Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аквариумдағы балықтар

15 мам 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Аквариумдағы балықтар
Білім саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру
Мақсаты: Балаларға балықтардың түрлерін таныстыра отырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру. Тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге, оларға қамқор болуға баулу. Балықтардың дене мүшелері, тіршілігі және іс-әрекетімен таныстыру. Түрлі қию тәсілдерін қолданып, бірнеше бөліктен балықтың дене мүшелерін құрастырып жапсыру, іскерліктерін дамыту.
Әдіс-тәсілдері: Шаттық шеңбері, ойын, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, сергіту, бекіту, қорытындылау.
Көрнекіліктері: Балық түрлері, магнитті қармақ, резина балон, аквариумдағы тірі балықтар, көк түсті фон, қайшы, жылтырлы түрлі-түсті желім, компьютер слайдтары.
Ұ.О.І-Ә түрі: Дәстүрлі емес.
Ұ.О.І-Ә типі: Жаңа білімді беру.
Пән аралық байланыс: Өзін-өзі тану, тіл дамыту, математика, сурет, ән-әуез.
Сөздік жұмыс: Желбезек, жүзбе қанаттары, қабыршақ, алтын балық.
Сөздік қор: Шортан, сазан, ақ балық, алабұға, табан балық, аквариум, гурами, моллинезии.
Пайдаланылған әдебиеттер: Компьютер, ғаламтор.

Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан балақай
Жарқырайды аспанда
Күн алақай!
Атқан таңға, шыққан күнге
Сәлем беріп,
Тілейік бақыт, баршаңызға осындай.
Қайырлы таң апайлар!
Біз- ерекше боламыз,
Біз еңбекқор боламыз!
- Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар. Балалар, қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме?
- Иә.
(Ойын шарты түсіндіріледі)
- Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?
- Бұл - қармақ.
- Қармақпен не істеуге болады?
- Балық аулауға.
- Жарайсыңдар! Балалар, бұл- жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе?
- Қане Бибарыс келе ғой. Балалар, қараңдаршы Бибарыстың қармағына бір балық түсіпті, ол қандай балық болды екен?
Балалар, бұл- шортан балық. Қандай балық екен?
- Шортан.
(Магнитті қармақпен балалар біртіндеп балықтарды аулайды. Аулаған балықтардың аттарын қайталап айтқызу)
- Табан балық, сазан, ақ балық, алабұға, шортан.
- Жарайсыңдар, балалар, енді аулаған балықтарыңа назар аударайықшы, сендер балықтардың аттарын білдіңдер. Балалар, балықтар қайда тіршілік етеді?
- Суда.
- Дұрыс айтасыңдар. Негізінде балықтардың түрлері көп. Бұл балықтар өзіміздің Әйтеке би кентінде кездесетін, көріп жүрген балықтар. Балалар, балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?
- Сопақша.
- Балықтардың мынау несі?
- Басы.
- Басында желбезегі болады.
(Көрсету, қайталау)
Несі болады екен?
- Желбезегі.
- Олар осы желбезегі арқылы дем алады. Ал денесінде нелері бар екен?
- Қабыршақтары.
- Дұрыс айтасыңдар. Ал денесіне жалғасқан мынау не екен?
- Құйрығы.
- Денесінің арқасындағы, бауырындағы жүзбе қанаттары.
(Қайталау)
Осы жүзбе қанаттары арқылы суда еркін жүзе алады. Балалар балықтарды адамдар не үшін пайдаланады?
(Толықтыру)
- Тағам ретінде.
- Балалар, тағам ретінде пайдаланбайтын, әсемдікке үйде асырайтын балықтардың түрлері де болады екен. Сондай балықтарды көргілерің келе ме?
- Көргіміз келеді.
- Ендеше сондай тірі балықтарды көз алдымызға елестетіп көрейікші.
(Балар көздерін жұмады,сол кезде буклеттің артында жасырылған аквариумды ашу)
Балалар, көзімізді ашып қарайықшы, суда жүзіп жүрген нелерді көріп тұрмыз?
- Балықтарды.
- Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр екен?
- Шыны ыдыста.
- Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады.
- Аквариумдағы балықтар бағана өзіміз аулаған балықтарға ұқсайды ма?
- Ұқсайды.
- Балалар, аквариумдағы балықтардың түрлері қандай екен?
- Әр түрлі.
- Мына үлкен балықтың түсі қандай?
- Қызыл.
- Бұл балық «Алтын балық» деп аталады. Тағы қандай балықты көріп тұрмыз?
- Ақ балық.
- Дұрыс айтасыңдар.
(Ақ үстінде қара жолақтары бар)
Бұл «Гурами» деген балық.
- Гурами(қайталау).
- Гурами нешеу екен?
- Екеу.
- Ең кішкентай балықтың түсі қандай екен?
- Қара.
- Нешеу екен?
- Екеу.
- Бұл моллинезии деп аталатын балық.
- Моллинезии(қайталау)
- Аквариумда басқа тағы нелерді көріп тұрмыз?
