Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат әлемі

03 қаңтар 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қараша айы жыл аралығындағы «Балдәурен» ересек тобының күн тәртібіндегі тәрбие оқу қызметінің апталық циклограммасы
Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі
Апталық тақырып: Құстар біздің досымыз. Қыстайтын, жыл құстары
Балаларды қабылдау
Ата - аналармен әңгімелесу
Ойындар (үстел үсті, саусақ және т. б.)
Таңертеңгі гимнастика (5 мин)
Тәрбиешінің балалармен қарым - қатынасы: Балалардың өз балабақшаларына деген ыстық сезімдерін дамыту. Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсетіп, топта тазалық сақтай білу сияқты әдептілік дағдыларын қалыптастыру.
Үстел үсті, саусақ және т. б. ойындар.
Қимылды ойын: «Кім жылдам?»
Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Балалардың бойындағы зейінділік,
сезімталдық қабілеттерін дамыту.
Тақырыбы: «Кім тапқыр?»
Мақсаты: Суретте берілген бейнені дұрыс таба білуге дағдыландыру.
Қимылды ойын: «Тез орында?»
Мақсаты: Балаларды жылдамдылыққа, шапшаңдыққа, ептілікке дағдыландыру.
Ертегі.
«Қарлығаш пен дәуіт ертегісі»
Оқып беру
«Құстар неге қыстап қалады?»
Балалармен қыстап қалатын құстардың не себепті қыстап қалатындары туралы әңгімелесу.

Таңғы ас
Ойын - жаттығу Ас ішерде күнде біз
Сөйлемейміз күлмейміз
Астан басқа өзгені,
Елемейміз білмейміз.
Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын - жаттығулар
Қимылды ойын: «Аттамақ».
Мақсаты: Денені шынықтыру, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

«Саяхатшы ойыншық»
Мақсаты: Табиғат туралы білімдерін кеңейту.
«Табиғат әлемі» картиналар топтамасы.
Еңбек: Құстарға жем шашу.
Мақсаты: Қыста құстарға аяз қорқынышты емес, аштық қорқынышты болатынын түсіндіру. Оларға қамқор болу, аяушылықпен қарауға баулу.
Сөздік ойын.
«Кім шапшаң»
Мақсаты: Балалардың үй құстары, дала құстарын ажырата білуге білімдерін кеңейту.
Табиғат әлемі жүктеу
2 772
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балдәурен ересек тобының күн тәртібіндегі тәрбие оқу қызметінің апталық циклограммасы
Балдәурен ересек тобының күн тәртібіндегі тәрбие оқу қызметінің апталық циклограммасы
«Балдәурен» ересек тобының күн тәртібіндегі тәрбие оқу қызметінің апталық циклограммасы Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі Апталық тақырып: Құстар біздің досымыз. Қыстайтын, жыл құстары.
Циклограмма (бір аптаға)
Циклограмма (бір аптаға)
Тәрбиешінің балалармен қарым - қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым - қатынас және көтеріңкі көңіл - күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.
Жаз мезгілінің сауықтыру іс - шаралары
Жаз мезгілінің сауықтыру іс - шаралары
Жаз мезгілінің сауықтыру іс - шаралары. Өтпелі тақырып: «Жайдары жаз келді». Апталық тақырып: «Әрқашан күн сөнбесін».
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстар туралы тақпақ, мақал - мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы балалардың тіл байлығын арттыру. Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Айгөлек тобының перспективалық жоспары
Айгөлек тобының перспективалық жоспары
Балалардың бойында балабақша туралы түсініктерін, танымдық қабілеттерін, ой - өрістерін кеңейте отырып бірлескен әрекетке қызығушылықтарын дамыту
Бағдарлама «Сиқырлы театр»
Бағдарлама «Сиқырлы театр»
Театр - бұл сиқырлы өмір, онда бала қуана біледі, ойнайды, ойнай отырып қоршаған ортаны таниды. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуын, ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімдерін жетілдіруін қамтамасыз етеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×