Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңілді жаз

22 қазан 2016, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Көңілді жаз»
Мақсаты: Балалардың көңіл күйлерін көтере отырып, қимылдарды музыканың ерекшеліктерімен үйлестіру дағдыларын дамыту. Шуақты көңіл - күй сыйлау. Жазғы табиғат ерекшелігін би өнерімен байланыстыру. Би билеу техникасының негіздеріне үйрету: топтаса және дара билеу. Ересектің көмегімен және өздігінен би билеу. Өз ара татулыққа, достыққа тәрбиелеу. Бақаның қимыл - қозғалыстарын таныстыру.
Дамытушылығы: Әуенді тыңдау арқылы, бидің қимыл - қозғалыстарын еркін нақты ұқыпты жасай білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Баланың биге деген құштарлығын арттыру, би кезінде денесін тік ұстай билеуін, ара қашықтықты сақтауын, жасалған жаттығуды дұрыс, нақты жасауға дағдырландыру.

Керекті құралдар: Музыкалық орталық, аудиожазба, биге арналған әуендер.
Жүру барысы: Балалар марш әуенімен залға кіреді, жүру, жүгіру қимылдарын жасап ортаға шарты шеңберге тұрады.
- Балалар, алдымен амандасып алайық!
- Өте жақсы, рахмет балалар!
Сергіту жаттығу:
Әуенмен.
Шеңбер бойымен жүріп жасау.
- Аяқтың ұшымен кеудені тік ұстап жүру.
- Қолымызды түсіреміз, екі иығымызды кезек-кезек көтереміз.
- Жанға жүру.
- Жай шоқырақтау жаттығу.
- Балалар, көктем мезгілі санаулы күндерден кейін кетіп, көңілді жаз мезгілі келе жатыр, жаз мезгілі сендерге ұнай ма?
Балалар ия.
Жаз туралы бейне таспа.
Әуен ойнағанда:
Жаз ханшайымы келеді.
Балалармен амандасады.
- Ал енді мен сендерге ертегі айтып беремін, сендер сол ертегіні қимылмен суреттеп бересіңдер. Мұқият тыңдап, маған қараңдар.
- Бақта әдемі гүл өсіп тұрады (балалар, тізерлеп отырып, алақандарын бір біріне түйістіріп, гүл бейнесін салады).
Таң атып, күн нұрын шашып, бүкіл табиғат оянады, гүл де оянып өзінің жапырақтарын ашады. (балалар жаймен орындарынан тұрып, қолдарын жоғары көтеріп, екі жаққа ашады).
Самал жел соғады(балалар жан жаққа қолдарын тербетеді). Бір мезгілде жел күшейе түседі де, гүл жерге дейін еңкейіп қалады.(балалар қатты шайқалып, қолдарын жерге тигізеді).
Кенеттен гүл жұлынып, ұшып кетеді. (балалар бір орындарында айналады, бірінші оң жаққа, содан сол жаққа).
Сонан соң құстар ұшып келеді (балалар аяқтың ұшына тұрып, қолдарын жоғары - төмен қозғалтады).
Аралар да келе бастады! (балалар залда арлар қимылын салып жүгіреді). Аралар гүлге отырып, бал жинай бастайды. (балалар тізерлеп отырып, аралардың бал жинап жатырған қимылын көрсетеді). Аралар бізге не сыйлайды?, (балалар: Бал).
Біздің бақта бақалар да жүр екен! (Балалар бақа қимылын салып секіреді). Ал бақалар қалай сөйлеседі? (квак - квак). Біздің арамызда ең үлкен бақа бар ма? (балалар, жоғары секіріп, алақандарын бастарынан асырып соғады).
Жаз ханшайымның ертегісіндегі кейіпкерлердің қимыл - қозғалыстарын орындадық. - Ал енді мен сендерге « Көбелек» биін үйренуді ұсынамын. Алдымен аяқ, қол позицияларын естерімізге түсіріп орындап көрейік. (балалар позицияларды орындайды). Жарайсыңдар балалар, енді маған қарап, би қимылдарын қайталаңдар.
Би: «Көбелек биі»
Жерде отырады, әуен басталғанда жаймен тұрады. Екі жаққа алма кезек қол мен қимыл жасайды. Екі қолды төмен қою арқылы қимыл жасалады. Бір орында тұрып айналады. Екі тізесімен жерге отыру, арқылы алға қимыл жасалады. Жаймен тұрып, бір - бірлеп қанаттарын көтереді. Жаймен алға жүріп келіп, отырып қалады.

Ойын:« Өз жұбыңда тап»
Шарты: әуен ойнағанда балалар өз еріктерімен билеп жүреді, әуен тоқтағанда өз жұбын табады.
Би жетекшісі: балалар, сіздерге « көңілді жаз» туралы оқу іс - әрекетіміз ұнады ма?
- Бізге қонаққа кім келді?
- Жаз ханшайымы
Рахмет, балалар сіздерге. Сіздер бүгінгі оқу іс - әрекетімізге жақсы қатыстыңдар. Жаз ханшайымына ризашылығымызды білдіріп, мадақтауларын айтып шығарып салады.

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№33 «Көркемай» балабақшасы
Хореограф
Карманова Роза Быршымбаевна
14 089
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Теңіз жағалауына саяхат
Теңіз жағалауына саяхат
Баланың денесін түзеу, әдемі ұстауын жетілдіру, әдемі серпілу, иіліп – бүгілу қимылдарын меңгерту. Өткен позицияларды қайталау. Балаларды би өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Теңіз жағалауына саяхат
Теңіз жағалауына саяхат
Баланың денесін түзу, әдемі ұстауын жетілдіру, әдемі серпілу, иіліп – бүгілу қимылдарын меңгерту. Өткен позицияларды қайталау. Балалардың би өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көңілді жаз
Көңілді жаз
Жазғы табиғат ерекшелігін би өнерімен байланыстыру. Би билеу техникасының негіздеріне үйрету: топтаса және дара билеу. Ересектің көмегімен және өздігінен би билеу. Өз ара татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Би үйірмесі жоспары
Би үйірмесі жоспары
Бастауыш сынып мұғалімі Айнур Дуйсебаева
Ырғақты гимнастика
Ырғақты гимнастика
Тақырыбы:(музыканың сүйемелдеуімен жалпы дамытушы жаттығулар)
Денің сау болсын!
Денің сау болсын!
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №10 "Сказка" балабақшасында тәрбиешісі Бейсенова Раушан Мейрамовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×