Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұма күнінің қасиеті

26 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: “Қатынас”,”Таным”,”Әлеуметтік орта”
Бөлімі: Айналамен таныстыру
Оқу іс-әрекет тақырыбы: “Жұма күнінің қасиеті”
Мақсаты: балалардың апта күндері туралы түсініктерін кеңейту. Жұма күнінің қасиеті туралы түсіндіру,”Жеті шелпек” туралы түсінік беру, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Мешіттің суреті, Жеті шелпек нан.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, саяхат, сұрақ-жауап.

Мотивациялық кезең:
Тәрбиеші:
- Балалар бүгінгі күн қандай тамаша, сендер де өте әдімісіңдер. Бүгінгі күндерің қуанышқа толы болсын деп тілек білдіремін.
(Балалар өз тілектерін арнайды)
Тәрбиеші
- Балалар бүгін аптаның қандай күні
- Жұма
- Дұрыс. Бұл күні біз қандай оқу іс-әрекетін өтеміз?
- Айналамен таныстыру
- Тамаша. Онда біздің бүгінгі тақырыбымыз жұма күнінің қасиеті туралы болмақ.
- Балалар апта күндері туралы өлеңді кім маған жатқа айтып береді екен?
Арсен:
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада
Сейсенбіде серуен құрдық далада
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп
Бейсенбіде би биледік әндетіп

Аяжан:
Жұма күні жидек тердік қыратта
Сенбі күні кино көрдік клубта
Жексенбіде үйде болдық, демалдық
Осылайша өте шықты бір апта.

Ізденушілік-ұйымдастырушылық:
Өткен іс-әрекеттерде біз иманды болу деген ата-ананы құрметтеу, үлкенге құрмет, кішіге ізетті болу, өз елін, жерін сүю, ана тілін құрмет тұту деп айттық естеріңде ме?
Сонымен бірге иманды болу өз халқының салт-дәстүрін сыйлау болып та табылады.
Бүгін мен сендерге сол салт – дәстүріміздің бірі туралы айтып бермекпін.
- Балалар сендердің аналарың, әжелерің жеті шелпек пісіреді ме?
(балалар жауабы)
- Жеті шелпекті қай күні пісіреді? (балалар жауабы)
- Иә, балалар, жұма күні біздің қазақ халқында және де басқа мұсылман халықтарында”Қасиетті күн” болып есептелінеді. Бұл күні әр отбасындағы әжелер, аналарымыз “жеті шелпек” пісіріп таратады. Шелпек алған адам “құдайың қабыл болсын!”деп тілегін айтады. Шелпек таратқан адам “Әумин!” деп тілегін қабыл алады. Жұма күні қайтыс болған туыстарына арнап құран бағыштайды. Бұл күні кір жууға болмайды.
Мұсылман халқына қазақтардан басқа да ұлт өкілдері кіреді. Мысалы: татар, өзбек, ұйғыр, қырғыз т. б Сондықтан мұсылман халқының салт-дәстүрлері бір-біріне ұқсайды. Жұма күні мұсылман халқы мешітке барып құран, намаз оқиды. Алладан еліне, жеріне, халқына бейбіт өмір бер деп тілек тілейді.
- балалар сендер мешітке барғандарың бар ма? (балалар жауабы)
- балалар ендеше біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізді сол мешітке саяхатпен жалғастырсақ.

Рефлекциялық:
(Ауыл орталығындағы мешітке саяхат жасайды)
(Балалар мешіт имамымен амандасады. Тәрбиеші мешітте балаларға жеті шелпек нан таратады)
Мешіт имамы:
- Дастархандарыңа береке берсін!
Бастарыңа мереке берсін!
Астарыңа адалдық берсін!
Бастарыңа амандық берсін!
Дендеріңе саулық берсін!
Әумин!- деп бата береді.
(Мешіт имамы құран оқиды.)
Имаммен қоштасып Тәрбиеші балалармен балабақшаға оралады.

Күтілетін нәтиже:
“Жеті шелпек”ұғымын түсінеді
Жұма күнінің қасиеті туралы біледі
8 213
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәулік, апта, ай
Тәулік, апта, ай
Уақыт бірліктерімен және олардың ара қатынасымен таныстыру, екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыруға машықтандыру, сағатпен, минутпен өрнектеп жазуға үйрету;
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Балалардың алған түсініктерін бекіту. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
Орал қаласы, Казталов ауданы. Балабақша тәрбиешісі Аяп Гаухар
Математика әлемі
Математика әлемі
Екібастұз қаласы, № 14 «Малышок» балабақшасы тәрбиешісі Тасбаева М. А.
7 саны және цифры Апта күндері
7 саны және цифры Апта күндері
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы Тубсанатории негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байтакова Жаныл
Апта күндері. Атауы
Апта күндері. Атауы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 19 арнаулы түзеу мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жиенбекова Баян Советовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×