Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Толағай (отбасылық сайыс)

08 мам 2015, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№21 орта мектептің мектеп алды даярлық тобының мұғалімі
Каракулова Жанар

Толағай (отбасылық сайыс)
Мақсаты: Оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің МАД тобының оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата – аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр отбасы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды.
Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

Жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Отбасыларымызды шақырамыз.

1. Мекеновтер отбасы МАД «Ә»
2. Жетпісбаевтар отбасы МАД «Б»

Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
-----------------------------

Жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ –
ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді.
Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
Спорт – денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты
өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.

Бүгінгі спорттық сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1. Білімді кенгуру
2. Жүйрік ат
3. Шеңбер
4. Қаңбақ шар
5. Арқан тартыс
Сайысқа арнайы 5 отбасы қатысады.

Жүргізуші: Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер дейміз – деп,
кезекті таныстыруға береміз.

1. «Бірлік» тобы Мекеновтер отбасы, ұраны
«Бәріміз біріміз үшін,
біріміз бәріміз үшін!»
2. «Ынтымақ» тобы Жетпісбаевтар отбасы, ұраны
«Біз әрқашан мықты,
Бәрін жеңіп шықты»
3. «Денсаулық» тобы Амангелдиевтер отбасы, ұраны
«Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.»
4. «Барыс» тобы Елемесовтер отбасы, ұраны
«Біз ананың қуанышымыз.
Бала кезден шыныққан.
Болашақта есейіп,
Біз жеңімпаз боламыз»
5. «Қыран» тобы Тоғайбаевтар отбасы, ұраны
«Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа.»
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз. (әнұранды орындау)
І тур: «Білімді кенгуру» сайысы.
(ата - аналар мен оқушылар кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір - бір есепті шығару керек) /барарда және қайтарда осы іс – әрекет қайталанады/.
Мұғалім: Ал енді «Білімді кенгуру» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ - қазылар өздеріңізде.
(Берілген бағалар тыңдалынады)
Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне,
Нұр төгеді сиқырлы кітап біздерге.
Денсаулықтың әліппесі әрқашан,
Жыр шашады қуана мына еліне – деп кезекті әнші қызымызға береміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 372
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Толағай
Толағай
«№60 бала бақшасы» Майбасова Жанар Испаниярқызы
«Толағай» отбасылар сайысы
«Толағай» отбасылар сайысы
Тақырыбы: «Толағай» отбасылар сайысы
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Әке шешем және мен
Әке шешем және мен
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акманова Әлия
Толағай (отбасылық сайыс)
Толағай (отбасылық сайыс)
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Озерный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Искакова Айнұр Хасенқызы
Толағай отбасылык сайыс
Толағай отбасылык сайыс
Ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×