Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауырсақпен орманға саяхат

22 қазан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Балалардың бауырсақ ертегісі мен саяхат жасата отырып ертегіде кездескен бауырсақ пен аңдар арасындағы қиыншылықтар жұптаса көмектесіп орындатуға үйрету. Балаларға дәстүрлі емес әдіс - тәсілдермен жұптаса орындату барысында сөйлеу арқылы тілдік қорларын молайту. Ойлау қабілеттерін қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін нығайту. Еңбекқорлыққа достыққа, кішіпейілділікке мейірімділікке тәрбиелеу.

Барысы:
Таңертеңгілік шаттық:
Қане балалар қараңдаршы бізге коп қонақ келген екен ендеше қонақтармен амандасайық.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Балалар таңғы шеңберде тұрып бір - біріне сәттілік тілейді,
Сәттілік бүгін тілеймін!
Мен саған,
Сен маған,
Қолымызды көтеріп,
Күнге қарап,
Қуанышын төк маған!
Жүрегімнің ыстығын,
Сыйлаймын саған,
Қабыл ал!
Мен саған, сен маған.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге қарай домалап біреу келе жатыр. Бұл кім болды екен.

Бауырсақ: Ля - ля Мен Бауырсакпын
Сәлем кішкентай достарым
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші: Балалар бауырсақ қайдан тап болды?
Балалар: Бауырсақ ертегісінен
Тәрбиеші: Балалар бауырсақ ертегісін білеміз бе?
Балалар: Білеміз
Тәрбиеші: Ендеше балалар бауырсақ ертегісін еске түсірейікші.
Балалар: Бауырсақ ертегісін қысқаша айтып береді.
(Гүлназ, Жұлдызай, Әлия, Аружан, Мадина, Диана)
Бауырсақ: Бәрекелді, Жарайсыңдар мені, менің ертегімді жақсы біледі екенсіңдер.
Тәрбиеші: Бауырсақ сен қайда бара жатырсың?
Бауырсақ: Мен балалар ата мен әжемді таба алмай жүрмін.
Жұлдызай: Бауырсақ біз орманда серуендеп жүрміз, жүр сені атаң мен әжеңе апарып тастайық. Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?
Балалар: Көмектесеміз.
Балалар: балалар қол ұстасып саяхатқа жиналады (Бауырсақ құсап домалап жүреміз) Бір кезде алдарынан секіріп-секіріп қоян шығады
Қоян: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Алия: Сүйкімді аппақ қоян. Жемеңізші біздің досымызды, бауырсақты.
Біз сізге өлең айтып береміз.
Қоян: Жоқ жоқ менің өлең тыңдағым келіп тұрған жоқ. Егер сендер мына шашылып жатқан пішіндерді, атап, түстерін ажыратып маған үй құрастырып берсеңдер мен бауырсақты жемеймін.
Балалар: Жарайды Қоян біз келістік (балалар пішіндерді атап береді, түстерді ажыратып, үй құрастырады)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ендеше саяхатымызды ары қарай жалғастырайық. (Домалап, домалап бауырсақпен саяхаттап келеміз).
Қасқыр: Бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін.
Жұлдыз: Жемеңізші, Қасқыр аға, біз сізге өлең айтып береміз.
Қасқыр: Жоқ жоқ менің өлең тыңдағым келіп тұрған жоқ. Мен мына кедергілерден өте алмай тұрмын. Маған көмектессеңдер мен бауырсақты жемеймін.
Балалар: Жолдарды құрастырып барлығы дәстүрлі емес кедергілерден өтеді.
Қасқыр: Жарайсыңдар балалар рахмет сендерге мен бауырсақты жемеймін, жақсы достары бар екен.
Тәрбиеші: Балалар ендеше жұптасып ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.
Аю: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Диана: Жемеңізші, Аю аға, біз сізге өлең айтып береміз.
Аю: Ойланып тұрып Жарайды ендеше маған мына тапсырманы орындап беріңдер. Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар, соңғы қай ай? Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар: Тапсырманы бұлжытпай орындайды. Күз туралы тақпақтар (Әлия, Жұлдызай, Рустам, Диана, Диана )
Аю: Бәрекелді, Жарайсыңдар балалар, мен сендердің достарыңа бауырсаққа тимеймін орманға саяхаттап жүре беріңдер. Күз туралы көп біледі екенсіңдер. Жолдарың болсын!
Балалар: Домалап, домалап бауырсақпен бірге саяхаттап келеміз.
Түлкі: Бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін.
Гүлназ: Жемеші, Түлкі апа, біз сізге өлең айтып береміз
Түлкі: Ой балалар мен өлең тыңдағым келіп тұрған жоқ. Менің қарным ашып тұр. Мен қамыр ашытып қойып едім бауырсақ пісірейін деп дөңгелек пішін жасалмай тұрмын. Егерде маған көмектессеңдер мен сендердің достарың бауырсақты жемеймін.
Балалар: Жұптасып жүріп дәстүрлі емес әдіспен қамырдан дөңгелек бауырсақ жасап береді.
Түлкі: Бәрекелді! Жарайсыңдар балалар! Рахмет сендерге мен сендерге мына жасаған бауырсақтарыңды пісіріп әкеліп берейін.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы біз кімнің үйіне жетіп қалдық?
Бейбарыс: Бауырсақтың ата-әжесінің үйіне келдік.
Бауырсақ: Балалар сендерге көп-көп рахмет, сендер нағыз доссыңдар. Сендер сияқты ақылды, мейірімді, достар көп болсын. Сау болыңдар, балалар!
Балалар: Сау болыңыз, Бауырсақ!

Тәрбиеші: Міне балалар саяхаттап ақыры өз тобымызға да жеттік. Қараңдаршы жұптаса жүріп, достаса жүріп талай қиыншылықты жеңдік. Балалар біз саяхатқа қайда бардық? Орманға бауырсақпен саяхаттап бардық. Бүгін сендер кімге көмектестіңдер? «Бауырсаққа». Кімге жегізген жоқсыңдар? Қу түлкіге жегізген жоқпыз. Олар енді еш уақытта бауырсаққа тиіспейді. Біз аңдармен бауырсақты татулыққа, достыққа, мейрімділікке баулыдық. Ал балалар біз де енді қандай боламыз.? Әрине, қане бір - бірімізді құшақтап айтайық «Біз әрқашанда тату, бірге боламыз». Ендеше жұптаса татулық тақпағымызды айтайық.
Балалар: Біздің топта ұл - қыздар
Тату - тәтті ойнаймыз
Әлемдегі бар адамға
Тек жасылық сыйлаймыз

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қу түлкі бізді алдамапты сендер көмектескендерің үшін, сый ретінде шын бауырсақтар пісіріп алып келіпті. Осымен ұйымдастырылған оқу – іс әрекетіміз аяқталды қонақтармен қоштасайық.
10 363
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауырсақтың ізімен
Бауырсақтың ізімен
Қоршаған ортаны тану арқылы сенсорлық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Бауырсақпен саяхат
Бауырсақпен саяхат
Бауырсақпен бірге орманға саяхатқа шығайық. (Бауырсаққа ұқсап домалап жүреміз)
Қызыл Телпектің саяхаты
Қызыл Телпектің саяхаты
Балалар, мен қазір сендер ертегіні қаншалықты жақсы білетіндеріңді тексеремін. Ертегілердің үзіндісін оқимын, ал сендер ол қай ертегінің үзіндісі екенін айту керексіңдер.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Жұмашева Кенжегүл Құралқызы
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ақтөбе қаласы, №30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы Тәрбиеші Досанова А. Қ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×