Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақша мен отбасы ынтымақтастығын құру

29 қараша 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Балабақша мен отбасы ынтымақтастығын құру»
(«Тәй – тәй бөпем» ата – аналар клубының жиналысы)

Қайырлы кеш құрметті ата - аналар! Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бала тәрбиесі бесіктен басталады демей ме? Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата - ана. Орыстың атақты педагогы А. С. Макаренко бұл жайында былай деген: «Баланың тәрбиесін ең алдымен оның әжесінен баста». Бұл сөздердің мағынасы өте зор деп ойлаймын. Себебі, біз алдымыздағы бүлдіршіндерді ғана емес, оның ата - анасын да тәрбиелеуіміз қажет. Олай болса, келесі кезекті ойынға бергелі отырмыз.
Ойын «Киндер сюрприз»
(ата - аналар бір - бір киндер сюрприздерден алып, жұмыртқаның ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді)

1 - сұрақ: Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысады? Бұл дұрыс па? Қалай ойлайсыз?
2 - сұрақ: Балаңыз басқа баланың ойыншығын тартып алып бергісі келмеген жағдайда қандай іс - әрекет жасайсыз?
3 - сұрақ: Балаңыз белгісіз себеппен жылап, жұбанбай жатса қандай амал жасайсыз?
4 - сұрақ: Бала берілген тапсырманы орындағысы келмегендей жағдайда қандай шара қолданасыз? Т. б.
5 – сұрақ: Бала (балабақша, әке, ана) дегенде сіздерге қандай ой, елес бірден келеді?
6 – сұрақ: Балабақшадан не күтесіз?
7 – сұрақ: Балаңызға көп назар аударасыз ба?
8 – сұрақ: «Тәрбие» деген, сіздің ойыңызша не?
9 – сұрақ: Қазіргі балалар қандай?
10 – сұрақ: Балаңызды балабақшадан алып келдіңіз. Баланың қолында бөтен біреудің затын көрдіңіз. Не істейсіз?
11 - сұрақ: Балаңызды балабақшадан алып келдіңіз. Баланың қолында бөтен біреудің затын көрдіңіз. Не істейсіз?
12 – сұрақ: Жұмыстан келіп үйдің тіршілігіне кірістіңіз. Жолдасыңыз теледидар көріп жатыр. Балаңыз қайта - қайта келіп сіздің мазаңызды алды. Шешуіңіз қандай?

Қорытынды: Бала ата - ананың айнасы - демекші, баламыздың бойына өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді сіңіре білейік.
Байлаулы бала (ойын):
Бір ата - ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс - шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата - ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.
Тәрбиенің ең керемет мектебі ол – отбасы. Ал баланы ойнай отыра тәрбиелеу ең үлкен мәселе, себебі ойын баланың ажырамас бөлігі. Сол себептен бала үнемі ойын үстінде болуы керек. Себебі, балаларымыз есейген шақта сіздің алып берген қымбат ойыншығыңыз емес, әдемі киімі емес, бір сәт болса да баламен ойнаған кезіңіз оның есінде есейгенде де қалады. Енді, құрметті ата - аналар балаңызбен қаншалықты ойнай білетіндеріңізді байқағымыз келіп отыр.
- Құрметті ата - аналар бәріміз жайғасып, көзімізді жұмып бір сәт тынышталып отырып, еркін тыныс алып осы бір тынысымыз арқылы бақытты балалық - шаққа шолу жасайық: «Жаздың әдемі шуақты күні. Сіз анаңызбен қол ұстасып келе жатырсыз. Үстіңізге ең сүйікті көйлегіңізді киіп, анаңыз екеуіңіз қуаныштысыз. Сіз ойнап жүгіріп анаңыздың алдына шығып кеттіңіз. Біраздан соң жақын адамыңыздан алшақтап кеткеніңізді сезініп, жүгіріп қолынан ұстадыңыз. Әлгі адам сізге күліп қарады. Көзіңізді көтеріп қарасаңыз алдыңызда мүлдем таныс емес адам тұр екен. Сіз тез ғана қолыңызды алып тастап, жан - жағыңызға қарадыңыз. Енді жайлап көздерімізді ашамыз». Қандай сезімде болдыңыз?
Ата - аналар жауабы:
- Қорқыныш сезімі пайда болды
- Осындай қорқыныш сезімі балаларыңыздың бойында ешқашан болмасын - дей отыра барлығыңыздан алақандарыңызды алға созуларыңызды өтінемін. Он жақ алақанымыз отбасы болса, сол жақ алақанымыз балабақша болсын. Ал енді үнемі ауызбіршілігіміз мол болып, жұмысымыз алға қарай өрлей берсін деген мақсатта алақандарымызды соғып қояйық.

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы,
«Болашақ» бөбекжай – бақшасы, жантанушы
Дюсенбаева Нургуль Тайлаққызы
3 126
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету.
Ата-анамен жұмыс және ата-анаға кеңес
Ата-анамен жұмыс және ата-анаға кеңес
Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс
Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс
Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын.... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.
Отбасы - тәрбие бастауы
Отбасы - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектептің педагог – психолог, өзін - өзі тану пәні мұғалімі: Шайкова Жулдыз Алихановна
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×