Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам деген ардақты ат

02 ақпан 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Адам деген ардақты ат
Сабақтың мақсаты: «Адамгершілік» ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: адами қасиеттер туралы түсінік беру;
Дамытушылық: балалардың адамгершілік қасиеттерін дамыту, жағымды қарым - қатынас жасай білуге үйрету;
Тәрбиелік: ізгілікті, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, сюжетті суреттер
Әдістер: әңгімелесу, ойын, жаттығу, түсіндіру, сахналау.
Эпиграф: Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан. Абай

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Шаттық шеңбері
Мұғалім балалармен сәлемдесіп, оларды шаттық шеңберін құрып, бір - бірімен сәлемдеседі.
 Үлкенге де сіз! (Оң қолын алға созады)
 Кішіге де сіз (сол қолын алға созады)
 Баршаға жанды құрметтеп, (екі қолын кеудеге қояды)
 Бас иеміз біз! (бас иеді)
Е. Өтетілеуовтің «Нағыз адам боламын» атты өлеңін мұғалімге ілесіп бірге қайталайды.
Бүгін титтей баламын,
Әлі - ақ жігіт боламын.

Сонда, мүмкін, мен ғалым,
Әлде шофер боламын. Ел сыйлайтын мұғалім,
Әлде шахтер болармын.
Сонда ұста, не артист,
Не дәрігер болармын.

Әлде, әлде... Білсеңдер,
Жалғыз ғана талабым:
Ер жеткенде, ел сенер
Нағыз адам боламын!

Әңгімелесу. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбына бағыттау мақсатында әңгімелесу өткізеді. Әңгімелесуге мынандай сұрақтар қойылады:
Ата - анаң қандай болғаныңды қалайды?
Өзіңнің кімге ұқсағың келеді?
Нағыз адам дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар өз түсініктерін ортаға салып айтады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, өзі қорытынды жасайды.
Мұғалімнің сөзі:
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, ата - анамыз біздің жақсы адам болғанымызды қалайды. Әрдайым ақылдарын айтады. Біздер ақылды, әдемі адамдарға ұқсағымыз келеді. Өзіміз де мейірімді, адал, білімді болып өсуге талпынамыз.
ЖАҢА АҚПАРАТ
- Балалар, не тәтті?
- Ананың сүті тәтті.
- Не жұмсақ?
- Ананың қолы жұмсақ.
- Не қатты?
- Атаның жүрегі қатты.
- Кім жақын?
- Тату болса, ағайын жақын, ақылшы болса, апайың жақын.
- Бауырмал болса, інің жақын, алдыңа тартқан адал асың,
- Қимас жақын қарындасың.
- Не қымбат?
- Алтын ұяң – Отан қымбат,
- Құт - береке, атаң қымбат.
- Аймалайтын, анаң қымбат.
- Асқар тауың әкең қымбат.
- Дүниеде не қымбат?
- Адам қымбат
- Адамға не қымбат?
- Бала қымбат.

Мәтінмен жұмыс.
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Ол үшін сабақта оқушыларға «Кім боласың?» Ж. Жұмаханованың атты мәтінмен танысу ұсынылады. Мәтінді алдымен мұғалім оқып береді. Сосын оқушылар өздері оқиды. Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
 Атасы немересіне адам бол дегенде не айтқысы келді?
 Сендер «Адам бол» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті
Кел, санайық екеуміз:
Бас бармағым - әкем,
Балан үйрек - апам,
Орта терек - ағам,
Шылдыр шүмек - мен,
Титтей бөбек - сен,
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Адам деген ардақты ат жүктеу
12 313
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойнай білу де - өнер
Ойнай білу де - өнер
Сабақтың тақырыбы: Ойнай білу де-өнер
Отбасы
Отбасы
Мақсаты: «Отбасы» құндылығының маңыздылығын ашу.
Менің армандаған үйім
Менің армандаған үйім
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп-интернат КММ» 6 А сынып тәрбиешісі Жунусова Айткул Есеновна
Тіл табыса білейік
Тіл табыса білейік
Сабақтың тақырыбы: «Тіл табыса білейік»
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекқорлық пен еріншектік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Достанова Рая Жеңісқызы
Адам деген ардақты ат
Адам деген ардақты ат
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі, Халық ағарту ісінің озық қызметкері Балова Леля Батимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×