Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Санның кубы. Санның үшінші дәрежесі

28 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Сабақтың тақырыбы: Санның кубы. Санның үшінші дәрежесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды санның кубы ұғымымен таныстыру, бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісін - көбейткіштің кубымен алмастыруға болатынын түсіндіру.
Дамытушылығы: танымдық қабілеттерін, ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: адамгершілікке, еңбекке, шапшаңдыққа, төзімділікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ әдіс - тәсілдері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, ой қозғау, практикалық т. б.
Сабақтың көрнекілігі: «Кім жылдам?» ойыны; жаңа сабаққа байланысты слайдтар, сызба кестелер, сәйкестендіру сызбасы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қатар - қатар тізіліп,
Оқушыға лайық
Қолымызды жіберіп,
Түзу болып тұрайық.
Жақсы болып сабақта
Әдеп сақтау сәніміз.
Үй тапсырмасын сұрау және қорыту
«Кім жылдам» ойыны бойынша көбейту кестесін пысықтау

Жаңа сабақ
А) жаңа сабақты хабарлау
Ә) 1 - слайдты пайдалана отырып сабақты түсіндіру
- Балалар, мына өрнек қай амалға берілген?
- Көбейткіштердің саны нешеу?
- Бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісін санның кубы; немесе санның үшінші дәрежесі деп атаймыз.
Б) – Балалар, ары қарай сабағымыз « Шалқан» ертегісінің желісі бойынша жүреді.
- «Шалқан» ертегісін білесіңдер ме?
- «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің берген тапсырмаларын орындай отырып, ертегіні құрастырамыз.
IV. Оқулық және дәптермен жұмыс. Бірінші кезекте шалқанды тартуға атай келеді. Атайға көмектесу мына тапсырманы орындауымыз қажет.
№ 2 Санның кубын көбейтінді түрінде жаз:
〖10〗^(3 )= 10*10*10 -------------- 〖13〗^(3 )= 13*13*13
7^(3 )= 7*7*7 -------------------------- 2^(3 )= 2*2*2
8^(3 )= 8*8*8 -------------------------- 8^(3 )= 8*8*8
a^(3 )= a*a*a
- Атай, олай тартып, бұлай тартып шалқанды жұла алмай кемпірін шақырады. Әжей шығып, шалқанды тарту үшін №3 өрнектерді орындауымыз қажет.
№3. Ауыстыруға келетін көбейтулерді көбейткіштердің кубымен ауыстыр.
5*5*5=5^3 --------------------------- 20*20*20=〖20〗^3
18*18*18=〖18〗^3 --------------- 12*12*12=〖12〗^3
1*1*1=1^3 --------------------------- 0*0*0=0^3

V. Сергіту сәті
Қанат жаям жалма – жан,
Талпынғандай ұшуға.
Иіліп келіп қол созам,
Аяғымның ұшына.
Міне, атай мен әжейде шалқанды жұла алмай қызын шақырады. Ол үшін №4,№5 тапсырмаларды орындау қажет.
№4 Өрнектердің мәндерін тап
5^(3 )- 4^3=5*5*5 - 4*4*4=61
〖10〗^3 - 1^3=10*10*10 - 1*1*1=999
3^3+2^3=27+8=35
№5 Бір сәттік топтық жұмыс.
3 - топтан 3 бала шығып теңдеуді шешеді
12*х=148 - 28 ------------------------- x*7=14*3
12*x=120 ------------------------------- x*7=42
X=120/12 ------------------------------- x=42/7
X=10 ------------------------------------ x=6
12*10=148 - 28 ------------------------ 6*7=14*3
120=120 -------------------------------- 42=42

54/x=9
x=54/9
x=6
54/6=9

Шалқанды атай, әжей, қызы жұла алмай күшікті шақырады. Оларға көмектесу үшін №7, №8 есептерді шығаруымыз қажет.
Шешуі: 64/8=8
45*8=360
Жауабы: Шоколадқа 360тг төледі.
№8. Слайдтан оқытып, талдау.
Жол - 100км – 9л
800км -? л
Шешуі: 800/100=8
8*9=72
Төртеуі олай әурелеп, бұлай әурелеп, жұла алмай мысықты шақырады. Мысық келу үшін №9, №10 тапсырмаларды орындаймыз. (слайдтан көрсету)
1сағ=60 мин
3 жыл=36 ай
2 тәулік=48 сағ
Бесеуі жұла алмай тышқанды шақырады. Тышқан келу үшін №12 есепті шығаруды сұрайды. (слайдтан оқыту)

1 ай - 1/3 -?
2 ай - 1/2 -?
3 ай -
4 ай -
300/3=100
300 - 100=200
200/2=100
100/2=50
Жауабы: Асхана 3 және 4 айда 50кг көкөніс жұмсады.
Міне, адал еңбекпен еккен шалқан да, оңайлықпен алынбай көп еңбек етудің арқасында жұлынды. Барлығымыз жұмыла отырып, тапсырмалар мен қызықты қиын есептерді шешіп өз мақсатымызға да жеттік деп ойлаймын.
Бүгінгі еңбектеріңізге алғысымды, рақметімді айтамын.

VI. Қорытынды
Сәйкестендіру тесті №13
VII. Үйге тапсырма №6
VIII. Бағалау
8 432
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санның квадраты. Санның кубы
Санның квадраты. Санның кубы
Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық
Санның квадраты. Санның кубы.
Санның квадраты. Санның кубы.
Санның квадраты және санның кубы ұғымымен таныстыру, көбейту және бөлудің мағынасын бекіту, ауызша, жазбаша есептеулер арқылы логикасын дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, қызықты тапсырмалар орындата отырып, математикаға деген қызығушылығын
Текше. Санның кубы
Текше. Санның кубы
Оқушыларға санның квадраты және кубын табуды үйрету, кестелік көбейту мен бөлу жайлы білімдерін тиянақтау. Ауызша, жазбаша есептеулер арқылы логикасын дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау.
Көбейту мен бөлуге берілген есептер шығару
Көбейту мен бөлуге берілген есептер шығару
Көбейту мен бөлуге берілген есептерді шығару, фигуралардың ауданын табу, санның квадраты және кубын көбейтіндімен алмастыру, теңдеулерді шешу туралы білімдерін жетілдіру.
Санның квадраты, кубы
Санның квадраты, кубы
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №31 Ақтасты бастауыш мектебінің мұғалімі Саулембаева Салтанат Жандарқызы
Санның квадраты. Санның кубы
Санның квадраты. Санның кубы
Дәреженің көрсеткіштері ретіндегі санның квадраты және кубы ұғымдарымен оқушыларды таныстыру. Оқушыларды бірдей екі санның көбейтіндісін санның квадратымен, ал үш бірдей санның көбейтіндісін санның кубымен алмастыруға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×