Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арқарға үлкен мүйіз неге керек?

14 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
3 cынып
Сабақтың тақырыбы: «Арқарға үлкен мүйіз неге керек?»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Мәтіннің мазмұнын, негізгі идеясын ашу.
2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту, сөздік қорын байыту, жылдам оқу машықтарын дамыту. Қоршаған тірі табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғаттағы аңдарды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдістемелік — тәсіл: сұрақ - жауап, әңгімелесу, көрнекілік, топтастыру.
Көрнекі құралдар: Венн диаграммасы, сөзжұмбақ, плакаттар, сурет арқардың.

Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Отырыңдар.
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта барлық оқушылар түгел ме?
- Жақсы, отыра ғой.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге «Қамқорлық» мәтінін оқып, мазмұндауға, әр бөлікке ат қоюға бердім.
- Барлығымыз үй тапсырмасын орындадық па?
- Жақсы, балалар!(Үш - төрт оқушыдан сұраймын).
1. Жанталасқан торғай.
2. Жантастың жауыздығы.
3. Қамқоршы қожа.
Оқушыларға сұрақтар қою.

III. Жаңа сабақ.
Бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы «Арқарға үлкен мүйіз неге керек».
Ең бірінші мәтінді өтпес бұрын мына сөзжұмбақты шешейік.
1) «Қынарында» сөзінің мағынасы?
2) «Биікке құмар» сөзінің түп мағынасы?
3) «Алтай аясында» өлеңінің авторы кім?
4) «Бүркіт» мәтініндегі бүркіттің иесі?
5) Киіктің лағын не дейді?
Шешуі: 1) жағасында 2) өршіл 3) Байзақов 4) Мұхтар 5) құралай
- Балалар, арқар туралы не білесіңдер? Оқығандарың, көргендерің, естігендерің бар ма? Ол қандай аң?
АРҚАР
ӘДЕМІ, ТАУДА ЖҮРЕДІ, АҢ,
ЕШКІГЕ ҰҚСАС, МҮЙІЗІ ҮЛКЕН, ЖҮЙРІК
Жақсы балалар, Кәдірбек Сегізбайдың «Арқарға үлкен мүйіз неге керек?» мәтінін бөлімдерге бөліп оқиық! Әр бөлікке ат қою, мазмұнын сұрау.
1. Орманға жиналу.
2. Жолда.
3. Атасының тапсырмасы.
4. Қошанның ізденісі.
5. Тағы да орманда.
6. Шешімнің табылуы.

IV. Бекіту сұрақтары.
1. Арқар қандай аң?
2. Ол жауынан қалай қорғанады?
3. Арқарға не тұқымдас?
4. Мүйіз не үшін керек.
- Жақсы, барлықтарың түсіндіңдер ме?
Түсінсек, өткен сабақта біз «Киіктің айласы» мәтініндегі киікпен салыстырып көрейік!
Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
КИІК -------------------
АРҚАР --------------------
Арқар елдің таулы өлкесін мекендейді, оның алты түрі бар. Салмағы — 200кг., ұзындығы – 160 - 168 см., тұрқы – 160 см, жылына 1 қозықа туады.
Бағалау.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үй тапсырмасын беру.
Үйге мәтінді оқып, мазмұндап, тапсырмаларға жауап береміз.
Қорытынды.
Осымен сабағымыз аяқталды,
- Сау болыңдар!
13 371
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аңдар қалай қыстайды?
Аңдар қалай қыстайды?
Табиғатты, аңдарды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу;
Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»
Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»
Жазушы өмірін еске түсіре отырып мағлұмат беру, мәтіннің негізгі идеясын ашу, оқушының оқу дағдысын қалыптастыру
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым. Оқушыларды қоршаған ортаны ластамауға өсімдіктерді қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Оқушыларды мазмұның түсініп өз тілдермен сөйлеп үйрету. Жабайы және үй жануарлардың айырмашылығын салыстыра білу. Тіл байлығын арттыру. Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Мәтіннің мазмұнын, негізгі идеясын ашу. Байланыстырып сөйлеу дағдысы мен қоршаған тірі табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.
Қамқорлық
Қамқорлық
Бастауыш сынып мұғалімі Сауле Айдарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×