- Тастар, шөптер, бақалшақтар, бұтақтар.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Балалар, бұлардың барлығы не үшін қажет?
- Әдемілікке.
- Сонымен қатар балықтарға да қажеті бар. Олар бұтақтардың, шөптердің арасына кіріп тығылады, жем іздейді. Аквариум техникалық құралдармен де жабдықталған. Онда суды арнайы жылытатын,ауа жіберетін,жарық түсіретін құралдар бар.Аквариумдағы балықтар үнемі адамдардың қамқорлығында болады. Балалар, қалай ойлайсыңдар балықтардың қарны ашпас үшін оларға не керек?
- Тамақ керек.
- Дұрыс айтасыңдар, әрине тамақ керек. Оларға арнайы дүкендерде сатылатын мынадай қалтадағы жемдерді береміз. Балалар, балықтар тағы не жейді деп ойлайсыңдар?
- Құрттар, жасыл шөптер.
- Жарайсыңдар! Балалар, аквариумдағы балықтар күніне таңертең кешке екі шымшымнан ғана ас жей алады, одан артық беруге болмайды.
(Балалармен бірге балықты тамақтандыру)
- Балалар, ертегілерде алтын балық адамдардың тілегін орындайды екен. Мүмкін біздің де тілегімізді орындап қалар. Біз де алтын балыққа тілегімізді айтып көрсек қалай қарайсыңдар?
- Әрине қалаймыз.
- Ендеше барлығымыз бір - бірден өз тілегімізді айтып көрейікші.
(Балалар бір - бірден өз тілектерін айтады)
- Жарайсыңдар, балалар. Ендеше орындарымыздан тұрып, осы жақсы тілектерімізді ішкі лебімізбен алтын балыққа үрлеп жіберейікші.
- Уф, Уф, Уф.(сергіту сәті)
- Жәрайсыңдар, тамаша! Балалар, аквариумдағы балықтар сендерге ұнады ма?
- Ұнады.
- Ендеше бүгінгі жапсыру оқу іс - әрекетін пайдалана отырып, ақ қағаздан балықты қиып жабыстырайықшы.
Ол үшін: алдымыздағы үлкен - кіші төртбұрыштан балықтың денесін, жүзбе қанаттарын, үшбұрыштан құйрығын қиып аламыз да, алдымыздағы түрлі - түсті жылтырлы желім қарындаштармен желбезегін, қабыршақтарын саламыз, сонда бізге түрлі - түсті жылтыр балықтар пайда болады.(көрсетіп түсіндіру)
(Балалардың жұмыстарын талдау, бағалау)
- Жарайсыңдар, балалар, әр- түрлі әдемі балықтар жасап шығардыңдар.
Білімдерін бекіту:
«Балықтардың қандай дене мүшелері жоқ?» деген компьютерде слайдтар көрсету. Балалар, балықтардың дене мүшелерін атайды.
Мысалы:
1) Балықтың басында дем алатын несі болады?
2) Балықтың несі жоқ?
3) Балықтың денесінде нелері бар еді?
4) Балықтың денесіне жалғасқан қандай мүшесі жоқ?
Қорытындылау:
- Балалар, бізге қандай оқу іс- әрекеті болды?
- Онда біз нелермен таныстық?
- Қандай балықтарды көрдіңдер?
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу іс- әрекетіне барлықтарың да жақсы қатыстыңдар.
Сендерге көп- көп рахмет!
Күтілетін нәтижесі:
Білуі: Тірі табиғаттың әсемдігін сезініп, оған қамқор бола білуі.
Меңгеруі: Көру, есту, түсіну арқылы жаңа білімді меңгеруі.
Жасай алуы: Тәрбиешінің тапсырмасын жауапкершілікпен орындап, өздігімен ұқыпты іс әрекет жасай алуы.
40 978
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат бұрышындағы тірі нысандар мен өсімдіктер
Табиғат бұрышындағы тірі нысандар мен өсімдіктер
Табиғат бұрышындағы жануарлар (балықтар, құстар, кірпі, тасбақа), өсімідіктер туралы түсінік беру. Жануарлар мен өсімдіктердің келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөніндегі білімдерін кеңейту.
Аквариумдағы балықтар
Аквариумдағы балықтар
Балықты қалай қоректендіру керектігін түсіндіру және көрсету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өлең жаттату, жұмбақтар шешу. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Аквариумдағы балықтар
Аквариумдағы балықтар
Балаларға теңіз балықтары мен аквариумдағы балықтардың тіршіліктерін таныстыру. Балық туралы білімдерін жүйелеп тереңдету. Шығармашылық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, саусақ қимыл қозғалыстарының ептілігін қалыптастыра дамыту.
Аквариумдағы балықтар
Аквариумдағы балықтар
Балабақша тәрбиешісі: Орынбасарова Мейрамгүл Асқарқызы
Каспийдің тірі алтыны
Каспийдің тірі алтыны
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Матаева Жанар Махамбетиярқызы
Балықты күту және баптау
Балықты күту және баптау
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×