Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алға домалауды үйрету. Нысананы дәлдеуді үйрету

23 маусым 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Алға домалауды үйрету. Нысананы дәлдеуді үйрету
Мақсаты:
Білімділігі: Салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалардың денсаулығын нығайту. Балалардың денсаулығын нығайтуға арналған хатка - йога элементтерін қолдану арқылы балалардың бойын түзеп жүруін, икемділігін, ой - өрісін дамыту. Алға домалауды үйрету. Нысананы дәлдікке көздеуді үйрету. Дамытушылығы: Балаларды шапшаңдыққа, ептілікке, ұйымшылдыққа, берілген жаттығуларды нақты орындауға дағдыландыру. Қимыл - қозғалыс тәжірибесін дамыту. Өмірлік маңызы бар жүру дағдылары мен біліктерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Спорттың адам өміріне маңызды екендігін, достыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, ойын. Қолданылатын құрал - жабдықтар: АКТ, кілемшелер бала санына қарай, матрас, «Боулинг» құралдары, ойын атрибуттары.

Мотивациялық қозғаушылық
Нұсқаушының іс - әрекеті
Жаттығу үшін, іс - әрекет үшін спорт залына баруды ұсынады (мақсат қою).
Бір - бірден сапқа тұрып, жүру.
Сәлеметсіздер ме, балалар?!
Нұсқаушының белгі беруіне қарай жаттығуларды орындай отырып, әр түрлі жүріс түрлерін орындайды.
Балалардың іс - әрекеті
Спорттық киімге, тапсырмалар мен ойындарға қызығушылық танытады.
Балалар спортша амандасады.
«Физкульт - сәлем».
Сапқа тұрып, бір орында тұрып маршпен жүреді.

Ізденуші - ұйымдастырушылық
Ғажайып сәт. Балалар, мен балабақшаға келе жатырғанда әдемі қорапша тауып алдым. Ол қорапшаның ішінде мынадай суреттер бар екен. Қане, экранға қарайықшы.
Нұсқаушы: Балалар бұлар кімдер?
Балалар: Бұлар кішкентай балалар.
Нұсқаушы: Балалар суретте не істеп жатыр?
Балалар: Балалар суретте жаттығу жасап жатыр.
Нұсқаушы: Дұрыс айтасыңдар. Олай болса біздер де осы жаттығуларды орындайық.
Біз бүгін жаңа жаттығу түрімен танысамыз.
1. ЖДЖ (хатка - йога жаттығулары):
«Асана» жаттығулар жиынтығы.
I. 1. Оң аяқты артқа жамбас айналасымен бүгіп, табанды бөксе бойымен қайырамыз. Сол аяқты дененің алдына бүгіп қоямыз. Қолды тізеге қоямыз, бас бармақ пен сұқ саусақты түйістіреміз. Омыртқа мен басты тік ұстаймыз.
2. Денені 1 асанадағыдай қалыпта ұстаймыз, оң және сол аяқ қалпын ауыстырамыз.
3. Оң аяқты шапқа қарай бүгеміз, сонан соң сол аяқты қасына қоямыз. Екі аяқты да демалыс күйінде ұстауға тырысамыз.

II. 1. Алдыңғы дене қалпынан бастап, сол аяқты алға қарай созамыз. Сол аяқ табанын бас бармақ пен сұқ саусақпен ұстап, басымызды тізеге тигізіп, денені босатамыз.
2. Алдыңғы дене қалпын сол және оңды ауыстырып жасаймыз. Денемізді бос ұстап, денемізді қадағалаймыз.
3. Екі аяқты алға қарай созамыз, бақайларымызды бас бармақ және сұқ саусақпен ұстаймыз, басымызды тізеге тигіземіз, тізені түзу ұстаймыз.

III. 1. Аяғымызды түсіріп, етпетімізбен жатамыз. Қолымызды екі жаққа алақанымызды еденге тигізіп қоямыз. Әр бұлшықетімізді босатып, теңізде жүзіп келе жатқандай елестетеміз.
2. Етпетімізбен жатамыз. Кеудеміз бен аяғымызды жоғары көтереміз.
3. Бір тізеге тұрып, кеуде мен бір аяқты жоғары көтеру.

IV. Жартылай бүгіліп, басты тізеге тигізіп тұру.
2. Тізеге түрегеліп отырып маңдайды еденге тигізіп тұру.
3. Тізерлеп отырып маңдайды еденге тигізу. Қолды екі жанына маңдайдың тұсына қоямыз.

