Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстазым – ұлағатым, үлгі – өнегем

21 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, слайдтар, ардагер ұстаздардың презентациясы, плакаттар, нақыл сөздер.

Барысы: I - бөлім. «Аяулы асыл мектебім»
- Құрметті ұстаздар қауымы! Бүгінгі мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күзде келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім – ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздарымен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады. Олай болса құрметті, мәртебелі мамандық иелері, баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтарын қошеметпен ортаға шақырамыз. (музыка ойнап тұрады)
- Асыл сөздің қас шебері атанған ақын Ахмет Байтұрсынов « Алты алаштың баласы жиналса да, ұстаздың орны төрде» дегендей орындарыңыз әрқашанда төрде болсын! Шәкірттеріңіздің мерейіне бөлене беріңіздер!
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман, - дегендей барлық білім мен тәрбиені тек сіздерден алып ұлы өмірге аттанамыз. Барлық білімнің ошағы, мейірімділіктің шуағы мектептен басталады.
- Туған топырағынан нәр алып, тұнық ауасымен тыныстаған, білім нәрімен сусындап, сұлулығын бойына сіңірген өз тарихында талайларға әріп танытып, талайлардың арманына қанат болған, үлкен өмірге бағыт – бағдар беріп, биік шыңдарға ұшырған алтын ұя мектебіміз 1938 жылы шаңырақ көтерген екен. Міне, осы қасиетті де киелі қара шаңырағымыз да біздер де білім алып отырмыз.
Жас ұрпаққа тәрбие бесігі отбасы болса, сол тәрбиені жалғастырып білім беруші мектеп. Ал, мектепте бірегей тұлға ұстаз, мұғалім қызмет етеді.
Ұстаз болып, білім нұрын шашып, ұрпақ тәрбиелеп жүрген аяулы ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын!
1 – оқушы. Динара:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды,
Мерекеде жарқын тілек білдіріп.
Құттықтаймыз, ұстазым, баршаңызды!

2 – оқушы. Ержан:
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы болып жағылар.
Қадірлі ұстаз, аяулы ыстық мектебім.
Шәкіртіңнің сый – құрметін қабыл ал.
Хор: « Қоңырау»

II – бөлім. « Ұстазым ұлы мәңгілік,
Жадымда қалар жаңғырып»
Оқушылардың жыр – шумақтары.
Хормен: Қуанышты кернеген,
Жүрек қалай жасырсын,
Бар баланың бақыты,
Ұстаздарым асылсың!

III – бөлім.
« Алдыңғы буын айнамыз,
Қадірлі ұстаз жайнаңыз!»
- Бүгінгі үлкен мерекемізге зейнеткер ұстаздарымыз қатысып отыр. Олардың өнегелі істері, жүріп өткен жолдары кейінгі ұрпаққа өнеге. Оқушылар ұстаздар туралы сыр шертеді.

1. «Мектептің жаны - мұғалім» Мырзахан Ержан.
2. «Мектептің жүрегі – ұстаз» -------
3. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» ------------
4. «Ұстазға қарап шәкірт өседі» ------------
5. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» ------------
6. «Ұстаз – ұрпақ мақтанышы» -----------------
Хор: « Ұстазым»

IV – бөлім. « Бәрі сізге арналады»
« Ақ тілегім ақ арман!»
Бұл бөлімде Әрбір оқушы сабақ беріп жүрген ұстаздарына арнап өлең – жырлар арнайды. Қабыл алыңыздар!
Хор: « Жарқын жүзді ұстазым»

V – бөлім. « Сауал – бізден,
Жауап – сізден»
1. Есіңізде қалған ең қызықты сәтіңіз?
2. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?
3. Шәкірттеріңізден алған ең қымбат сыйлығыңыз.
4. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? Қандай қылығы болып еді?
5. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы.

VI – бөлім. « Мектептегі қызықты шақтар – ай»
Көріністерді тамашалайық.
«Ағарған шаш»
«Арман болған пенсия»
- Қошеметтеріңізге рахмет. Қызықты оқиғалардың ордасы – білім ошағы мектебімізге – « Мектебім» әнін жолдаймыз, Қабыл алыңыздар!

VII – бөлім. Хормен:
«Ақтілектер айтылсын,
Көңіліміз шарықтап,
Аспанымыз ақ болсын,
Көгершіндер қалықтап.
Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары:
Тарқамасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ артып, бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді,
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан. – сөз кезегін ұсынамыз. Тілек айту.
- «Ажырамай мектептен бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейін құрметпен өзіңізге
Шын жүректен арналады тілегіміз» Зейнеткер ұстаздарымыздың тілегі.
- Сіздерге деген алғысымыз шексіз, айтқан тілектеріңіз қабыл болсын! «Ұстазым менің» әні. Орындайтын бір топ оқушылар.

- Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата – ананы. Ата – аналардың тілегі.

Хормен: Жақсылыққа біздерді баптаған,
Ұстазым, өзіңменен мақтанам.
Ізгілік сыйлаған біздерге,
Мың алғыс, мың алғыс сіздерге!

- Мұғалімнің сөзі: Келгендеріңізге көп рахметімізді айтамыз:
Көңілдеріңіз жайнап тұрған бау болсын,
Білім – теңіз, еңбегі ерен тау болсын.
Шәкірт үшін аямайтын бар жанын.
Ұстаздарым!
Әрқашанда дендеріңіз мау болсын!
7 216
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Ұстаздар мамандығы туралы ақпарат беру, ұстаздық мамандықтың қоғамда алатын рөлінің мәнін ашу.
Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!
Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!
Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету.
Жырлаймын ұстаз өзіңді!
Жырлаймын ұстаз өзіңді!
Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектеп ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жакеева Галия Талгатовна
Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік
Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік
«Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік» мерекелік іс шараға арналған сценарийі
Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!
Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жанзақова Рахия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×