Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз және театр

22 қараша 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Үйірме: "Біз және театр"
Кіріспе.
Ертегілердің бәрі де жақсылықпен аяқталады. Кедергілермен алысып - жұлысқан кейіпкерлер ең ақырында барша мұратына жетеді. Жетім жетіледі, жарлы байиды. Кеткенің келеді, кемісің толады. Ертегі аяқталған кезде жеңіске жеткен кейіпкерлермен бірге қуанасың. «Ізгі ниетіңнен айналайын, қазақ ертегісі!» — деп сүйсінесің.
Ертегі – халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұраларының бірі. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс - әрекетін, барлық мұң - мұқтажын, күрес - тартысын, талап - тілегін шыншыл ертегілерде бейнелеп, суреттеген.

Мақсаты:
Театрдың басты мақсаты – балаларды этикалық және эстетикалық көзқарасқа тәрбиелеу. Балаларға арналған театрланған ертегілер түрлері өте көп.
Саусақ театрында – саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең - тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т. б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.

Үстел үстіндегі театры. бастап - ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрден, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер - театр»; магнит театры; «мочалка театр»; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады (олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қояды); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковски ойыншықтар).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
23 537
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Менің ертегілерім
Менің ертегілерім
Ертегі – халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұраларының бірі. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс - әрекетін, барлық мұң - мұқтажын, күрес - тартысын, талап - тілегін шыншыл ертегілерде бейнелеп, суреттеген.
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау. Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеті мен жүріс тұрыстарын қызығушылықтарын қалыптастыру
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа апарып, театр түрлерін ажыратуға, театрға барғанда қалай отыру, өзін – өзі көпшілік ортада ұстай білуге үйрету. Ертегіні тындай білуге, ертегіні баяндауға дағдыландыру.
Бағдарлама «Сиқырлы театр»
Бағдарлама «Сиқырлы театр»
Театр - бұл сиқырлы өмір, онда бала қуана біледі, ойнайды, ойнай отырып қоршаған ортаны таниды. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуын, ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімдерін жетілдіруін қамтамасыз етеді.
Тіл дамыту сабағындағы саусақ  ойындарының маңызы
Тіл дамыту сабағындағы саусақ ойындарының маңызы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясының тәрбиеші Шахметова Анар
Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау
Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Борашева Гүлбаршын Ермекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×