V. 1 асанадағыдай отырып алға еңкейіп басты алақанымызға тигіземіз.
2. Сол жамбасқа отырып, оң аяқты сол жақ аяқтың тізесіне қоямыз. Сол қолымызды бүгілген оң аяқтың тізесінің астына өткіземіз, оң қолды артқа қарай жіберіп екі қолды қосамыз. Омыртқаны шама келгенше түзу ұстаймыз.
3. Алдыңғы қалыптан табанымызды бір - біріне тигізіп қолымызбен ұстаймыз. Тізені еденге қарай түсіреміз.

VI. 1асанадағыдай отырып, қарақұсымыздан екі қолмен үшбұрыш жасаймыз. «Лотос» жаттығуын орындап, оң жақтан тыныс алып, сол жағымызбен демімізді шығарамыз.
Балалар жаттығуды нұсқаушының көрсетуімен орындайды.
Негізгі қимыл - қозғалыс:
1. Алға домалауды бекіту.
2. Нысанаға дәлдеуге үйрету.
«Боулинг» ойынын ойнатады.
Балалар тапсырманы нұсқаушының көрсетуімен орындайды.
Қимылдық ойын: «Шортандар мен табандар».
Шарты: Қатты ағыс келгенде шортандар келеді. Сол уақытта табандар тастың артына тығылып қалу керек. Балаларды шапшаңдыққа баулу.

Рефлексиялық - түзетушілік
«Денсаулық» технологиясы.
Релаксация.
Қане әуе шары болайық. Шар ол сендердің іштерің болады. Қолдарыңды іштеріңе қойыңдар, сендердің шарларың дұрыс үрленіп жатқанын білу, демді ішке тартып шар үрлейміз, демді шығарамыз, желін шығарамыз. Міне сендер биіктесіңдер, көздеріңді жұмыңдар, жұлдыздарды елестетіңдер. Қараңғы түнгі аспан, жарық ай, көп - көп жұлдыздар. Олар жанады, жарқырайды, құлайды да, ғайып болады. Қандай тамаша! Әдемі! Құстарда ән салып тұрғандай, күн шықты, таң атты. Сендер де ояндыңдар, тұрыңдар.
Міне балалар, қараңдаршы сендерге Аспан ата да жарқыраған жұлдыз берген. Бұл жұлдыз жай жұлдыз емес. Қазір мен сендерге мұның сырын айтамын.

Қорытынды. Балалардың барлық жасаған іс - әрекеттерін, көңіл - күйлерін көтеріп мақтайды. Балаларға не қатты ұнағанын сұрайды.
Балаларға жұлдыз береді.
Сау болыңдар, балалар!
«Физкульт - сау бол!»

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Сапқа тұруды, әр түрлі жүріс түрлерін, баяу қарқынмен жүруді жүгірумен алмастыруды;
Меңгереді: Алға қарай баспен домалауда тепе - теңдікті сақтауды; нысанаға дәлдікті; хатка - йога элементтерін;
Жасай алады: Сапқа тұруды, ойынның шарттарын.

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№33 «Көркемай» балабақшасы
Дене тәрбиесінің нұсқаушысы
Тлегенова Данагул Шамшиденовна
3 654
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Футбол ойыны. Допты алып жүру және қақпаға тебу
Футбол ойыны. Допты алып жүру және қақпаға тебу
Оқушыларға футбол ойынының ережесі мен тәсілдерін үйрету. Оқушылардың жан - жақты өсіп жетілуі, денсаулығын нығайтуы және күш, ептілік, төзімділік сияқты қимыл - қозғалыстарын арттыру.
Спорт еліне саяхат
Спорт еліне саяхат
Балалардың денесін шынықтыруға, денсаулығын нығайтуға, дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету. Қызықты көңілді ойындарды пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Алға қарай 1 аяқпен секіріп, келесі аяқты ауыстыра кері кругтан - кругқа секіру
Алға қарай 1 аяқпен секіріп, келесі аяқты ауыстыра кері кругтан - кругқа секіру
Балалардың қозғалыстарын жетілдіру, 1 аяқпен секіруді және кругтан - кругқа секіруді үйрету.
Акробатикалық жаттығулар
Акробатикалық жаттығулар
И Искандеров атындағы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Баситов Халмурат Касимович
Гимнастика
Гимнастика
Палодар қаласы, Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Алепарова Гүлзат Ерболқызы
Гимнастика саптық жаттығулар
Гимнастика саптық жаттығулар
БҚО Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы ЖББ Х. Халиуллин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Калмияров Жансерік Қайратұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×