Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалардың денсаулығын нығайтамыз

29 қазан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Абитаева Алия Мейрамовна
Қарағанды қаласы, №42 "Тілек" б/б

Балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған.
"Балалардың денсаулығын нығайтамыз"
Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған. Біздің №42 «Тілек» балабақшасында спорт залы, аулада спорт және ойын алаңдары бар. Оларда түрлі жарыстар, әр бағыттағы спорттық ойындар жиі жүргізіліп тұрады. Күнделікті ертеңгілік балалармен дене шынықтыру жаттығулары жасалады. Балабақшада ата – аналардың қатысуымен түрлі спорттық жарыстар өткізіліп тұрады.

Спорттық жарыстар мен түрлі ойын – сауықтар балалардың ой санасының қалыптасуына, өзін еркін ұстап және жан – жақты жетілуіне әсер етеді. Дене тәрбиесіне байланысты балабақшада ата - аналарға жыл басында «Дене тәрбиесі мен Отбасы тәрбиесі» тақырыбында сауалнамалар таратылады. Сонымен қатар «Күзгі спартакиада», «Көңілді достар», «Кім жылдам», «Әкем, анам және мен» т. б. деген топ арасындағы эстафеталық жарыстар өткізіледі.

Ата - аналарға арналған сауалнама
«Дене тәрбиесі мен Отбасы тәрбие
Құрметті ата - аналар!


Сіздерден төмендегі сұрақтарға нақтылы жауаптарыңыз баланың шынайы денсаулығын шынықтыру мақсатындағы іс - шараларды ұйымдастыруда үлкен көмек болмақ.
1. Баланың аты - жөні
2. Сіздің аты - жөніңіз, біліміңіз, жұмыс орныңыз
3. Отбасы мүшелері баланың саны
4. Ата - ананың қайсысы спорт түрімен шұғылданады немесе шұғылданды? қандай? спорттық дәрежесі бар ма?
5. Балаңыз спортпен шұғылдана ма?(спорттық секцияларға қатыса ма?)
6. Үйде таңертеңгілік жаттығулар жасайсыздар ма?
а) анасы
ә) әкесі
б) балалары
7. Балаңызда күн тәртібі қалыптасқан ба?
а) иә
ә) жоқ
8. Үйде балаңызбен бірге денешынықтыру іс - шараларын жүргізесіз бе?
а) иә(қай түрі)
ә) жоқ
9. Сіздердің үйлеріңізде қандай денешынықтыру құрал - жабдықтары бар?
а) Үлкендерге арналған
ә) Балаларға арналған
10. Демалыс күндері балаңыз күндізгі уақытта ұйықтайды ма?
а) иә (ұйқы ұзақтығы)
ә) жоқ
11. Балаңыз бала - бақшадан кейін немесе демалыс күндері таза ауада қыдыра ма?(қанша уақыт көрсетіңіз?)
12. Балаңыз бала - бақшадан кейін немесе демалыс күндері немен шұғылданады
а) Қимылды ойындар
ә) Үстел үсті ойындары
б) Компьютер ойындары
в) Кітап оқумен
ғ) Еңбек түрлерімен
г) Теледидар көрумен
д) Ата - анамен қыдырады
13. Салауатты өмір салтын қалай түсінесіз?
а) Жаман қылықтан аулақ болу
ә) Спорт түрлерімен жүйелі айналысу
б) Денені шынықтыру
14. Сіз балаңызбен бірге оның денсаулығы жайыңда сөйлесесіз бе?
а) иә
ә) жоқ
15. Балаңыздың дене тәрбиесінде қандай қиыншылықтарды кездестіресіз
16. Сіздің ойыңызша бала - бақшаның ата - аналармен жүргізілетін іс - шараларының қайсысы баланың дене тәрбиесінің қалыптастыруда тиімді және қолайлы деп білесіз?
а) Ата - аналар жиналысы
ә) біріккен спорттық мерекелер
б) ашық сабақтар
в) дөңгелек үстел
ғ) тағы басқалары
БАЛА ТӘРБИЕСІН БІРІГІП АТҚАРУДАҒЫ КӨМЕГІҢІЗГЕ АЛҒЫС АЙТАМЫЗ.
ОТБАСЫҢЫЗҒА ДЕНСАУЛЫҚ, БАҚЫТ, СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ.
34 841
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дені сау бала – болашақ жемісі
Дені сау бала – болашақ жемісі
Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек.
Қол добы ойынының элементтерін үйрету
Қол добы ойынының элементтерін үйрету
Гандбол ойынының элементтерін меңгеру. Иық, қол бұлшық еттерінің қимылдарын дамыту.
Спорт еліне саяхат
Спорт еліне саяхат
Балалардың денесін шынықтыруға, денсаулығын нығайтуға, дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету. Қызықты көңілді ойындарды пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Балалардың дене бітімін үйлесімді дамытуға, тұлғасын дұрыс қалыптастыруға, бала денсаулығының мықты болуына, спортқа деген қызығушылығын оятып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Көңілді мәре
Көңілді мәре
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі дене шынықтыру мұғалімі Нұртазин Болат Нұрахметұлы
Карама-қарсы эстафета
Карама-қарсы эстафета
Оқушылардың денсаулығын нығайту, спорттық ойындарға қызығушылығын арттыру. Оқушыларға елімізде алғашқы қысқы Азия ойындарын өткізуді, олимпиадалық қозғалыс және салауатты өмір салты принциперін насихаттау, өз еліне деген ұлттық мақтанышты тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×