. Ой, кім мына суреттерді қиып тастады?
Дидактикалық ойын: «Портрет құрастыр»
(Ән - күй ойнайды, қылқалам кіреді)
Бояу ханшайымы: Қылқалам не ойланып жүрсің? Жарайсың, қарашы бізге қарындаштар қонаққа келді, оларға патшалығымызда ең әдемі бөлмені, өз суреттеріңді көрсет.
Қылқалам ойланып:
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен даланы.
Қызыл бояу қызғалдақ,
Сары бояу - сарғалдақ,
Жасыл бояу - жайлауым,
Іздеп келер армандап.
Сәлеметсіз бе ханшайым!
Мен қандай сурет салуды ойланып тұрмын.
Қылқалам: Иә, дұрыс. Жүріңдер мынау менің галереям
- Қараңдаршы мынау сурет қай жанрда салынған?
Портрет жанрында салынған (натюрморт, пейзаж) А. Қастеев, Г. Исмайлова, М. Кенбаев.
- Қандай атақты суретшілерді білесіңдер?
Бояу ханшайымы: Жарайсыңдар, сендердің білімдерің өте ұнады. Кәне енді сурет салып беріңдерші.
Қарындаштар:
Қызыл, жасыл, қарамыз,
Қолға кезек аламыз.
Қарындашпен әр түрлі,
Алуан сурет саламыз.
Қарындаштың көмегі,
Міне қандай көп еді,
Ұштай біл де, ұстай біл.
Түрлі өрнек салу біл.
(Балалар әр - түрлі әдістер арқылы сурет салады, ән - күй ойнайды)
Бояу ханшайымы: Қандай тамаша, әдемі суреттер! Кәне көрейікші не салдыңдар?
- Нені бейнеледің?
- Қандай тәсілмен салдыңдар?
- Суретте қандай түсті бояулар?
- Сендерге ұнады ма?
Аңды
Бастыру тәсілімен.
Ашық түсті бояулар.
Балалардың жауабы.

Математикалық ұғымдарын қалыптастыру. (Ертегі сабақ)
Мақсаты: Балалардың ой - өрісін кеңейту, 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандарды тура және кері санауға, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау оң, сол, алда, арт жақта ұғымдарын дамыту. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Апта күндерін атауды, үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Аспан, жұлдыздар суреті, шардан жасалған планеталар.
Әрекеттің кезеңдері:
Тәрбиешінің іс - әрекеті.
Балалардың іс - әрекеттері.
Ынталандыру, сезімді ояту.
Тәрбиеші: Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Балалар: Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
- Еліміз аман болсын!
- Аспан ашық болсын!
- Береке бірлік болсын!
- Ақылды, тәртіпті болайық!
- Үлкенді сыйлайық!
- Деніміз сау болсын!
- Бәріміз дос болайық!
Тәрбиеші: Балалар, бүгін мен балабақшаға келгенде үстел үстінен бір хат тауып алдым. Оны бізге Рапунцельдің ата - анасы жазыпты. Рапунцельді космос қарақшылары ұрлап, өзге планетаға алып кетіпті, оны құтқару қажет. Сендер құтқаруға дайынсыңдар ма?
- Иә, дайынбыз.
- Қорықпайсыңдар ма?
- Жоқ.
- Онда жолға шығайық. Міне біз ұшып келдік. Космос қарақшылары планеталарды сиқырлап қойған. Рапунцельді құтқару үшін біз әр планеталардағы тапсырмаларды орындауымыз керек.
(Планеталар - шарлар ілініп тұрады, әрқайсысында тапсырма. Шарларда «мені жар» деген жазу жазылған.)

1 - тапсырма:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Көктемде болатын табиғат өзгерістері туралы айтып беріңдерші.

- Күн жылы болады, құстар ұшып келеді, күн ұзарады, жерге шөп шығады.
- Көктемде неше ай бар?
- Көктемде үш ай бар: наурыз, сәуір, мамыр.

2 - тапсырма: Апта күндерін атау.
Апта деген ағайдың,
Жеті бірдей ұлы бар,
Біріншісі – Дүйсенбі,
Екіншісі – Сейсенбі,
Үшіншісі – Сәрсенбі,
Төртіншісі – Бейсенбі,
Бесіншісі – Жұма,
Алтыншысы – Сенбі,
Жетіншісі – Жексенбі.
3 - тапсырма: Балалар, космос қарақшылары сиқырлаған кезде, үй жануарлары мен жабайы аңдар араласып кетіпті, соларды орындарына қою керек.
4 - тапсырма: 1 - ден 5-ке дейін сандарды тура және кері санау. Сандарға арналған санамақ айту.
Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым – әкем,
Балаң үйрек – апам,
Шылдыр шүмек – мен,
Титтей бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
5 - тапсырма: Сурет бойынша уақытты бағдарлау. (Таңертең, түс, кеш, түн.)
Ұйқымыздан тұрамыз,
Беті - қолды жуамыз.
Әкемізге ереміз,
Бақшамызға келеміз,
Бұл қай кезде балалар?
(Таңертең).

Біз тәртіпті баламыз,
Сабақты да оқимыз.
Серуенге шығамыз, қыдырамыз,
Бұл қай кез?
(Түс).
Күн батады қызарып,
Анамызды күтеміз.
Бұл қай кез?
(Кеш).
Үйлерде шам жанады.
Дем алады бар әлем.
Деп әлдилер ақ әжем -
Бұл қай кез?
(Түн).
6 - тапсырма: Ойын: «Қай сан жоқ»
Мақсаты: Ойлау қабілеттері арқылы сандарды санау арқылы, жоқ санды табу.
Екінші ойын. «Дұрыс тыңда».
Мақсаты: Сылдырмақ соғылуын санай отырып, 1 - ден 5 - ке дейін белгіленген сандық үлестірмемен сандарды дұрыс көрсету.
7 - тапсырма: Геометриялық пішіндерді араластырып тастап, балаларға тапсырма беру. Үшбұрыштарды бір қатарға, төртбұрыштарды екінші қатарға, элипстерді үшінші қатарға, шеңберлерді төртінші қатарға, ал тік төртбұрыштарды бесінші қатарға орналастырып, әр қайсысын санмен белгілеу керек.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, өте тапқыр екенсіңдер. Рапунцельдің ата - анасы сендерге алғыс айтып жатыр.
27 660
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Пейзаж – табиғатты бейнелеу «Шуақты көктем»
Пейзаж – табиғатты бейнелеу «Шуақты көктем»
Бейнелеу өнері түрлерін жанрларын ажырата білуге, көзге көрініп тұрған нәрсені салуды, нәрсені алыстаған сайын кішірейіп көрсетуді, әрі қатесіз салуға үйрету.
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Әртүрлі пішіндер мен элементтерден өз бетімен өрнек құрастыру. Балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Пейзаж және портрет жанрлары
Пейзаж және портрет жанрлары
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, И Искандеров атындағы орта мектептің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Кейинова Чолпаням
Бояулар әлемі
Бояулар әлемі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Болашақ балабақшасы" МКҚК тәрбиешісі Джубанова Жазира
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп – бақшасының бастауыш класс мұғалімі Нажимова Асель Ниязгалиевна
Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері туралы ой - өрісін қызығушылығын арттыру. Балаларды суретші мамандығымен таныстыру, сұлулыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×