Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғаттың білгіштері

28 сәуір 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Құлыншақ» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:
Жалпаксаринова Айгерим Амантаевна

Тақырыбы: Табиғаттың білгіштері
Мақсаты: Балалардың қоршаған ортасы жайында түсініктерін молайту.
Көктем мезгілінде болатын ерекшеліктерді айта білуге үйрету, салыстыруға дағдыландыру.
Дамытушылық: Сабақтың әр сатысы арқылы балалардың сөздік қорларын, дүниетанымдарын молайту. Қоршаған орталары жайында түсініктерімен көз қарастарын жаңарту. Жасыл ел акциясына қатысу, ағаш отырғызу.
Тәрбиелік мәні: Табиғатты, өз ортасын сүюге баулу. Қыстап қалатын құстармен жыл құстарын ажырата білуге үйрету. Өсімдіктердің өсу ретін анықтай білуге және жәндіктердің қалай пайда болатынын түсіндіру. Тірі табиғатпен өлі табиғатын байланысын түсіну, эксперимент жұмысы арқылы (топырақты зерттеу, суды тазарту)
Көрнекілігі: бәйшешек гүлінің суреті (слайд), құстардың суреттері, мнемокесте, үлестірмелі карточкалар, әуен, фланенграф тақтасы
Эксперимент жұмысына: стакан, топырақ, құйғыш, селдір мата, үлкейткіш
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Қолданатын технологиялар: ТРИЗ схемасы, кубизм, Зайцев технологиясы
Алдынала жасалатын жұмыс: Табиғатты бақылау, көктем мезгілі туралы өлең оқып
беру, құстардын тіршілігін бақылау.
Билингвалдық компонет: Көктем - весна, ұзақ қарға - грач, почва - қарашірік
Сөздік жұмысы: құнарлы, бәйшешек, қарашірік

Сабақ кезеңдері
Мотивациялық - оятушылық
Шаттық шеңбері
Біз әдепті баламыз
Біз ерекше боламыз
Қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздер ме деп
Сәлемдесіп аламыз
(Балалар шеңберге өлең жолдарын айтады)
- Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
(- Жыл мезгілі төртке бөлінеді)
- Ендеше жыл мезгілін атаңдар
(- Күз, қыс, көктем, жаз)
- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
(– көктем мезгілі)
- Көктем екенін қайдан білдіңдер?
(- Өйткені, жердегі мұз, қарлар еріп жатыр. Ағаштардың бүршік ата бастаған. Балалар құстарға ұя жасап жатыр.)
Балалар мен сендерге допты лақтырам сендер көктем туралы бір жылы сөз айтыңдар
- Көктем қандай.......
Көктем көрікті, сұлу, әсем т. б
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
Үстелдегі карточкаларды таңдауды ұсыну

Слайдпен жұмыс
Жұмбақ жасыру
Ол қардың астынан бірінші шығады
Көктемді бірінші қарсы алады
(Жауабы: бәйшешек гүлі - подснежникі)
Бұл не балалар?
(Бұл карта)
Картамен жұмыс жасау
Біз бүгін круйз саяхат жасаймыз
(Балалар өз қалаулары бойынша құстар, гүлдер, көбелек тобы болып үшке бөлінеді)
Бірінші құстар әлеміне тоқталамыз және өсімдіктер, жәндіктер әлеміне барамыз.
Ара болып ұшып барайық
(Әуен қосылады, балалар ұшып барады).
Карточкаларына сай үстелге отырыңдар
1 - топқа тапсырма: үстелдегі тапсырманы өздері оқып, орындау. Яғни жыл құстарын қыстап қалатын құстардың ішінен таңдап алып фланенграф тақтасына іліп, қасына оның ұясының суретін ілу.
Және мнемокесте арқылы талдау
Қай құсты таңдадың?
2 - топқа тапсырма: Гүлдін өсу ретін топтастыру, А3 қағазына гүлдін жақсы өсуіне не керек екенін карточкалар арқылы орналастыру, дәрілік өсімдікті құрастыру
Гүлдін өсу ретін мнемокесте арқылы айту.(Бір топта отырған балалар, әр түрлі тапсырма орындайды).
3 - топқа тапсырма:
Өрмекшімен басқа жәндіктерді салыстыру.
Ойыншық өрмекші және басқа жәндіктерді алып, олардың аяқтарын, көздерін, дене мүшелерін салыстыру. Екі схеманы толтыру, бір жақ бөлігіне өрмекшінің дене мүшелерінің санның жазу, екінші бөлікке басқа жәндіктерді жазу.(Балалар ақылдасып, мнемокестеге арқылы қортынды жасайды: яғни барлық жәндіктер үш бөліктен тұрады: басы, денесі, қауырсыны бар, ал өрмекшіде екі бөліктен тұрады басы, қауырсыны. т. б.)
Көбелектің өсу ретін көрсету.
Фишкалар тарату әр топқа.
Барлық топқа проблемалық сұрақ қойылады:
- Егер құстар болмаса не болушы еді?
(- Әсем ән тыңдай алмас едік, жәндіктер ағаштарды шірітуші еді. т. б.)
- Жәндіктер не үшін керек, олардың пайдасы бар ма?
Әр топ ақылдасып жауап беруін сұрау
Сергіту сәті (әуен ойналады)
Кубиктерден және гүл шоғынан төрт жыл мезгілдердің белгілерін құрастыру.
Картаға қарайықшы, біз енді қайда баруымыз керек?
(Зертхана баруымыз керек)
Зертханаға барайық
Топырақты зерттеу, суды тазарту.(Балалар өз қалауы бойынша бөлінеді.)
Топыраққа суды құйғанда судың бетінде не пайда болды? (- көпіршіктер пайда болды, яғни топырақта ауа бар.) Судың бетінде тағы не көріп тұрсыңдар? Яғни қарашіріктерді көріп тұрсыңдар.
Мнемокесте арқылы қортынды жасау
Слайдпен жұмыс. Біздің балалар, жасыл ел акциясына қатысып, балабақшаның бақшасына жеміс ағашын отырғызды

Рефлекстік - түзету
Картамен жұмыс:
Біз бүгін қайда бардық?
- Круйз саяхатына бардық
Не істедік?
Не түсіндіңдер?
Балаларды мадақтау

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Жыл құстарын және қыстап қалатын құстардың атауларын. Жәндіктердің құрлысын
Болу керек: қарашірік жәндіктермен, өсімдіктердің қалдығы екенін дәлелдей білу.
Үйрену керек: топырақтың құрамын, суды тазарту жолын. Топпен жұмыс жасай білуді, сұрақтарға толық жауап беруді.
4 210
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аңдар қалай қыстайды?
Аңдар қалай қыстайды?
Табиғатты, аңдарды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу;
Табиғат әлемі
Табиғат әлемі
Балалардың өз балабақшаларына деген ыстық сезімдерін дамыту. Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсетіп, топта тазалық сақтай білу сияқты әдептілік дағдыларын қалыптастыру.
Топырақ. Топырақты қорғау
Топырақ. Топырақты қорғау
Оқушыларға топырақ туралы түсінік беру Топырақтың табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру.
Үй құстары және дала құстары
Үй құстары және дала құстары
Ұй құстары туралы және дала құстары туралы түсініктерін бекіту. Оларға қамқорлық жасауға, аттарын толық білуге үйрету. Ұй құстары мен дала құстарын ажырата білуге үйрету.
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×