Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арқарға үлкен мүйіз неге керек?

27 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: К. Сегізбаев. Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын, негізгі идеясын ашу. Байланыстырып сөйлеу дағдысы мен қоршаған тірі табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.
Оқыту нәтижесі: 1. Мысалдың идеясын ашады.
2. Байланыстырып сөйлеу дағдысы мен қоршаған ортаға деген қызығушылығы артады
3. Бірлесіп жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
4. Өздері білетін мәліметтермен бөлісіп үйренеді.
5. Аңдарды салыстырып, олардың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтай алады.
Түйінді идеясы:
Әдіс - тәсілдер: Топтастыру, ББҮ әдісі, ой қозғау, АКТ, ЖИГСО әдісі, Венн диаграмма

Жүру барысы:
1. Психологиялық тренинг
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан.
Амансыз ба, қонақтар.
Амансыз ба, мұғалім!
Сәлем көрші, сәлемімді қабыл алшы,
Жабырқамай күлімдеші, тамаша күн бүгін деші.
2. Топқа бөлу.
Аңдардың суреті арқылы топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасы: Б. Соқпақбаев. «Қамқорлық»
Балалар үйге берілген мәтіннен өз түсінгендерін баяндайды.
Мәтінге жоспар құрады.
1. Жанталасқан торғай.
2. Жантастың жауыздығы.
3. Қамқоршы Қожа.

ІІІ.. Қызығушылығын ояту
1. Жұмбақ шешу
Жақпар тастың өркешiне,
Секiредi құламай.
Қия құздың өр төсiне,
Орғып шығар ол оңай. (Арқар)

2. Ой қозғау
Арқар жайлы не білеміз?

Арқар – әдемі, тауда жүреді, ешкіге ұқсас аң,
Тауда жүреді жүйрік,
көде, бидайық, қоңырбас, бетеге, қияқ, күйреуік, жусан
мүйізі үлкен, сүтқоректі

3. Бейнетаспаны қарау
Арқар туралы бейнежазбаны қарау ұсынылады. Бейнежазбаны қарап арқар туралы топтастырған мәліметті толықтырады
4. Ой шақыру
- Арқарға үлкен мүйіз неге керек" деп ойлайсыңдар?
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
- Олай болса біз бүгінгі сабақта Кәдірбек Сегізбайдың "Арқарға үлкен мүйіз неге керек" мәтінімен танысамыз. Кәдірбек Сегізбай туралы білетіндеріңіз бар ма? (Мәлімет бере кету)

ІҮ. Жаңа мағынаны тану
1. Автор туралы мәлімет
Кәдірбек Сауырұлы Сегізбаев 1941 жылы туылған. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жарсу ауылы. Жазушы. 1995 жылдан "Атамүра" баспасының бас редакторы. Зайсан қаласындағы М. Әуезов атындағы қазақ орта мектебін бітірген соң екі жылдай туған ауылында тракторист, тәрбиеші, комсомол ұйымының хатшысы болып жұмыс істеген.
2. ЖИГСО әдісі
ЖИГСО әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасау.
Мәтінді 3 бөлікке бөлдім, топта 3 - еуден тұрады.
1. Орманға жиналу.
2. Жолда.
3. Атасының тапсырмасы.
4. Қошаның ізденісі.
5. Тағы да орманда.
6. Шешімнің табылуы.
Топтасады, сараптау топтарына бөлінеді, талқылайды, түсіндіреді, үйретеді, сұрақтар қояды. Презентация жасайды.
3. ББҮ әдісі
Мәтінді оқып, "ББҮ" сызба әдісін қолдану

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 425
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» мәтінін түсініп оқуға үйрету. Мазмұнын негізгі идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Табиғатты қорғауға түсінік жасау.
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Ресейдің ауыл шаруашылығы мен көлік географиясының дамыған басты салалары туралы білу. Өсімдік және мал шаруашылығының таралу ерекшеліктерін түсіну.
Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Оқушыларды мазмұның түсініп өз тілдермен сөйлеп үйрету. Жабайы және үй жануарлардың айырмашылығын салыстыра білу. Тіл байлығын арттыру. Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Баяндауыш
Баяндауыш
Баяндауыштың анықтамасын түсінеді. Баяндауыштың құрылысына қарай жіктей алады. Баяндауыштың қандай сөз таптарынан жасалатынын анықтай алады. Мәтіннен баяндауыштың жасалу жолдарын түсіндіреді. Сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді талдайды.
Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Қарағанды қаласы, №21 негізгі мектепте бастауыш сынып мұғалімі Базылова Данагүл Дюсенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×