Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегілер елінде

29 мам 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
3 сынып
Үйірменің тақырыбы: «Ертегілер елінде» «Бауырсақ» және «Түлкі мен бөдене» ертегілері
Үйірменің мақсаты: Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін дамыту.
Міндеттері: 1. Білімділік: «Түлкі мен бөдене» және «Бауырсақ» ертегісінің мәтінін оқытып мазмұнымен оқушыларды таныстыру, тілдерін жаттықтыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың ертегілер арқылы сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: балалардың рольдерді ойнауға, еңбекқорлыққа, достыққа, кішіпейілділікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Орманның суреттері, үн таспа, слайд.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, рөлдерде ойнау.
Тәрбиешінің сөзі: Үйірмеміздің тақырыбы «Ертегі әлемінде» деп аталады. Демекші бізді әрқашан алыс жолдарға жетелейді. Есімізге түсірейікші ертегі қалай басталады.
Бар екен де, жоқ екен,
Ерте ерте ертеде
Ешкілері бөрте екен
Қырғауылы қызыл екен
Құйрықтары ұзын екен...
Енді осының ішінде хайуанаттар туралы ертегіге тоқталамыз. «Түлкі мен бөдене» және «Бауырсақ» ертегісін тамашалаймыз.

Сонымен 1 оқушы шығып «Түлкі мен бөдене» ертегісін бастайды
Түлкі шыққан кезде түлкі туралы слайд көрсетіледі. Бөдене шыққан кезде «Бөдене туралы» слай көрсетіледі.
Осыдан кейін «Бауырсақ» ертегісі ойналады Ең соңында оқушылар «Ертегілер» әнін айтады.
Түлкі мен бөдене
Бір күні түлкі келе жатса, бір бөдене жорғалап келе жатыр екен. Түлкі бөденені шап беріп ұстай алады. Бөденеге балапандарыңызды тауып берсең өзіңді қоя берем дейді. Балапандарым анау қалың шөптің арасында дейді. Түлкі бөденені қалың шөптің арасына алып келеді. Түлкі бөденеге балапандарыңды не деп шақырайын дейді, маңғыт деп шақыр дейді. Маңғыт деп түлкі айғай салғанда, бөдене аузыңа саңғыт деп ұша жөнеледі. Түлкі бөденеге өшіге түседі.
- Ей, бөдене не көріп тұрсың?
- Төрт аяқты бірдеңе келе жатыр дейді,
- Ойбай, ол тазы шығар - деп түлкі қаша жөнеледі
Түлкі - Мэлс Бөдене - Еркебұлан Автордың сөзін оқыған - Жанерке

Түлкі - төңірегіндегінің бәрін тіміскілеп, тексеріп шығуға құмар аң. Түлкі құрбақа, кесіртке, кейбір ірі насекомдарды да жейді. Алайда оның негізгі қорегі тышқан. Түлкінің терісі әдемі әрі бағалы.

Бөдене - тауық тұқымдастарының ішіндегі ең кішкентайы. Салмағы 70 - 140 грамдай ғана. Түсі сұрғылт қоңыр. Қара және ақшыл жолақтары бар. Секпілі бар және түсі қоңырлау 8 - 24 жұмыртқа туады. Олардың мекиені 15 - 17 күн басып, балапан шығарады.

Жарнамалық үзіліс. Бауырсақ ертегісі
Ертеде шал мен кемпір болыпты. Бірде шал...
Шал:- Бүгін маған дәмді бауырсақ пісіріп берші.
Тәрбиеші:- Дейді кемпіріне.
Кемпірі:- Ұнның біткені қашан, бауырсақты неден жасаймын?
Шал:- Қаптың түбін қағып, орнын сыпырсаң, біраз ұн жиналып қалар.
Тәрбиеші:- депті сонда шал. Кемпір қаптың түбін қағып, төгілгенін сыпырып, екі уыстай ұн жинайды. Оған қаймақ қосып қамыр илейді. Содан соң майға қуырады. Піскен бауырсақты терезе алдына суытып қояды. Жата - жата жалыққан бауырсақ терезеден жерге домалап түсіп, кемпір шалдан қашып кетеді.
Домалап келе жатып ол қоянды кезіктіреді.
Қоян:- Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Тәрбиеші;- Дейді.
Бауырсақ:- Мені; жеме қоян. Мен саған өлең айтып беремін:
Мен бауырсақ, бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап,
Апам екі уыс ұн жинап,
Қаймақ қосып шылап,
Ыстық майға қуырып.
Терезеге қойып суытқан,
Мен атамнан қаштым.
Апамнан да қаштым,
Ал сенен қашу. Қоян,
Қиын емес маған.

Қатысушылар: Бауырсақ – Бірлік
Қоян – Әлия
Қасқыр - Еркебұлан
Аю – Мэлс
Түлкі – Жанерке
Кемпір мен шал - Мирас пен Дамир
Автордың сөзін оқыған - Аружан.
Ең соңында «Ертегілер» әнімен аяқтайды.
9 873
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ертегілер елінде. Таңдау курсының бағдарламасы
Ертегілер елінде. Таңдау курсының бағдарламасы
Мектептің даярлық сыныптарында жүргізілетін «Ертегілер елінде» арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтарының атқаратын рөлі зор.
Ертегідегі жануарлар
Ертегідегі жануарлар
Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардың бейнелеу қабілетін шыңдау.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Аякөз қаласы, №4 жалпы аралас орта мектеп ішіндегі кіші кешен тәрбиешісі Абдинова Назым Даутовна
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Жұмашева Кенжегүл Құралқызы
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ақтөбе қаласы, №30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы Тәрбиеші Досанова А. Қ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×