Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі

05 наурыз 2017, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Қарапайым математика.
Мақсаты:
Білімділік: Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, тікбұрыш, сопақша тәрізді геометриялық фигуралармен таныстыру. Заттың пішінін басқа заттармен салыстыруды үйрету. Заттарды пішіні мен көлеміне, түсіне қарай ажырата білу қабілетін қалыптастыру.
Дамытушылық: М. Монтессори әдісі бойынша қол, саусақ маторикасын дамыту. Шығармашылық жұмыс істей отырып, сөздік қорларын, ой – өрісін, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, зеректікке баулу. Шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, сергіту сәті.
Билингвальды компонент: Пішін – фигура.
Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер, видео, су, қағаз, желім, карточкалар, сурет үлгісі.
Сабақ түрі: Саяхат.
Пәнаралық байланыс: Әлеумет, коммуникация, қатынас.
Қолданылатын технология: Ойын.

Балалар жылулық шеңберіне тұрып амандасады.
Жылулық шеңбері:
Міне қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Сізге сәлем береміз.
- Балалар, біз бүгін сиқырлы пішіндер әлеміне саяхатқа шығамыз.
- Балалар, бұл саяхат бізге ерекше болайын деп тұр. Алдымызда қолдың бейнесі тұр. Бұл бейне жай бейне емес, арман - тілекті орындайтын ғажайып алақан екен. Бұл алақанға қолымызды қойып, көзімізді жұмып іштей ғажайып пішіндер әлеміне апар десек, біздің арманымызды орындайды екен. Олай болса, бәріміз орнымыздан тұрып, алақанға қолымызды қояйық. Қане, балалар біз сиқырлы пішіндер әлеміне келдік.
- Сәлеметсіздер ме, балалар. Ғажайып пішіндер әлеміне хош келдіңдер!
- Балалар, неліктен шеңбер деп аталады?
- Балалар, шеңбердің бұрышы бар ма?
- Бұрышы болмайды.
Шеңбер:
Мен шеңбермін, шеңбермін.
Осындаймын дөңгелек.
Айналамын күн сайын
Барлығы үшін біз керек.
Мен күн және мен ай
Мен қақпақпын қарасаң
Көліктің мен дөңгелегі
Маған жер шары ұқсаған.
- Балалар, үшбұрыштың неше бұрышы бар?
- Үшбұрыштың үш бұрышы бар.
Үшбұрыш:
Мен үшбұрышпын
Үш жағым бар
Үш төбеден жасалған.
Үй төбесіне қарасаң
Мен ғой сонда отырған.
Мен сендвич, мен үтік
Мен торғайдың тұмсығы.
Мен желкен, мен күшік
Ай, ой әзілдеймін
Күшік емес.
- Балалар, шаршының қабырғалары қанша?
- Шаршының төрт қабырғасы, төрт бұрышы болады.
Шаршы:
Мен шаршымын
Төрт жағым бар.
Төрт жағым менің бірдей.
Кел, ойнайық балақай
Би билейік біз солай.
Мен суретпін, мен терезе
Мен шахмат тақтасы
Мен тағы теледидармын
Мен жастайтын жастықпын.
- Балалар, мынау қандай пішін?
- Ол – сопақша.
- Сопақшада бұрыштар бола ма?
- Сопақшада бұрыштар болмайды.
Сопақша:
Мен сопақпын, мен сопақ
Ұзартылған домалақ.
Соңым жоқ, басым жоқ
Енді бірде жапалақ.
Мен жұмыртқамын
Мен айнамын
Мен, міне, осындай пішінмін.
Мен қоңыз, мен картоп
Аяқпенен топ – топ – топ.
- Балалар, мынау қандай пішін?
- Ол тіктөртбұрыш.
- Тіктөртбұрыштың неше бұрышы болады?
- Тіктөртбұрыштың төрт қабырғасы, төрт бұрышы болады.
Тіктөртбұрыш:
Мен тіктөртбұрышпын, тіктөртбұрыш
Қарама – қарсы жақтарым бірдей.
Көңілдімін мен осы
Кел, билейміз досым.
Мені сиқыр көресің,
Мен тақта, мен экран.
Мен рюкзакпын, мен қақпа.
Тез үйренеміз, қорықпа!
- Балалар, мынау қандай пішін?
- Ол – жұлдызша.
- Жұлдызшада неше бұрыш бар?
- Жұлдызшада бес бұрыш бар.
Жұлдыз:
Мен жұлдыз жанып тұрам,
Түнгі аспанға қарап жүрсең
Бесік өлеңін айтам.
Айтшы өлеңді менімен.
Қар бүршігі ол – мен.
Мұхит түбінде де мен.
Сен жатасың дебен.
Айтып тұрмын соған өлең.
- Балалар, пішіндер туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым. Енді, мен сендерді белсенділік орталықтарындағы жұмыстарыңды тамашалаймын.
- Балалар, белсенділік орталығында жұмыстар жасаймыз.
1. Тіл дамыту орталығында (сурет бойынша пішіндерге ұқсас заттарды табамыз).
2. Өнер орталығында (пішіндерден торғайды жабыстырамыз).
3. Су орталығында (желкенді қайық жасаймыз).
4. Үстел үсті орталығында сәйкес пішіндерді орналастырамыз (карточкамен жұмыс).
5. Ал құрылыс орталығында теміржол вокзалын жасаймыз (конструктордан құрастыру).
- Белгі арқылы орталықтарға бөлінеміз.

Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық
Қолдан шеңбер құрайық.
Дөңгелектей дөңгелеп
Шыр айналып тұрайық.
Қолды аспанға созайық
Түзу болып тұрайық,
Бір – біріне қосылып,
Үшбұрышты құрайық.

Қорытынды: Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар, біз қайда бардық?
- Ғажайып пішіндер әлеміне бардық.
- Қандай пішіндер туралы айттық?
- Үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, сопақша, шеңбер туралы айттық.
- Ал, енді, осы пішіндерді орысша айтайық:
Шеңбер – круг.
Үшбұрыш – треугольник.
Сопақша – овал.
Шаршы – квадрат.
Тіктөртбұрыш – четыреуглоьник.
- Балалар, сендер өте тамаша жауап бердіңдер! Сендерге көп рахмет!

ШҚО, Аягөз қаласы
№2 бөбекжай балабақша тәрбиешісі
Мустафина Қаламқас Сатыбалдиновна
23 508
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Балаларға өздеріне таныс дөңгелек, шаршы және үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді бір бірінен ажырата білуге үйрету. Геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Жапырақтардың түсі қандай? Осы түстерді ажырата отырып, бүгінгі оқу іс - әрекетінде бүгін біздер геометриялық пішіндермен танысамыз. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Тақырыбы: Шар мен текшені салыстыру (сөздік жұмыс)
Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі
Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Жұмашева Кенжегүл Құралқызы "Үздік тәрбиеші" номинациясы бойынша
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×