Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілік - әдемілік

14 тамыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: Әдептілік - әдемілік (мақал - мәтел)
Мақсаты: Балалардың өмірге қажетті білік - дағдыларын тереңдете отырып, әдемілік ұғымын түсіндіру. Алған білімдерін тиянақтай отырып іс - жүзінде көрсете білуге үйрету. Сөйлесе білуге, ойын терең жеткізе білуге үйрету, тіл байлықтарын дамыту. Мақал - мәтелдердің мағынасын түсінуін қалыптастыру. Адамгершілікке тәрбиелеу, сәлемдесу, кезек күту, бір - бірлерін сыйлай білуге, шыдамдылыққа баулу арқылы әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелесу, көрсету,
Көрнекілігі: дүкен. Ойыншықтар, касса, ақша, плакаттар
Алдын - ала жұмыс: Әдептілік туралы мақал – мәтелдер жаттату
Сөздік қор: дүкенші, касса
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, музыка, айналамен таныстыру, математика
(Балалар жарты шеңбер болып тұрады)
Тәрбиеші: Балалар сендер қандай мазмұнды кейіпкерлі ойынның түрлерін білесіңдер?
Балалар: Емхана, шаштараз, Жанұя, Дүкен
Тәрбиеші: Дұрыс балалар сендер күнделікті ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінен тыс уақыттарда қандай ойыншықпен ойнағанды жақсы көресіңдер.
Балалар: Машиналар, қуыршақ, доп
Тәрбиеші: Балалар олай болса бүгін біз «Ойыншықтар әлемі» ойынын ойнасақ қайтеді, ойнаймыз ба?
Ал қане олай болса бәріңде бері қарай қойыңдар, қандай әдемі ойыншықтар. Біз бұл жерді ойыншықтар дүкені етіп алайық. Дүкенде кімдер жұмыс жасайды?
Балалар: сатушы
Тәрбиеші: олай болса, ең алдымен сатушыны белгілеп алайық, сатушы кім болғысы келеді? (сатушыны санамақ арқылы табу)
Міне мына жер сатушының орны, сатушы келген адамдарға әдепті болып қызмет көрсетуі тиіс.
Ал мына жер касса, бұл жерде сендер алған ойыншықтарыңның бағасына сәйкес ақша төлеулерің қажет.
Бізде сатушы – Назым, ал ақша алушы кассир – Камила болсын.
Қалғандарымыз сауда жасаушы яғни ойыншық алушылармыз. Міне мынау ақша, мен сендерге таратып берейін.
Ал балалар ойынымызды бастайық.
Балалар ойыншық алуға кезекке тұрады. Аружан мен Әділет сендерге қандай ойыншықтар ұнайды, сол ойыншықтарыңды алып келе қойыңдар. Балалар кезекпен кіре бастайды, сол кезде ортаға сотқар бала кіріп кетеді.

Сотқар бала: Апай маған ойыншық берші
1-бала: Біз кезекте тұрмыз ғой, сізде кезекке тұрыңыз.
2-бала: Бұл менің кезегім, сен артқа барып тұр, жаңа келдің ғой.
Сотқар бала: Шаруаң болмасын өзім білемін
Тәрбиеші: Балалар неге шулап жатырмыз?
Балалар: апай мына бала кезекке тұрмай тұр
Тәрбиеші: Атың кім?

Сотқар бала: Сотқарбек деп атап кеткен бірақ менің атым Ақдәулет.
Тәрбиеші: Сенің сотқарлығың көп болғасын солай атаған ғой, мына істеп тұрған ісің дұрыс емес. Қарашы мына балалар кезекте бәрі де ойыншық алғысы келіп тұр. Ал сен болсай балалардың кезегін бұзып өзіңнің әдепсіз қылығыңды көрсетіп алдың. Балалар осы істеп тұрғаны дұрыс па?
Балалар: Жоқ, дұрыс емес.

Тәрбиеші: Біздің балалар әдепті де әдемі, қазақта мынадай мақал – мәтелдер бар.
1. Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.
Міне әдепті бала, айтқанды қылып бір – бірін сыйлап жүреді, ал әдепсіз бала өзінің істеген ісінің дұрыс еместігіне ылғи да таяқ жеп жүреді.
2. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергенің.
Әдепті балалар алдымен амандасады, ал сен болсаң амандаспастан бірден ойыншық сұрадың. Алдымен амандасып, содан соң барып керек затыңды сұрағаның дұрыс болар еді.
Ақдәулет қане айтшы, өзіңнің істеген ісіңді дұрыс деп ойлайсың ба?
Сотқар бала: Жоқ апай дұрыс емес екен.

Тәрбиеші: Олай болса сен алдымен балалардан кешірім сұрай ғой
Сотқар бала: Балалар кешіріңдер, менің істеген ісім дұрыс емес екен, мен енді алдымен амандасып кезекке тұратын боламын. Мен де сендер сияқты тәртіпті бала боламын.
Тәрбиеші: Жарайды Ақдәулет сені біздің топтың балаларымен бірге барып кезекке тұрып өзіңе ұнаған ойыншығыңды ала ғой.
Ал қане балалар сендер әдептілік туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер. Өзіміздің күнделікті жаттап жүрген мақал – мәтелімізді айтайықшы.
1. Кішіге ізет – үлкенге құрмет.
2. Жақсы бала жол сілтейді,
Жаман бала қол сілтейді.
3. Әдептің не екенін,
Әдепсіз адамды көргенде білесің.
4. Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
Жарайсыңдар балалар! Бұл ойынды біз оқу іс - әрекетінен тыс уақытта әрі қарай жалғастырып ойнайтын боламыз.
Балалар сендер бүгін мазмұнды кейіпкерлі ойынды ойнап іс - әрекеттерің арқылы өздеріңнің әдепті бала екендеріңді көрсете білдіңдер. Сендер арқылы Ақдәулетте өзінің іс - әрекетінің дұрыс емес екендігін түсінді.
Әдептілік туралы мақал – мәтелдерді жақсы білетін екенсіңдер. Бәріңде өте жақсы қатыстыңдар.
Енді бүгінгі өзіміздің сүйікті ойыншықтарымызға арнап «Ойыншықтар» әнін айтайық.
13 339
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Әдептілікке, әдемілікке баулу, күнделікті өмірдегі күн тәртібін, жаман мен жақсы әдет қалыптастырып ажыратуға үйрету. Адамгершілікке, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Желілі - рөлді ойын «Шаштараз»
Желілі - рөлді ойын «Шаштараз»
Тәрбиеші:- Балалар біздер топта қандай ойын түрлерін ойнаймыз? Балалар:- Қимылдық, дидактикалық, ұлттық, желілі - рөлдік т. б. ойындар. Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар, ал бүгін қандай ойын түрін ойнаймыз? Балалар:- Желілі - рөлдік ойын. Тәрбиеші:- Ал
Әдептілік - әдемілік белгісі
Әдептілік - әдемілік белгісі
Балалардың әдептілік туралы білімдерін кеңейту. Көрініс арқылы адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. Көрнекі суреттер арқылы зейін, логикалық ойлауын дамыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдептілік – әдемілік
Әдептілік – әдемілік
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Р. Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Орынтай Хасеновна
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Ақтөре Айгүл Сапарқызы
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Жұмашева Кенжегүл Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×