Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің ертегілерім

18 маусым 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі (оқушылар туындысы)
Алғы сөз.
Ертегі – халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұраларының бірі. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс - әрекетін, барлық мұң - мұқтажын, күрес - тартысын, талап - тілегін шыншыл ертегілерде бейнелеп, суреттеген. Ертегілердің бәрі де жақсылықпен аяқталады. Кедергілермен алысып - жұлысқан кейіпкерлер ең ақырында барша мұратына жетеді. Ертегі аяқталған кезде жеңіске жеткен кейіпкерлермен бірге қуанасың. «Ізгі ниетіңнен айналайын, қазақ ертегісі!» — деп сүйсінесің.

Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат қағып бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық.»- деп атап көрсеткен.

Оқыған ертегілерін олар өміріне пайдаланады, жақсылық пен жамандықты ажыратып, өмірге дұрыс көзқараста болады.
Ал енді, өз ойларынан құрастыру оқушылардың ой - өрісін дамытып, өмірге деген құлшылығын, қызығушылығын арттырады. Өзіне қызықты, өзі қалайтын өмірді, өз әлемін қағаз бетіне түсіре алады. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілетін, мәдениетін, өмірге көзқарасын, ерекше сипаттағы қабілетін арттырады.

Сегізбай Аружан
5 сынып
Ерназардың үш қызы.
Баяғы бір заманда Ерназар деген хан болыпты. Ерназар ханның үш қызы болыпты. Ол ең кіші қызын қатты жақсы көретін болыпты. Ерназардың үлкен екі қызы әкесін қызығына бастайды. Бір күні Ерназар хан қала сыртына жұмыстарымен шығып кетеді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, екі улкен қыз, ең кенже қызды алдап, орман сыртына алып барады да, тастап кетеді. Ерназар хан үйіне келеді. Хан кенже қызын шақырады, Бірақ кенже қызы шықпайды. Хан екі үлкен қыздарын шақырып алып кенже қызының қайда екенін сұрайды. Қыздары оған,- Әке, ол сізді тастап кеткен, ол сізді тастап кеткен - дейді. Ерназар хан қатты мұңаяды.
Кенже қызы әкесін қатты сағынады. Үйіне қайтайын десе, жолды білмейді. Әкесінің төзімі таусылып, қызын іздеуге шығады. Ол қызын барлық жерден іздейді, бірақ таба алмайды. Ерназар хан үйіне келген кезде, екі қызының әңгімелерін есітіп қалады. Олар кенже қызының адастырып жіберген жерін сипаттап әңгімелесіп тұрады. Әкесі ол орманның шет жағы екенін біліп, түсініп, сол жаққа барады. Әкесі қызын тауып алады. Олар бір - бірімен құшақтасып, сағыныштарын басады. Содан соң екеуі үйлеріне аман - есен қайтады. Ерназар екі қызын кешіреді. Хан енді үш қызын бөлмей, қыздарын тең жақсы көретін болады. Ерназар үш қызымен бақытты өмір сүріпті.

Менің ертегілерім. жүктеу
2 441
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндама: Адамгершілік – асыл қасиет
Баяндама: Адамгершілік – асыл қасиет
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
"Драма" сабағының баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы
"Драма" сабағының баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы
Атақты педагог Ы. Алтынсарин «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»- деп атап айтқандай қай бала болмасын кішкентайынан анасының өзіне айтқан бесік жырынан бастап,
Жеті өнерпаз ертегісі
Жеті өнерпаз ертегісі
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып біздің
Ертегі және таныс әдеби шығармалардан үзінділерді сахналауда балалардың рольді сомдау шеберлігін дамыту
Ертегі және таныс әдеби шығармалардан үзінділерді сахналауда балалардың рольді сомдау шеберлігін дамыту
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изенова Зухра Жеткергенқызы
Біз және театр
Біз және театр
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№25 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Бота» тобының тәрбиешісі Олжабаева Айгуль Айткалиевна
Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру жолдары
Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру жолдары
Балаға берілетін адамгершілік тәрбие дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға болады? Ол не үшін қажет? – осындай сұрақтар жалпы білім беретін мектептің алдына қойылатын мәселелі сұрақ болып отыр.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×