Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы шаңырақ берекесі

19 қараша 2017, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Отбасы шаңырақ берекесі
Мақсаты: Оқушыларға отбасы, отбасын құрайтын адамдар, әр адамның отбасында алатын орны мен маңызын түсіндіру. Оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, плакат
Барысы:
- Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз «Менің отбасым» деп аталады. Сабақ барысында біз отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі, имандылығы туралы сөз етеміз. Адамға мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық ең әуелі әркімнің өз отбасынан басталады. Әр үйдің ішіндегі адамдар сол үйдің отбасын құрайды. Отбасы деген не? Кім өз отбасы туралы айтады?
«Менің отбасым» оқушылардың өз отбасы туралы әңгімелеуі
- Отбасындағы ең үлкен, қадірлі адам кім?
- Ол - ата
1 - оқушы
Менің атам мықты адам,
Күштілерден ықпаған
Жас кезінің өзінде,
Жігіті жоқ жықпаған.
Домбырасын қолға алып,
Ән салады аташым
Күй тартқанда толғанып,
Қызығына батасын,

2 - оқушы
Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалын сипалап
Құмарымды тарқатам
Жер мен көкті аралап
Ертегілер еліне
Бір шегетін сапарды
Ардақтаймын өмірде
Асқар таудай атамды.

- Отбасында атадан кейінгі адам кім?
- Әже. Оқушылар өз әжелері туралы айтады.
Ән: «Әжемнің шәйі»

3 - оқушы:
Куәгер кешегі заманға
Әрдайым жайдары
Жүз өңді,
Көп ертек білетін қызықты
Көрсеңдер аяулы әжемді
Әлдекім әжемнің шашына
Әдейі бор жағып қойғандай,
Кимешек тартқанда басына
Болады ақша бұлт қонғандай.

- Атаңның баласы
Кей кезде таласып
Қаласың әжеге,
Білгенің асады кәдеге
Ол кім?
- Ол - әке

4 - оқушы:
Ыстық - ау кім - кімге де әке деген
Суыққа шалындырмай мәпелеген
Өмірдің соқтығымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.

- Балалар, үйіміздің құтын дарытып, түн ұйқысын төрт бөліп тербететін, ауырғанда дәрігер боп емдейтін, аяулы адам, ең асыл жан, қызығыңды да, бұзығыңды да көтеретін, үнемі жанында періштедей қорғап, демеу беретін кім?
- Ол - ана
- Кім өз анасы туралы айтады?
Оқушылардың өз аналары туралы айтады.

5 - оқушы:
Әлпештеген баласын
Ана – бақыт, ана - күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.

6 - оқушы:
Өзіңсің, сүйікті анам, құдіретім,
Жанымды жадыратып күлдіретін.
Сендегі маған деген мол мейірді
Нұр толы қос жанарың білдіретін.

- Кім әке - ана туралы ән біледі?
Оқушылардың орындауындағы ән
- Сонымен балалар, ата, әже, әке. Ана бізге қандай адамдар?
- Ең қымбат адамдар

7 - оқушы:
Құт - береке атаң қымбат,
Мейірімді әжең қымбат
Асқар тауың әкең қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
- Сонымен отбасын кімдер құрайды?

Қандыағаш қаласы, №1 орта мектебі
Дайындаған: Құрақбаева К. Е.

Отбасы шаңырақ берекесі. жүктеу
4 561
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым, Эссе
Менің отбасым, Эссе
Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар.
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым - қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді.
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы мүшелері туралы түсінік беру. Отбасындағы өзара сыйластық қарым - қатынас дағдыларын дамыту. Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Отбасым және мен
Отбасым және мен
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Мусаева Бибизухра Абидиновна
Отбасы жарастығы
Отбасы жарастығы
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Атамбаева Әсел
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақтар топтамасы назарларыңызға ұсынып отырмыз. Сәттілік тілейміз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×