Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жемістер мен көкөністер әлемінде

29 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қостанай облысы,
Қостанай ауданы "Затобол мектеп - гимназиясы" ММ
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Көпеева Әлия Аманжолқызы

Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер әлемінде»
Мақсаты:
Білімділік: жемістер мен көкөністер туралы мағлұмат беру, түсінік беру.
Дамытушылық: тақпақ айту бойынша ой – қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету. Көрнекіліктер: жемістер, көкөністер.
Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:
1. Амандасу
2. Шаттық шеңбер (сөздер)
- Армысың, асыл күн!
- Армысың көк аспан!
- Армысың, жан досым!
- Армысыз қонақтар!
3. Презентация көру.
- Оқушылармен жемістер мен көкөністер туралы видео көреміз.
4. Дыбыстық жаттығу.
Біз қазір дыбыстық жаттығу жасаймыз.
– қи, қи, қи қияр,
- қар, қар, қар, қарбыз
- зім, зім, зім жүзім

3. Бау - бақшаға саяхат. Ал, балалар қазір біз сіздермен «Бау – бақшаға саяхат жасаймыз». Жемістер мен көкөністерді қайталаймыз.
- Плакат жасау. (Тақтаға бау – бақшаның суретін іліп, жемістер мен көкөністердің суретін ілемін.)
- Қоржын.(Тақтадағы плакаттан жемістер мен көкөністерді оқушылар алып, атауын атайды.)
- Жемістердің суреті ( алма, шие, жүзім, алмұрт, қияр, қарбыз) тақпақпен айту.

1) Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзің сүйемін!
2) Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
3) Мен қиярмын, қиярмын,
Жасыл болып өсемін.
4) Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
5) Қарбыз, қарбыз қарбыздар.
Балдай тәтті қарбыз бар.
(балалар хормен тақпақ айтып, қоржынға саламыз.)
6) Санау. (Балалармен қоржынға салынған жемістерді алып, санаймыз.)
7) Түстерді қайталау, видео
8) Сергіту сәті
9) Жемістерді бояу.
(Шығармашылық жұмыс. Балалардан жемістердің атауы мен түсін сұрау).
10. Не жоқ? ойын.( балалардың зейінің анықтау) суреттерден қандай жеміс жоқ екенін сұрау.
11. Қонақтарға сөз сөйлеймін. Құрметті қонақтар, сіздерді келе жатқан көктем мерекелерімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Сіздерге кішкентай бөбектеріміз дайындаған шағын концертімізді қабыл алыңыздар.

1) Би. (Финк Ульяна және Городовая Полина).
2) Тақпақ.
Аружан:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!

Заур:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Глеб:
Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Құттықтаймыз сіздерді
Аналардың күнімен!

Мәди:
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден,
Аналарға сыйлаймыз.

12. Сыйлық. Кішкентай бөбектеріміздің дайындаған сыйлығын табыс етеміз. Қабыл алыңыздар!
Осымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп рахмет.
Сау болыңыздар!

Толық нұсқасын жүктеу
4 568
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Күз туралы білімдерін толықтыру, көкөністер мен жемістерді сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту. Адамдар еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністерді ажыратады. Дауысты дыбыстарды ажыратып жазады
Fruits and vegetables, Жемістер мен көкөністер
Fruits and vegetables, Жемістер мен көкөністер
Балалар бүгінгі біздің оқу іс – әрекетіміз жемістер мен көкөністер туралы болады. Сонымен қатар «What is this? Мынау не?», «What colour is it? Түсі қандай?» сұрақтарына жауап бере білуді үйренеміз.
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №42 бастауыш мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Лайла Иманбайқызы
Көкөністер мен жемістер
Көкөністер мен жемістер
Қызылорда қаласынының №267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Арихова Ләйлә Жәкебайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×