Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Геометриялық пішіндер

21 қазан 2014, Сейсенбі
Білім беру саласы: Қатынас. Таным.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Шар мен текшені салыстыру (сөздік жұмыс)
Мақсаты:
а) Балаларға геометриялық пішіндер – шар, текше сөздерін естеріне сақтауға, олардың ерекшеліктерін (мысалы: шар домалақ, домалайды; текше төртбұрышты, орнынан қозғалтуға болады, бірінің үстіне бірін қоюға болады) ажыратуға үйрету.
ә) Сөздік қорларын молайтып, сөйлеу қабілетін дамыту.
б) Ұқыптылық пен сабырлылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: (көңілді домалақ шар мен текшенің суреттері), үлестірмелі материалдар (ұқсас заттарды сурет бойынша сәйкестендіру). Дидактикалық жаттығу: «Қай зат қай затқа ұқсайды?».
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: шар, текше, доп.
Билингвальды компонент: шар - шар, текше - куб, доп - мяч.
Мотивациялық қозғаушылық:
- Бір – біріміздің қолымыздан ұстап, жақсы лебіздер білдірейік.
Еліміз аман болсын!
Анамыз аман болсын!
Деніміз сау болсын!
Балабақшамыз гүлдене берсін!

Ұйымдастырушылық – ізденістік:
Топқа қонаққа көңілді «Текше» мен көңілді домалақ «Шар» кіреді. Олар балалармен амандасып, олармен ойын ойнағысы келетіндерін айтады.
Балалардан:
- Көңілді текшенің «.....» дене пішіні неге ұқсайды?
- Оның түсі қандай?

- Текше төртбұрышты, бір орында тік тұрады, оны орнынан қозғалтуға болады. Міне, былай, - деп текшелердің бірнешеуін бір – бірінің үстіне қойып, мұнара жасауға болатынын айтады.
Билингвальды компонент: шар – шар, текше - куб, доп – мяч.
- Ал, домалақ Шардың дене пішіндері неге ұқсайды екен?
- Дұрыс айтасыңдар, допқа ұқсайды.
- Сен үстел үстіндегі шарды әкеле ғой.
- Мынау не?
- Пішіні қандай?
- Шардың түсі қандай?
Жеке балалардан топтың ішінде қандай заттар домалақ шар мен текшеге ұқсайтынын сұрайды.

Сергіту сәті:
Өн бойымды тік ұстап,
Таянамын бүйірді.
Бастап кетем
Дұрыстап
Сайгүлікше жүруді.
Бір! Екі! Бір! Екі!

Үлестірмелі материалмен жұмыс.
«Неге ұқсайды?» дидактикалық ойын жаттығуы. Бұл тапсырмада балалар суреттегілердің неге ұқсайтынын айтып, сурет бойынша сәйкестендіреді. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: геометриялық пішіндердің салыстыруға және сипаттауға арналған тапсырмаларын;
Түсінеді: затты түр – түсіне қарай сипаттау керектігін;
Қолданады: сөйлем құрастыра білу іскерліктерін.
13 740
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Таң, күн, кеш, түн (күнделікті жоспарлары топтамасы)
Таң, күн, кеш, түн (күнделікті жоспарлары топтамасы)
Тәулік бөліктеріне түсінік беру. 2 - 3 сандарын салыстыру, теңдік – теңсіздік таныс заттарды пішіні бойынша салыстыруды үйрету. (үлкен, азырақ, аз) Геометриялық пішіндер туралы (текше, шар, үшбұрыш) білімдерін бекіту.
Ғажайып қалта (дидактикалық ойын) Тілдің дыбыстық мәдениеті.
Ғажайып қалта (дидактикалық ойын) Тілдің дыбыстық мәдениеті.
Диалогтік сөйлеуде сөздерді дұрыс, анық айтуға, сұраулы сөйлемдерді дауыс интонациясын сақтап, дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы
Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы
Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің анықтамасын біледі, қасиеттерін ажырата алады. Тік бұрышты параллелепипед пен текшенің жазықтықтағы сызбасына есептер құрастыра алады.
Шұбар тауық
Шұбар тауық
Баяғыда бір әжей мен атай күнін әзер көріпті. Олардың жалғыз шұбар тауығы болыпты. Тауық бір күні алтын жұмыртқа тауыпты. Атай жұмыртқаны жерге ұрыпты, бірақ әлгі жұмыртқаны жара алмапты, әжей де ұрып – ұрып жара алмапты.
Көлемнің өлшем бірліктері. Текше және оның көлемі.
Көлемнің өлшем бірліктері. Текше және оның көлемі.
көлемнің өлшем бірліктерімен таныстыру және оның көлемін есептеуді меңгерту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×