Көктем келді. М. Әлімбаев
Бастауыш сынып мұғалімі Чалбасова Жанар Мырзатайқызы
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Көктем келді. М. Әлімбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:«Көктем келді»өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру, өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, талдау, салыстыру, өз беттерімен ойлау дағдыларын дамыту, жүйелі мәнерлеп сөйлей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, бірін - бірі сыйлауға, табиғатты сүйіп, аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Cұрақ - жауап, түсіндіру, ой қозғау, тірек сызба
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, ақындардың портреті, тірек сызба, сөзжұмбақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі
Күтілетін болжам: Жаңа сабақты меңгереді, М. Әлімбаевтың өмірбаянымен танысады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.
Сыныпты үш топқа бөлу:
1) « Жауқазын»
2) «Бәйшешек»
3) «Қызғалдақ»
Әр топ өз аттарын 1 шумақ өлеңмен қорғайды.
1 - топ. Жауқазын.
Жасыл дөңге, көк белге,
Жаңбыр төгіп өткенде,
Жауқазындар бүр жарып
Құлпырады көктемде.
2 - топ. Бәйшешек.
Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
3 - топ. Қызғалдақ.
Ақ жаңбырға шомылып,
Туған жердің алабы,
Қызғалдаққа көміліп,
Көздің жауын алады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Әр топтан 1 оқушыға Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңін мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау, сұрақ қою арқылы білімдерін бағалау.
– Өлеңнің мазмұны кім жайында?
– Өлеңдегі негізгі ой не?
– Өлеңде жылдың қай мезгілі жайлы айтылады?
- Сурет бойынша көктемгі еңбек түрлерін ата.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сөзжұмбақ шешу.
- Мына суреттердің бірінші әрпін алып сөз құрасаңдар, бүгін танысатын өлеңнің аты шығады.
К - көбелек К - көкек
Ө - өрмекші Е - елік
К - көгершін Л - лақ
Т - түлкі Д - дуадақ
Е - ешкі І - ін
М - мысық
Сөзжұмбақтың шешуі: Көктем келді
Сергіту сәті: Аспанға қарап ай көрдік, төменге қарап жер көрдік
Оңға, солға бұрылып, егеменді ел көрдік.
Бір, екі, үш, бойға жинап күш!
Айтқан тілді аламыз, біз бақытты баламыз!
- Бүгін Мүбарак Жаманбалинов пен Мұзафар Әлімбаевтың «Көктем келді» өлеңдерімен танысамыз.
а/ Автормен таныстыру:
Мүбәрак Жаманбалинов - 1924 жылы Павлодар облысының Железинка ауданындағы Тәттімбет деген ауылда туған балалар ақыны.
ә/ Өлеңді әр топқа мәнерлеп оқыту.
І топ.- Өлеңді жазған кім?
ІІ топ. – Өлең жылдың қай мезгілі жайлы?
ІІІ топ. – Өлеңнің мазмұнына сай қандай ат қоюға болады?
б/ Өлеңге сай қимыл қозғалыс жасау.
- Келесі танысатын өлеңіміз Мұзафар Әлімбаевтың «Көктем келді» өлеңі.
а/Автормен таныстыру:
Мұзафар Әлімбаев - 1923жылы 29 қазанда Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында туған жазушы, ақын. 300 өлеңіне ән жазылған. Өлеңдері 38 тілге аударылған.
ә/ Өлеңді мәнерлеп оқу.
б/ Әр шумақты жеке - жеке оқытып, айтылып тұрған ойды таптыру.
в/ Өлеңді әр топқа дауыстап оқыту.
г/ Өлең соңындағы тапсырмаларды орындау:
1 - тапсырма. Көктем белгілері:
І топ. Күн жылуынан көлдің мұзы, жердегі аппақ қар ериді.
ІІ топ. Аспанда күн күркіреп, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады.
ІІІ топ. Ағаштар бүршік жарады, құстар келеді. Жердің беті кілем төсегендей құлпырады.
2 - тапсырма. Екі өлеңді салыстыру.
Шығармашылық тапсырма:
І топ. Слайд бойынша « Көктем келді» тақырыбына эссе жазу.
ІІ топ. 5 жолды өлең құрастыру.
ІІІ топ. Көктем тақырыбына сурет салу.
ІҮ. Сабақты қорыту:
І топ. М. Әлімбаевтың 1 өлеңін жатқа айту.
ІІ топ. Абай атамыздың «Жазғытұры» өлеңін жатқа айту.
ІІІ топ. Қазақтың Жаңа жылы қашан тойланады? Наурыз көже қалай жасалады?
Ү. Үйге тапсырма:
М. Жаманбалинов пен М. Әлімбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу, жатқа айту.
Бағалау.

Жаңалықтар
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Шөптегі шық қандай болады
Көктем туралы ұғымдарын кеңейту, шығармашылық жұмысқа жетелей отырып, көркем сөйлей білуге үйрету.
"Қызыл шұнақ" Сәкен Сейфуллин
Қызыл шұнақ өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру. Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Ақын Қасым Аманжолов туралы мағлұмат ала отырып «Көктем» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсініп, өлеңдегі негізгі ойды ашады, қорытынды жасай білуге үйренеді
Анаға сыйлаймыз А.Бақтыгереева
Анаға сыйлаймыз өлеңін мазмұны мен мағынасына түсінік беру өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету
Көктем келді Мұзафар Әлімбаев
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы, №49 орта мектеп мұғалімі Дәрібаева Нұржамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.