Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қоянның бақшасы

23 қараша 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу қызметінің айы: қазан. технологиялық картасы аптасы: 1 Екінші кіші тобы «Бүлдіршін»
Білім саласы: «Таным»
Тақырыбы: Қоянның бақшасы
Мақсаты: Балаларға геометриялық пішіндерді айыра білуге жаттықтыру (шаршы, үшбұрыш, дөңгелек), соның ішінде негізгі түстерді атауға үйрету (қызыл, көк, сары);
Заттарды әрі қарай салыстыруға үйрету «жуан», «жіңішке», «бірдей».
Математика оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру. Жануарларға деген жаңашырлық таныту.
Қолданылатын көрнекі – құралдар: ойыншықтар (қоян мен түлкі), қағаздан жолақшалар (жоталар), ұзындығы бірдей бірақ жалпақтығы әртүрлі және түстер (2 жолақшалардан әр балаға); көкөністері бар суреттер (сәбіз бен қырыққабат) бала санына байланысты.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгіме, түсіндіру, көрсету, мадақтау.
Билингвалдық компонент: жоталар - грядки.

Дәлелдеп - талаптану
Тәрбиеші балаларға тәңертең балабақшада балалар болмағанда хатшы келіп, орманнан хат келгенін айтып, хатты әкеліп тастап кетті. Тәрбиеші балаларға хатты ашып, оқып береді. Хатта қоян балаларды қонаққа шақырып жатыр. Тәрбиеші балаларға Қоянға қонаққа баратындарын айтады. Бірақ қоянға бару үшін алдымен пойызбен баратындарын айтады.

Ұйымдастырушылық ізденіс
Паровоз өлеңін айтады.
Тәрбиеші ағаштың жаңында отырған түлкіге назар аударады. Түлкі балалармен амандасады. Түлкі балалардан қайда бара жатқандарын сұрайды
Түлкі балаларға қоянмен жақсы дос екенің айтады. Түлкі егер маған көмектессеңдер мен сендерге қоянға барар жолды көрсетемін дейді. Ағаштың жанында қорапша жатыр, сол қорапшаның ішінде геометриялық пішіндер бар. Түлкі өзінің шашылып қалған моншағын көрсетеді. Солдан оңға қарай рет - ретімен қойылған: қызыл шаршы, көк дөңгелек және сары үшбұрыш және т. с. с. бірақ, абайсызда моншақтарын шашып алыпты және соны жинап беруге көмек сұрайды.
Түлкі балаларға алғыстарын айтып, қоянға жету үшін сергіту сәтін орындайды.
Тәрбиеші түлкіге рахмет айтып қоштасады.
Балаларды көңілсіз қоян қарсы алады.
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
Мен өзімнің бақшамда дәмді қырыққабат пен сәбіз отырғызайын деп едім.
Сәбізді жіңішке жоталарға ал қырыққабатты жуан жоталарға. Бақшаға келіп, нені қайда отырғызатынымды білмей отырмын. Маған көмектесіңдерші, өтінемін.
Тәрбиеші үстел үстіндегі жолақшаларды (жоталарды) алып және оларды қарауды ұсынады. Кейін балаларға ұзындығы мен енін көрсетуді сұрайды.
- Қандай жота ұзындығы бойынша үлкен?
- Қандай жота ені бойынша жуан?
- Қандай жота жуан, қандай жота жіңішке екенің қалай білуге болады?
- Ол үшін не істеу керек?
Кейін тәрбиеші балаларға көкөністерді отырғызуға ұсыныс береді. Жуан жолақшаларға (жотаға) қырыққабатты, ал жіңішке (жотаға) жолақшаларға сәбізді. Істеп болғаннан кейін тәрбиеші балалардан анықтап сұрайды.
- сәбіздер қандай жоталарда?
- қырыққабаттар қандай жоталарда?
Қоян балаларға алғыс айтып, балаларға тосын сыйы бар екенің айтады. Оны табу үшін балалар өзеннен, яғни өзендегі көпірден өтулерін сұрайды. Көпірден өткесін балалар қорапшаларға тап болады. қорапшалардың ішінен кәмпиттер табады.
- Балалар, қорапшада қанша кәмпит бар менде?
- Ал енді қызыл кәмпитті қыздар, жасыл кәмпитті ұлдар алыңдар.
- енді қанша кәмпит қалды?
- оны апай алып қойса, қанша қалады?
- жарайсыңдар, балалар! Ал енді пойызымызға отырып, топқа оралайық. Өлең айтып топқа оралады.

Тәрбиеші: Торина С. А.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 844
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Биік - аласа. Бір - көп
Биік - аласа. Бір - көп
Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру
Ұзын құлақ, ақ қоян
Ұзын құлақ, ақ қоян
Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үйлестіре білуге жаттықтыру, дөңгелек және үлкен - кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Бауырсақтың үйге оралуы
Бауырсақтың үйге оралуы
Заттарды салыстыру дағдысын дамыту. Балалардың геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш. Ұқыпты жұмыс істей білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту, ертегілерге деген қызығушылықтарын ояту.
Үйшік
Үйшік
Балаларға «биік» «аласа», «бір және көп» ұғымдарын түсіндіру. «Үшбұрыш», «Шаршы» геометриялық пішіндерімен таныстыру. Балалардың сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұйымшыл болуға
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Жапырақтардың түсі қандай? Осы түстерді ажырата отырып, бүгінгі оқу іс - әрекетінде бүгін біздер геометриялық пішіндермен танысамыз. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×