Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дүкенші, Мазмұнды сюжеттік ойын

24 қазан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мазмұнды сюжеттік ойын
Тақырыбы: «Дүкенші»
Білімділік мақсаты: Балаларға дүкен, дүкенші (тұтынушы туралы түсінік беру) Дүкен адамдарға өте қажет екенін, дүкеннен азық - түлік, ойыншық, аяқ киімдер, ыдыстар т. б. ақшаға алатыны туралы түсінік түсіндіру.
Дамытушылығы мақсаты: Сұрақ - жауап арқылы балалардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту., балалардың қызығушылығын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Балаларды адамгершілікке инабаттылыққа баулу және достасып, бірігіп тату ойнауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар. Өлшеуіш, касса, тағам түрлері ыдыстар ақша т. б. дүкенге байланысты заттар.

Ұйымдастыру сәті:
Апаң сенің базардан
Алма сатып әперді
Ең үлкенін, тәттісін
Саған таңдап әперді
Алманы апаң қайдан алды?
Алманы кім сатты.
Алманы дүкеннен сатып алды.
Иә балалар
Бүгін біз дүкен ойынын ойнап көрелік.
Балалар мен сендерге ойын шартын түсіндірейін.
Ойын мазмұны. Тәрбиеші алдымен дүкенмен таныстырады. Онда дүкенші болатынын айтып түсіндіреді. Содан соң балалардың ішінен біреуін дүкенші етіп тағайындайды, ал қалған балалар сатып алушылар немесе клиенттер. Дүкенші өз формасын киеді. Дүкенге кірген кезде
- Сәлеметсіз бе
- Саламатсыз ба
Дүкенші: менің сізге қандай көмегім керек?
- Маған бір дана алма, екі дана апельсин керек еді.
- Мінекейіңіз
- Қанша төлейін
- 2 теңге
- Рахмет
- Ас болсын
- Сау болыңыз.
Сатушы:- Саламатсың ба
Тұтынушы - Сәлеметпе
- Мен немереме тәтті жүзім алайын деп едім?
Сатушы: мына жүзім өте дәмді.
- Ендеше маған содан 1кг өлшеңізші
Тұтынушы: Мінекейіңіз.
Сізден 3 теңге
- Рахмет
- Сау болыңыз?
Ендеше ойын ойнайық ойынның аты «Жемістер мен көкөністерді жинау.».
Ойын шарты: жерде шашылып жатқан жемістерді бір бөлек көкөністерді бір бөлек себептерге жинау.
- Жарайсыңдар балалар.
Енді өз орнымызға жайғаса қояйық.
Балалар біз бүгін қандай ойын ойнадық?
Мазмұнды ойын не туралы ойнадық.
Көкөніс дүкені.
Иа балалар көкөністер біздің ойымызды санамызды дамытады, бойымыз өседі.
Бүгінгі мазмұндық ойынымыз аяқталды. Топқа барып ойынымызды жалғастырамыз.
Сау болыңдар.

Коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорын
№33 «Көркемай» балабақшасы
Жақсылықова Мөлдір Абзалқызы
Екінші сәбилер топ тәрбиешісі
32 416
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азық – түлік – Продукты
Азық – түлік – Продукты
Жаңа сөздерді білу, ол сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра алу, сурет бойынша әңгіме құрастыра алу, мәтінді түсініп оқи алу, сұрақтарға жауап бере алу
Қуанамыз, ойнаймыз суықтан біз тоңбаймыз
Қуанамыз, ойнаймыз суықтан біз тоңбаймыз
Балалардың ойын әрекеттерін байыту. Балаларды ойын барысында белгілі рөлді орындауға бағыттап, сюжетін дамыту. Топ болып бірге ойнауға, бір - біріне мейірбанды болуға тәрбиелеу.
Ғажайып дорба
Ғажайып дорба
Балаларға қолмен сипап сезу әрекеттерін дамыту, көкөністер жайлы білімін тереңдету. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, жалпы ой - өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандық түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Мамандық иелері және олардың құралдарымен таныстыру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорларын молайту,
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Баймағамбетова Майра Серікқызы
Баға. Құн. Теңге
Баға. Құн. Теңге
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Балтагереева СалтанатНурлановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×