Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауырсақ ертегісі

01 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдер: Есеп, көркем әдебиет, айналамен таныстыру.

Тақырыбы: «Бауырсақ ертегісі»
Мақсаты, міндеттері: Балаларға 3-ке дейінгі санауды жаттықтыруды жалғастыр. Заттарды ұзындығы бойынша теңестіруді қалыптастыру. Пішіндерді анықтау. Балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Сөздік жұмыс: Бауырсақ
Билингвалды сыңары: Бауырсақ - колобок
Заттың даму ортасы: Бауырсақ ертегісін фланерграфта көрсету, ойыншықтар, пішіндер, алжапқышты құрастыру қиындылары.
Шаттық шеңбері:
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Жыл мезгілдері, ай аттары, апта күндерін атау.
ІІ. Балалар бүгін мен сендерге Бауырсақ туралы ертегі айтып беремін. Бұл сендер жақсы білетін ертегі емес, ертегі жаңаша. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Онда бәрің ыңғайланып отырып мұқият тыңдаңдар.

Ертеде шал мен кемпір өмір сүріпті шал кемпіріне маған бауырсақ пісіріп берші деп айтады. Кемпірі қамырды иленіп ойланады қандай пішінде әдемілеп бауырсақты пісірсем екен деп, қамырды бірнеше бөлікке бөледі. Балалар, кемпір қамырды қаншаға бөледі? (3 - бөлікке)
Сендер қалай білдіңдер 3 - бөлікке бөлгенін? (қане санайық). Бір бөлігінен мынадай бауырсақ жасады (үш бұрыш). Кемпірдің бауырсағы қандай пішіннен болды.(Б. Ж.)
Шал бауырсақты көріп, сен не істедің бауырсақ мұндай болмайды ғой дейді.
Шал қайтадан қамырды илеп мынандай бауырсақ жасады.(шаршы). Шалдың бауырсағы қандай пішінде болды?(Б. Ж)
Кемпірі шалына ренжіп қалды, мен мұндай бауырсақты өмірі көрген емеспін деп, екеуі таласып қалады.
Балалар шал мен кемпір ұрысып қалмау үшін біз оларға көмектесейік.
Сендер қалай ойлайсыңдар? «Бауырсақ»қандай пішінде болуы керек?(дөңгелек)
Сендер ойланыңдар алақандарыңызда қамырдың бір бөлігі деп. Өздерің бауырсақты илеп көріңдерші (илеу әдісі)
Міне, біздің бауырсағымыз мынандай әдемі болып шықты.

Сергіту сәті: мынау - менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау – басым ақылды
Бәрі осы атқарған
Мынау – менің оң қолым
Мынау - менің сол қолым
Барлық істі атқарған

Шал мен кемпір екеуі татуласты. Пісірген бауырсақты суысын деп терезенің алдына қойып, өздері шай дайындауға кетті.

Бауырсақ терезенің алдында жатқаннан жалығып шөптің арасымен домалап орманға кетті.
Келе жатқан қоян бауырсақты көріп қуанып кетеді
«Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!- дейді»
Бауырсақ айтады, менің бір тапсырмамды орында да мені жей бер дейді Ал, енді балалар бәріміз бірігіп бауырсақтың тапсырмасын орындайық.

1. Ойын: Алжапқышты құрастыр
Балалар бір - бірден геометриялық пішінді алып орнын табады. (түсін, пішінін анықтау). Өзінің түсіне байланысты тауып құрастыру әңгімелеп айту.

2. «Дүкен» ойыны (қасқырмен кездесуі)
Текшеде ойыншықтарды орналастыру.
Балалар ойыншықтарды қарап көреді, қалай орналасқанын естеріне сақтау.
Балалар теріс қарайды, орындарын ауыстырып, біреуін алып қою
Балалар не өзгерді, не... жоқ екенін анықтайды

3. Аюмен кездесуі.
Ойын: «Үйлер мен жолдар».
Балалардың көңілін сызбаға аудару.
Түрлі түсті жолдар мен жануарлардың үйін ара қашықтықтарын анықтау (ұзын, қысқа) жолақшалар арқылы (алыс - жақын) ұғымын қалыптастыру

4. Түлкімен кездесуі
Ойын: «Екі обручпен» Әр балада 2 - ден геометриялық пішін. Кілемнің үстінде екі обруч жатыр қызыл және жасыл.
Балалар өздерінің пішіндердің орындарын табу.

5. Бауырсақ өзінің атасы мен апасына қайта оралады, балалармен бірге. Кемпір балаларға тәтті тоқаш сыйлайды. Балалардың іс - әрекеттеріне баға береді.
25 812
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауырсақ ертегісін сахналау
Бауырсақ ертегісін сахналау
Балалардың сөздік қорын жетілдіру негізінде тілдік құзіреттілігін қалыптастыру. Түрлі рольдерді қабылдай білуге және сөздерді түсінуге жаттықтыру. Ертегінің қойылымына қызғушылықтарын арттыру.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Ол үшін біз «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейік. Қане балалар, 6 санының көршілерін кім атап береді?
1-ден 10-ға дейінгі сандар
1-ден 10-ға дейінгі сандар
Тақырыбы: 1-ден 10-ға дейінгі сандар (Қайталау)
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
Қарағанды облысы, «Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп - интернат» КММ Камзабаева Лязат Орынбасаровна
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ақтөбе қаласы, №30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы Тәрбиеші Досанова А. Қ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×