Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пысықтау жаттығулары (математика)

04 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 4 - сынып
І Сабақтың тақырыбы: Пысықтау жаттығулары
Сабақтың мақсаты: Көбейту, бөлу амалдарының баған түрінде орындалуының ерекшеліктерін көрсету. Ауызша есептеуге баулу. (Бір таңбалы санға көбейткенде н\се бөлгенде ) Теңдеулер шешу. Мәселе есептерді өздері шығара алатындай дәрежеге келтіру. Геометриялық фигуралардың периметрін, ауданын, белгісіз қабырғасын табуға есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі: Сурет салынған «Математика әлемі» плакат, карточкалар, есепке схема салынған плакаттар.
Сабақтың түрі: Саяхат - сабақ
әдісі: Сұрақ - жауап баяндау

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру сәті.
Оқушылардың, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы. Оқушылардың зейінін аудару
ІІ Жаңа сабақ
а) Сабақ түрін (саяхат - сабақ) хабарлау
-«Математика»әлеміне саяхатқа шығамыз.
Автобуспен келе жатырмыз. 1 - ші келген стансамыз
1. «Белгісіздер әлемі»деп аталады екен. Бұнда кімдер тұрады екен?
Айқасқан екі таяқ
Тұрады ылғи жоқты сұрап. (х икс)
Яғни, теңдеулер шешеді екенбіз. Теңдеудегі белгісіздерді немен белгілейміз? (х, а, в, с. т. б )
Ол үшін оқулығымыздағы № 925, 926 есептерге қарай қояйық ( Екі есеп екі қатарға берілді)
Бұл есепті оқушы өзі оқып, теңдеуді құрып, шешуі керек. Теңдеу құруға кішкене көмек жасаймын.
№925 Х - 64×9=143 -------------- №926 Х - 879=42×16
Х - 576=143 ------------------------ Х - 879=672
Х=143+576 ------------------------- Х=672+879
Х= 719 ------------------------------ Х=1551
Тек: 719 - 64×9=143 ------------- 1551 - 879=42×16
143 =143 ---------------------------- 672=672
Х - тің мәні: 719 ------------------ Х - тің мәні: 1551
Бұл оқушылар тақтада есепті орындаймын дегенше кластағы оқушылар ауызша теңдеулер шешеді. Мысалы:
7×Х =56
270+Х=300
72÷Х=9 100 - Х=70
Жақсы, енді әрі қарай жүреміз.
2. Келесі кездескен станса «Арифметикалық амалдар»стансасы деп аталады екен.
Арифметикалық амалдар, олардың қасиеттері айтылады. (+, -, ×, ÷)
Бұнда да екі қатардан оқушылар шығып мына есептерді орындайды.
І - қатар ------------ ІІ - қатар
300+80÷5 - 16= --------------- 960÷60 - 840÷120=
139 169÷45= ------------------ 168 627÷54=
Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Келесі стансаға жеткенше біздер «Математикалық диктант жазып жіберейік.
(Бұл жерде дайындалған карточкадан диктантты оқимын, оқушылар жазады)
3. Балалар келесі стансаға келіп қалыппыз. Бұл «Мәселе есептер» стансасы деп аталады екен. Қазір оқулығымыздағы №920 есепті оқып, шартын құрып, шығарасыңдар.
(Бұл есепті Төлеуова Б орындады. Оқушылар көмектесіп отырды.
Есептің схемасы тақтаға ілінеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 750
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, Математика 3 - сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, Математика 3 - сынып
Математика пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Математика, 3 - сынып.
Тура теңдіктер қасиеттері негізінде қарапайым теңдеулерді шешу
Тура теңдіктер қасиеттері негізінде қарапайым теңдеулерді шешу
Оқушыларға қарапайым теңдеулер мен оларды шешу жолдарын үйрету. Теңдеулерді шешу тәсілдерін көрсету. Ауызша көбейту және бөлу тәсілі жайлы білімдерін пысықтау.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Теңдеу ұғымын қайталау
Теңдеу ұғымын қайталау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сералиева Гулнар Жанаевна
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
ШҚО, Аягөз ауданы, Сарыарқа орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Жанболатова Айгүл Армияшевна
Математика пәні бойынша 9 сынып оқушыларын ОЖСБ - ға дайындау жоспары
Математика пәні бойынша 9 сынып оқушыларын ОЖСБ - ға дайындау жоспары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, №182 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ахметова Мархаббат Жанайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×