Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әріпті өрнектерді салыстыру (есептемей салыстыру)

11 мам 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 1 сынып
Әріпті өрнектерді салыстыру (есептемей салыстыру)
Тақырыбы: Әріпті өрнектерді салыстыру
(есептемей салыстыру)
Мақсаты:
- білімділік: әріпті өрнектер туралы түсінігін кеңейте түсу, әріпті өрнектерді есептемей салыстыруға үйрету, «артады», «кемиді» ұғымдарын енгізу;
- дамытушылық: қосу, азайту амалдарының компоненттерін талдай білу машығын арттыру, 10 көлеміндегі кестелік қосу, азайтуға қатысты төрттік мысал құрастыру дағдысын жетілдіру;
- тәрбиелік: көркем жазуға баулу, қалыптан тыс ойлауға үйрету, табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу.
Қолданылған құрал - жабдықтар: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Көркем жазу 2 2 2 2 2 2 2

III. Ой ширату
а) 3+2
2+3
6 - 5
10 - 8
4+5
8 - 6
1+8
9 - 7
6+4
3+7
10 - 8
8 - 2
а+7=8
8 - а=2
3+а=9
□+1+3=6
7+□+1=8

ә) 3 - ті 5 - ке арттыр, 8 - ді 2 - ге кеміт, 6 - ны 3 - ке кеміт, 6 - ны 3 - ке арттыр.
IV.- Сүйінші деген не? Сүйінші қай кезде сұралады? Олай болса тақтаға қарайық..
- Құстар бізден сүйінші сұрай келіпті. Олардың бізге ала келген тапсырмалары бар екен. Орындаймыз ба?
А)- «Көктем» сөзі мен 2+4=6 өрнегінің арасында қандай байланыс бар? 2 дауысты+4 дауыссыз=6 дыбыс(әріп)
- Қосудағы сандар қалай аталады? 2 қосылғыш, 4 қосылғыш,
6 қосындының мәні.
В) Берілген сөздердің көктемге қатысы туралы сұралады.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарға қатысты өрнектер құралып, мәні табылады.
Найзағай 8 - 3=5 азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні аталады.
Сиыр а+с 2+2, Ұя а - с 2 - 1, Нөсер а - в 5 - 2.

V. Оқулықпен жұмыс
1 - мысал
Қосылғыш ------------------ 3 3 3 3 3 3 3
Қосылғыш ------------------ 1 2 3 4 5 6 7
Қосындының мәні -------- 4 5 6 7 8 9 10

«Қосылғыштардың бірін арттырғанда қосындының мәні де артады»деген қорытынды жасалады.

Азайғыш 9 9 9 9 9 9 9
Азайтқыш 1 2 3 4 5 6 7
Айырманың мәні 8 7 6 5 4 3 2

«Азайтқыш артса айырманың мәні кемиді» деген қорытынды жасалады.

Азайғыш 4 5 6 7 8 9 10
Азайтқыш 2 2 2 2 2 2 2
Айырманың мәні 2 3 4 5 6 7 8

«Азайғыш артса айырманың мәні де артады» деген қорытынды жасалады.
VI. Жаңа тақырыпты түсіндіру
3+4 >4+2 бұл санды өрнектер
3+а > а+2 әріпті өрнектің мәні белгісіз болса да белгілі қосылғышқа қарап салыстырамыз 3>2, демек, 3+а артық
7 - 3 d - 3 себебі азайтқыш артса, айырманың мәні кемиді
VII. Бекіту
2 - мысал

а < а+3
b < b - 3
с+3 = 3+с
5 - c < 10 - c
с+1 a - 2

7. Ертеде әріптер мен сандар араз болыпты. Олар үнемі айтысып жүреді екен. «Біз болмасақ санау, қосу, азайту болмас еді»,- деп мақтанады сандар. Ал әріптер болса: «Біз болмасақ жазу, оқу болмас еді» - деп таласады.
Бір күні 3 саны мен З әрпі бірін – бірі көріп таң қалады. Қалай ойлайсыңдар? Олар неге таң қалды? (Олар бір - біріне ұқсайды)
Сол күннен бастап олар дос болып кетеді. Содан соң басқалары да достасады. Бәрі бірігіп «төрттік мысал» деген ойынды ойлап тауыпты.
8. Ендеше біз де сол ойынды ойнайық

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 403
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету; сандар, шамалар және санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау­ дағдысын дамыту; салыстыру нәтижесін салыстыру белгілерінің көмегімен жазу, есептеу дағды­ларын­ дамыту, сын
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Қосу мен алу арасындағы байланысты әріптік теңдік түрінде көрсету және қолдану
Санды және әріпті өрнектер
Санды және әріпті өрнектер
Санды, әріпті өрнектерді құру, оқу және жазу, салыстыру, олардың мәндерін табу біліктігін қалыптастыру; көбейту мен бөлу амалдарына байланысты есеп шығаруын біліктігін жетілдіру; талдай және салыстыра білу қабілетін дамыту.
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Оқушыларға теңдік, теңсіздіктер туралы түсінік бере отырып,, талдау, ынталарын арттырып, санды өрнектерді салыстыру және мәнін табу барысында есептеу тәсілдерін қолдануға жаттықтыру;
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету; сандар, шамалар және санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау­ дағдысын дамыту.
Тура және тура емес теңдіктер
Тура және тура емес теңдіктер
Тура және тура емес теңдіктер туралы білімдерін қалыптастыру, логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×