Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік

21 қараша 2014, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік» мерекелік іс шараға арналған сценарийі

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.

Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ - даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жүргізушілер шығады.
Гүлзат: Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.

Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.

Алихан: Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.
Таир: - Бүгін осы дәстүрлі мерекеге орай сіздердің шәкірттеріңіз бар шығармашылық қабілеттерін, өнерлерін, сезімдерін ортаға салып, шын жүректен тілек тілеп, бәріңізге мерекелік көңіл күй сыйламақ ниетпен жиналып отыр. Құрметті ұстаздар «Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік» мерекелік іс – шараға қош келдіңіздер.

Алихан: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп басшысы ----------------------------- Жұмабекқызына сөз береміз.
Таир: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Гүлзат: Ал бұлбұл әншілеріміз асыл ұстаздарға деген жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын әсем әнімен жеткізгісі келеді екен.
Ендеше сахнада ән, орындайтын 4 сынып оқушылары Аруза және Жармахан.

Алихан: Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін – дей отырып сахна төріне оқушыларды шақырамыз. /тақпақтар/

Гүлзат: Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз сенсің білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана, ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.
Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – деп, келесі кезекті әсем әуенді әнге берсек. Қарсы алыңыздар, ортада 3 сынып оқушысы Есімжан Гүлден. «Ақ тілек» әні

Алихан: Ұстазым, менің, ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс - жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!! Қарсы алыңыздар ортада мерекелік құттықтаумен 2 «В» сыныбы. Хор «Ақылшы Ұстазым»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 746
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Ұстаздар мамандығы туралы ақпарат беру, ұстаздық мамандықтың қоғамда алатын рөлінің мәнін ашу.
Ұстазым - асыл қазынам!
Ұстазым - асыл қазынам!
Ұстазды ұлықтауға, қарттарды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Жырлаймын ұстаз өзіңді!
Жырлаймын ұстаз өзіңді!
Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Сабақтың мақсаты: Ұстаздар күнінде оқушыларға ұстаздықтың қиын да қажырлы еңбек екенін білдіріп, ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, еңбектерін бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұстазым – ұлағатым, үлгі – өнегем
Ұстазым – ұлағатым, үлгі – өнегем
Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру.
Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік
Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік
Кызылорда облысы, Казалы ауданы Басыкара ауылы, № 182 мектептің әлеуметтік педагогы Кемалова Роза Өмірбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×