Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Әлімбаев Көктем" А. Асылбеков "Көктем келді"

23 мам 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты:
1. Білімділігі: Көктем табиғаты туралы, көктемгі табиғат пен адамзат, жан - жануарлар дүниесіндегі өзгерістер мен құбылыстар туралы тереңірек тоқталу.
2. Тәрбиелігі: Табиғат маусымын, көктем туралы көбірек білуге, оны сүюге тәрбиелеу.
3. Дағды: Мәнерлеп оқу, түсіну, өлеңді мазмұндап жазу, әңгіме құрастыру, танымдық, ой жалғау сұраққа жауап беру.
Көрнекілігі: М. Әлімбаев суреті, жеке, сюжетті суреттер, сөзжұмбақ

І. Ұйымдастыру
1. Психологиялық дайындық. «Көктем қандай тамаша!» деп, бір - біріне гүл ұсыну.
2. Өтілген бойынша сұраққа - жауап алу
І. Туған елім – Қазақстан
1. Кімнің өлеңі?
«Отан, Отан
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем»
2. Шөмеле деген не?
ІІ. Асыл сөз. «Жігіттің жақсысы» Әйтеке би айтқаны.
ІІІ. Адам болам десеңіз. Қалай басталады?
Мәтін деген не? Түрлері, құрылымын ата.
ІҮ. Еңбек түбі – береке. Кімнің өлеңі? «Жұмыстың жылуы». Қ. Мырзаәлі
Ү. Өнегелі өмір. 1. Қазақ батырларын ата: (Абылайхан, Бөгенбай, Наурызбай)
2. Өмірі өнегелі адамдарды ата: (Абай, Мұхтар)
ҮІ. Табиғат – тіршілік бесігі.
Ж. Жабаев. Алатау. Қазақстан таулары туралы мәнерлеп айтқызу, әңгімелеу.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Ш. Ахметов. Бұл қай кезде болады?
Қар, мұз еріп
Су көбейіп,
Сай - салада ағады
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып
Жер гүл шашақ тағады

Қой маңырап,
Төл жамырап,
Жайлау малға толады
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?

1. Көктем айларын ата: Наурыз, сәуір, мамыр.
2. Түсіндіру: Наурыз - көктемнің алғашқы айы.
3. Күн жады. М. Әлімбаев, Ә. Асылбеков. «Көктем келді»
4. Сөздік жұмысы: суат _ _ _ _ _ _, ебелек _ _ _ _ _ _
5. Мәнерлеп оқып беру.
6. Іштей оқыту, танысу.
7. Тізбектей мәнерлеп оқыту.
8. Ән орындату: (хормен). «Келді көктем далаға»
9. «Көктем келді» Өлеңді мазмұндап жазу.
10. Жұмбақ шешу.

Ой жалғау стратегиясы
1. Қанатсыз құс маңып барады
Көзінен жас тамып барады. (Жаңбыр)

2. Өз атын өзі шақыратын құс. (Көкек)
3. Сәуір болмай,......
4. Жыл құстары дегеніміз не?

11. Өлеңді мазмұндай айту. Ауызша.
Ә. Асылбеков. «Көктем» өлеңі.
12. Сөзжұмбақ «Көктем»
1. Адамның дене мүшелері
2. Су аты
3. Су аты
4. Жасы үлкен ер адам
5. Ең жақсы баға
6. Ең мықты ағаш
к
ө
к
т
е
м
12. Танымдық сұрақтарға жауап алу.
Сен білесің бе?
1. Ұша алмайтын құстар? (Пингвин, түйеқұс)
2. Ең терең көл? (544 өзен, көл құяды Байкал көлі).
3. Ең үлкен құс? (салмағы 100 кг Африка түйеқұсы, жұмыртқасының салмағы - 2 кг)
4. Дүниедегі ең кішкентай құс? (салмағы - 2г – Калибри).
ІҮ. Қорытындылау, бекіту.
1. Оқулық бойынша сұраққа жауап алу.
2. Есте сақтап айту. Ә. Асылбеков.
«Көктем келді».
Мамыр келді
Тал, теректер түрленіп
Жапырағын жайды енді.
3. Есіңде ұста:
І. 6 ереже:
1. Гүлді үзбе!
2. Құстың ұясын бұзба.
3. Орманда от жақпа.
4. Құмырсқаның илеуін бұзба.
5. Көкті жұлма.
6. Суды ластама.
ІІ. 1 Абай. 19 - шы сөз
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап алу, өтілгендерді қайталап жүру.
9 459
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Ақын Қасым Аманжолов туралы мағлұмат ала отырып «Көктем» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсініп, өлеңдегі негізгі ойды ашады, қорытынды жасай білуге үйренеді
Көктем келді. М. Әлімбаев
Көктем келді. М. Әлімбаев
Бастауыш сынып мұғалімі Чалбасова Жанар Мырзатайқызы
Көктем
Көктем
8 - сынып оқушысы Абдраманхан Марат
Көктем келді Мұзафар Әлімбаев
Көктем келді Мұзафар Әлімбаев
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы, №49 орта мектеп мұғалімі Дәрібаева Нұржамал
Қасым Аманжолов «Көктем»
Қасым Аманжолов «Көктем»
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Уапова Жаңылсын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×